22:35
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз...

* * *

Әлемдік нарықта 90 жылдық тәжірибесі бар Toyota компаниясының жетістік құпиясы

⚫️ Toyota Motor Corporation – жапондық ірі авто өндіруші. Штаб-пәтері Жапониядағы Тойота қаласында орналасқан. Бүгінде автокөлік сатылымы бойынша алғашқы орынды иеленеді. Нақтырақ айтсақ, жылына 5,5 миллион көлік шығарады. Бұл шамамен әр алты секунд сайын 1 көліктен келеді. 2002 жылы Тойота компаниясы алғаш рет  Formula 1 көліктер бәйгесінде төбе көрсетті.

◼️Тарихы қалай басталды?

Компания 1933 жылы тоқыма станоктарын дайындаумен айналысатын Toyoda Automatic Loom Works зауытының бөлімшесі ретінде құрылды. 1929 жылы Киичиро Тойода Еуропа мен АҚШ-қа машина өнеркәсібімен танысуға сапарға аттанады. 1930 жылы компания иесі Сакичи Тойоданың ұлы Киичиро Тойода америкалық үлгімен бензинді қозғалтқышты автомобильдер шығара бастады. Оның бірқатар өзгерген тегі фирманың сауда маркасы болды.

Жапония Үкіметі Toyoda Automatic Loom Works компаниясының бұл бастамасын қолдады. 1934 жылы компания бірінші рет А типтегі қозғалтқыштағы жолаушы тасымалдайтын автомобиль шығарды, осы модель 1935 жылдың 1 мамырында пайдалануға берілді, осы жылы G1 жүк машинасы тамыз айында қолданысқа енді. АА маркалы көлігінің өндірісі 1936 жылы басталды. Алдыңғы моделдер Dodge Power Wagon и Chevrolet моделдеріне ұқсас болды.

Компанияға неліктен Тойота атауы берілді?

Toyota Motor Co 1937 жылы өздігінен қызмет атқаратын компания болып негізделді.

Компанияны құрушының тегі “Тойода” болып аталатынына қарамастан, компанияға “Тойота” аты берілді. Өйткені, Жапонияда 8 саны сәттілік әкеледі деп саналады, ал катаканамен жазылған “Тоёта” атауы дәл 8 сызықтан тұрады.

⚫️ Екінші дүниежүзілік соғыстың компанияға әсері

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде компания Жапония императорлығына жүк тасымалдаушы көлік шығарумен айналысты. Сол кездегі қатаң тапшылықтан Жапонияның әскери жүк тасымалдаушы көлігі ең оңай нұсқада, мысалы, бір ғана фарасымен жасалды. Кейбіреуінің ойынша соғыстың жылдам аяқталғаны Аичи қаласындағы Toyota зауытын бомбылаудың әсерінен болды деп санайды.

Toyota Motor Corporation соғыстан кейін 1947 жылы коммерциялық жолаушы тасымалдайтын көлік SA моделін шығарды. 1950 жылы Toyota Motor Sales Co атаулы сатумен айналысатын жеке компания құрылды. 1956 жылы сәуірде Toyopet делдалдық жүйе құрылды. 1957 жылы Toyota Crown Америкаға экспортқа жіберілетін алғашқы жапондық автомобиль болды.

Тойота 1960 жылы жылдам қарқынмен кеңейе бастады. Ең алғашқы “Тойота” маркалы автомобиль Жапония аумағынан тыс 1963 жылы Аустралияның Мельбурн қаласында конвейерден шығарылды.

2009 жылдың мамыр айында компания қаржылық келеңсіздікке ұшырады. Бұл 1950 жылдан бастап болмаған еді.

Toyota Production System компания менеджментінің жетістікке жетудегі 14 қағидасы

️Қысқа мерзімді қаржылық келеңсіздікке қарамастан, басқарма шешімін ұзақ мерзімге қабылдау.

️Үзілмейтін ағым процессі түпкі мәселені шешуге көмектеседі.

️Қайта шығаруды болдырмау үшін “Тартылу” сұлбасын пайдалан. Тұтынушы қажетті сұрансын өз мерзімінде және өзінің қажетті санында алу үшін, өндіріс жұмысын сапалы ұйымдастыруды қажет етеді.

️Жұмыс көлемін түзе. Дұрыс, үнемді өндірісті құру және сапалы қызмет көрсету үшін - түскен тапсырысқа қарамастан өндіріс графигін дұрыс құру қажет.

️Сапа қажет етсе, өндірісті тоқтат.

️Стандартты есептер мен қызметкерлердің толық өкілеттілігі тоқтаусыз кемелдену негізі.

️Бір де бір мәселе байқаусыз қалмау үшін бақылау жасап тұр.

️Сенімді, сынақтан өткен технологияны пайдалан.

️Өз ісін толық меңгерген және де басқаларға да үйретеді деген оймен көшбасшыларды тәрбиеле.

️Өз серіктестерің мен мердігерлерді сыйла, оларға қиын сауал қой және орындалуына көмектес.

️Жағдайды шешкің келсе, оған өз көзіңмен қара .

️Барлық жағдайды ойлап, өлшеп барып шешім қабылда.

️Өз компанияңды талмай үйренуші жетілген және қорытынды жасалған ұйымға айналдыр.

️Қажырлы еңбек - бәрін жеңбек.

* * *

“Фэн-шуй” ілімі адам өміріне қалай әсер етеді?

Жақында халықаралық фэн-шуй күні аталып өтті. Осы тұста, көпшіліктің сұранысы бойынша аталмыш ілім туралы толық ақпарат беруді жөн санадық. Жалпы, “Фэн-шуй” адамды сыртқы әлеммен үйлесімді өмір сүруге үйрететін ежелгі даосизм ілімі. “Фэн” -  “жел”, ал “шуй” - ағындар деген мағынаны білдіреді.

Бұл тәжірибенің негізі - адам мен табиғат арасындағы энергия алмасудағы тепе-теңдікті сақтау. Ілімнің қалыптасуы 3500 жылдан асады.

⚫️ Фэншуй әдісі ғылыми түрде дәлелденбесе де, оны жақтаушылар киім, тамақ, баспана және көлікте маңызды фактор деп санайды. Мысалы, көптеген қытайлық үйлеріне жөндеу жұмысын жүргізгенде фэн-шуй ілімін ескереді.

Ендеше фэн-шуйдағы кеңестерге тоқталып өтейік.

️Жатын бөлмеге айна қоймаңыз

Бұл ілім бойынша жатын бөлмедегі айна әйел мен еркек энергиясы, яғни инь мен янь арасында кедергі тудырады. Егер ұйқыдағы адам айнаға қарап жатса, бұл қарым-қатынастағы қиындыққа әкелуі мүмкін. Сол себепті айнаның тұруы түрлі келеңсіздікке жол ашады деген түсінікке келеді.

️Үйді таза ұстаңыз

Фен-шуйдің басты ережелерінің бірі - үйді жинау арқылы ой-сананы қалыпқа келтіру. Себебі шашылып жатқан заттар арасында өмір энергиясы қозғалыссыз болады. Сәйкесінше ол  дамымай, теріс күшке айналады. Айналаңыздағы хаос ішіңізде бейберекеттікті тудырады. Жиналмаған ас үй байлықты қашырады, кір ванна сәттіліктен алыстатады, шашылған кіреберіс ішкі жан-дүниеге тыныштық бермей, кір қонақ бөлме жалғыздыққа әкеледі. Өмірдегі кез келген қиындықты шешпес бұрын, үйіңізді жинап, реттеген жөн.

️Жатын бөлмеге техникалық зат қоймаңыз

Мұның тағы да бір ережесі - жатын бөлмеге техника қойылмағаны дұрыс. Ұйықтайтын жерде әйел, яғни инь энергиясы басым болуы тиіс. Ашық түстер, жайлы жарықтандыру, жұмсақ төсек-орын. Ал компьютер, теледидар, телефон сынды техника бұйымдарында янь энергиясы басым. Ол сізге жұмыс күнінен кейін күшті толыққанды қалпына келтіруге мүмкіндік бермейді. 

️ Үйге таза ауа мен күн көзін кіргізіңіз

Үйді жиі желдету жағымды ци энергиясының келуіне әсер етеді, өміріңізге гармония әкеледі делінген фен-шүй ережелерінде.

️Ескі әмияннан бас тартыңыз

Әяминнің ескі не сізге дейін қолданылған болуы теріс энергия шақырады. Сол себепті, ең әуелі, ішіне емес әмияннің өзінің сапасына мән берген жөн. Ақшаны өзіңізге тарту үшін оған осы іліммен ерекше ілтипат көрсетіңіз.

* * *

Көшпенді қазақ экономикасы: Бай көпестердің қолды еткен тауарлары қандай?

⚫️ XIX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан Ресейдің Орта Азиямен сауда-саттық жасауында аралық транзиттік маңыз алды. Орта Азия мен Қытайға баратын керуен жолдары Қазақстанның аумағын Орынбор, Троицк, Петропавл, Семей арқылы басып өтті.

◽️ Орта Азиямен жүргізілетін сауда керуенінде жыл сайын 5, 6 мың түйеге артылған жүк тасылды. Патша үкіметі Орта Азиядан мақта, жібек мата, елтірі және түрлі кілемдер алып тұрды.

◽️ Орта Азиямен сауда негізінен татарлар мен ортаазиялық көпестердің қолында болды. Егер бұрынғы кездері сауда-саттық тек қалаларда жүргізіліп келген болса, енді ол қаладан тыс жерлерде де ұйымдастырыла беретін болды.

◽️ Сауда айналымының көлемі әлдеқайда арта түсті. Бірте-бірте уездік қалалардың өздері де ірі-ірі сауда орталықтарына айналды.

◽️ Сауда өзінің даму барысында бірте-бірте ақшалай түрге ене бастады. Мемлекеттік қазына Орта Азия көпестерінен алынатын алым-салық есебінен едәуір байыды.

◽️Көпестердің саны да арта түсті.

XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ өлкесіндегі сауда-саттықтың ел аралайтын, тұрақты және жәрмеңкелік түрлері пайда болды.

◽️Ел аралап жүріп айырбас сауда жасаумен орыс, татар және Орта Азия көпестері айналысты. Олар көшпелі және жартылай көшпелі халыққа күнделікті қажетті тауарлар сатты. Оны малға немесе мал өнімдеріне айырбастады. Ондай көпестер қазақ даласынан үйір-үйір жылқы айдап қайтып жүрді.

Сонымен қатар жүн мен майды қажетінше сатып алды. Бұл өнімдер Троицк, Орынбор, Ор, Петропавлдың және Омбының зауыттары мен базарларындағы алыпсатар саудагерлерге үстеме бағамен өткізілетін.

◽️ Ал алыпсатар саудагерлер өз кезегінде ол өнімдерді Ресей базарларында сататын, тіпті шетелдерге де асырып жіберетін. Бұдан екі арадағы делдалдар мол табыс табатын.

* * *

Жаңа кинолар хақында

"Біз екеуміз" комедиясы. Дарын әйелдің рөлін керемет сомдайтын талантты театр актеры. Бірақ қанша жерден мықты актер болса да, сахна сыртындағы өмірінде проблемасы көп. Жақын досы жоқ, туыстарының атынан кредит алған, таныстарының бәрінен  қарыз алған лудоман. Кезекті спектакльден кейін қайтқан Дарынды үйінің алдынан қарызын сұрап Қанат күтіп алып, оны қорқытып ақшасын қазір қайтаруын сұрайды. Басты кейіпкер импровизациясының арқасында қарыз қайтаратын уақытты тағы бір күнге создырып алады. Көмек сұрайтын ешкімі қалмағандықтан,  Дарын хэд хантингте жұмыс істейтін әпкесіне барады. Көмек беруден шаршаған әпкесі өз проблемаңды өзің шеш деп бас таратады. Тығылатын жер таппай әпкесінің журналынан “сиделка керек” деген заказдың номері мен адресін ұрлап кетеді. Басты рөлдерде: Дәурен Серғазин, Гүлназ Жоланова, Ерболат Әлқожа, Шерхан Пирназар, Шамшакүл Меңдияр.

"Laula" мотивациялық фильмі. Лаура - аңқау әрі сенгіш қыз. Оның бұл мінезі ата-анасынан дарыған. Олар өздерінің адалдығы мен аңқаулығының арқасында түрлі адамдардың опасыздығына тап болады. Ақшаның жетіспеушілігі, жұмыс тапшылығы. Ертең не киеміз, не жейміз? Жыртығымызды қалай жамаймыз? Бұл отбасының күнделікті уайымы - осы. Қиындықтарға шыдамаған Лаура үлкен шешім қабылдайды. Тіпті ол шешімі әкесі мен Лаураның арасында үлкен келіспеушілік тудырады. Өмірдің осындай ауыр сынақтарын Лаура жеңе алды ма? Оны күнде мазалайтын “Бақыт деген не өзі?” деген сұрақтың жауабын тапты ма? Әкесімен арасындағы келеңсіздікті қалай шешті? Басты рөлдерде: Лаура Лесбек, Амангелді Аққұлиев, Қылышбек Қасымбеков, Жәудір Сарыпбекова. Жас рейтингі: 16+

"По Фрейду" драмасы. Психоанализдің негізін қалаушы Зигмунд Фрейд соңғы сессияларының бірінде ғаламның басты құпиясы туралы пікірталас жүргізу үшін “Нарния шежіресі” сериясының болашақ авторы Клайв Стейплс Льюиспен кездеседі. Басты рөлдерде: Энтони Хопкинс, Мэттью Гуд.

Жас рейтингі: 16+               

"Город тайн: Исчезнувшая" триллері. Бес қыз корпоративтік тимбилдинг ұйымдастырып, тауға аттанады. Квест барысында олардың біреуі із-түзсіз жоғалып кетеді, ал басқалары бір нәрсені жасыратыны анық. Федералды агент Аарон Фальк жергілікті тергеуге көмекке келеді. Алайда ол мәселеге неғұрлым тереңірек үңілсе, соғұрлым үлкен түсініктер пайда болады. Басты рөлдерде: Эрик Бана, Анна Торв.

Жас рейтингі: 16+               

"Падение империи" боевигі. Калифорния мен Техастың Ұлттық гвардиясы әскери техника мен ұшақтардың қолдауымен астанаға шабуыл жасайды. Ақ үй құлағалы тұр.

Басты рөлдерде: Кирстен Данст, Вагнер Моура.

Жас рейтингі: 16+               

"Эбигейл" қорқынышты фильмі. Қылмыскерлер тобы қылмыстық әлемнің белді мүшесінің 12 жастағы балерина қызын ұрлап кетеді. Жеке сарайда жасырынған олар қыздың ықпалды әкесі олардың басты проблемасынан алыс екенінен хабарсыз. Басты рөлдерде: Кэтрин Ньютон, Дэн Стивенс.

Жас рейтингі: 21+               

"Паутина страха" қорқынышты фильмі. Калебу жәндіктерді жинап, оларды пәтерінде ұстайды. Бұл әдеті оның сүйіктісін ашуландырып, көршілерін қорқытады. Бір күні коллекциясында пілді бір тістеп өлтіре алатын ерекше өрмекші пайда болады. Басты рөлдерде: Тео Кристин, София Лезафр.

Жас рейтингі: 16+               

"Собачья жизнь: Друзья навек" отбасылық мелодрамасы.Бір отбасы күтпеген жерден қиындыққа ұшыраған кезде, Кола есімді сүйкімді күшік көмекке келеді. Жаңа дос өмірге жаңа дем беріп, адамдарға шынайы сүйіспеншілік пен адалдықты үйрете алады. Басты рөлдерде: Ян Ни, тан Сунгюн.               

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 41 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: