23:36 Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз... |
* * * Глоссофобияны жеңіп, жетістікке жетудің 7 жолы - Дейл Карнегиден кеңес Дейл Карнеги — америкалық педагог, психолог, жазушы. Оның өз бетінше жетілу туралы көптеген психологиялық курстары мен кітаптары әлемге кеңінен танылып, әлі күнге дейін сұранысы жоғары. Ендеше қоғам қайраткерінің көпшілікке пайдасы тиетін кеңестерін ұсынамыз. Ақпаратқа көз салып, жетістікке бір табан жақындауға мүмкіндік алыңыз. ☝ Глоссофобияны қалай жеңеміз: Сөз сөйлеуге қалай дайындалу керек? ️ Көпшілік аудиторияның алдына шығып, сөз сөйлеу көптеген адамның үлкен фобиясы. Алайда қорқыныштың себептерін анықтамаса, одан айығу қиынға соғады. Тіпті қарапайым тілек айту барысында қысылып, өз ойын жеткізуге қысылатындар да кездеседі. Ендеше назарларыңызға Дейл Карнегидің “Шешендік өнер негіздері” кітабынан бірнеше кеңес ұсынамыз.☝ Сөз сөйлеге қалай дайындалу керек? Ең алдымен төмендегі сұрақтарды өзіңізге қойыңыз: 1️⃣ Менің сөз сөйлеу кезінде қиындықтарым қандай, бұл оқуға не береді? 2️⃣ Маған ел алдында сөз сөйлеудің реті келді ме? 3️⃣ Егер келсе, қашан? 4️⃣ Қалай дайындаламын? 5️⃣ Қызметте, өмірдің басқа салалаларында өзіне деген сенімділіктің, нанымның, ұстамдылықтың арқасында жетістікке жеткен адамдарды танимын ба? 6️⃣ Осы қасиеттері болмағандықтан жетістікке жете алмағна адамдарды танимын ба? ️ Егер аудитория алдында 2-3 минут тоқтамай сөйлеп, анық ойыңызды жеткізе алсаңыз, онда алғашқы жетістік - осы. ☝Мен неге шешендік өнерді үйренуге шешім қабылдадым? Осы тақырып төңірегінде әңгіме өрбітіңіз. Егер кәсібіңіз туралы айтуды жөн санасаңыз, онда қалай дайындалар едіңіз? Бұл тақырыпқа қатысты ақпарат көп. Енді соны іріктеп алып, бір жүйеге келтіруіңіз керек. Оның бәрін айтып шығуға тек 3 минут беріледі. Алайда ақпаратты тек 3 минутқа сыйдыру мүмкін емес. Сондықтан тақырыптың тек бір ғана аспектісін алып, соны ғана ашып көрсетуге тырысыңыз. Мәселен, неліктен дәл осы бизнесті таңдадыңыз және осы кәсіпті неге таңдағаныңыз жөнінде айтқаныңыз жөн. Адамдарға қарапайым баяндалған және мақтанбай, жалған намысын тықпыламай сөйлейтін жандардың шынайы өмірден алынған оқиғалары қызықтырады. Немесе жұмысыңыздың өзге бір аспектсінін алыңыз. Мысалы, осы салаға қызығатын жастарға қандай кеңес берер едіңіз? Жұмыс барысында кездескен жақсы не жаман адамдар туралы не айтуға болады? Әріптестеріңізбен қарым-қатынас жасау кезінде қандай қиындықтарға тап болдыңыз? Егер бизнесіңіздің теникалық жағы туралы айтатын болсаңыз, ол көпшілігін қызықтырмауы мүмкін. Алайда адамдар туралы айтатын болсаңыз, ол көпшілігін бейжай қалдырмайды. Ең бастысы әңгімеңізді абстарактілі уағызға айналдырып жібермеңіз. Сөйлеген сөзіңіз жанды мысалдар мен жалпы жағдайдан тұратын ақпараттардан тұрғаны жөн. * * * Көшпелі қазақтың өзге елдермен қарым-қатынасы қалай өрбіді? Халықаралық сауда байланысы көшпенділер экономикасына айтарлықтай әсерін тигізді. Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу арқылы өтті. Мұнда Суяб, Тараз және Испиджаб қалалары арқылы өтетін бөлігі суреттеледі. Ал Испиджабта солтүстік-батыс жақтағы Фарабқа, Шауғарға және одан әрі Сырдарияның төменгі ағысы мен Орталық Қазақстан даласына кететін тармақтары шыққан. Сауда түрік аксүйектеріне едәуір пайда келтірді. Атап айтқанда, олар үшін қолға түскен олжаны сатуға мүмкіндік болды. ◼️ 567 жылдың өзінде-ақ Иштеми-қағанның сауда ісін жолға қою үшін Иранға екі рет елші жібергені кездейсоқ емес. Елшілік табысқа жеткізбеді. Сонда қаған Византияға да елші жіберді. Бұл жолы елшілік сапар сәтті аяқталып, екі мемлекет арасында сауда-саясат одағы жасалды. Осылайша Қытайдан жібек, қағаз, айналар әкелінді. Орта және Таяу Шығыстан, Византиядан Қытайға опа-далап, вавилон кілемдері, асыл тастар, інжу-маржандар, шыны, маталар апарылып отырды. Ал соғдылықтар күміс бұйымдар, тұрлі түсті шынылар, дәрі-дәрмек және бояу заттарын, кілемдер шығарып, сатумен айналысты. Византиядан, Соғдыдан, Қытайдан және басқа елдерден шыққан әсемдік заттарының бір бөлігі түрік шонжарларының ордаларында, қала тұрғындарының үйлерінде қалып отыратын. ◼️ Көшпелілермен айырбас сауда Испиджаб, Отырар, Тараз, Суяб қалаларында жиналатын жәрмеңкелерде жүзеге асты. Жетісудың оңтүстік-батысында маңызды сауда орталыгы Тараз болды. Ол жөнінде деректемелерде «көпестер қаласы» деп айтылады. Шу аңғарында Суяб осындай қала болды. Онда «түрлі елдердің саудагерлері аралас тұрады», ал қала тұрғындарының жартысы көпестер еді. ◼️ Халықаралық және аймақаралық саудада Қытайда (Тан әулеті), Соғдыда, Шағада, Ферғанада, Бұхарада (штрифи үлгісіндегі) соғылған теңгелер пайдаланылды. VI - VIII ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда жаппай өз теңгелерін соғу басталды. Олардың бір бөлігі халықаралық және аймақаралық саудада қолданылса, басқалары жергілікті саудада ғана қолданылды. * * * Өміріңізге жаңа серпін беретін 7 әдет Өмірде кез келген адам өз биігін қалыптастыруды армандайды. Алайда оған бірі жетсе, бірі орта жолдан тоқтап, үмітсіз күй кешеді. Ал табысты адам болу жолында оның зейнетіне жету үшін бейнетін де бастан кешіруге дайын болуыңыз керек. Ендеше бүгін өзіңіз қалаған жетістік шыңына жетіп, биік белесті бағындыруыңызға арналған жеті әдет жайлы сөз қозғаймыз. 1️⃣ Кітап оқуды жаныңызға серік етіңіз. Кітап оқу арқылы сіз жаңа әлемнің есігін ашасыз. Сәйкесінше ойлау қабілетіңіз артады. Мейлі көркем әдеби, мейлі ғылыми кітап болсын оқуды әдетке айналдырыңыз. Ең маңыздысы оқыған ақпаратты өмірде кәдеге жарату. 2️⃣ Жаңа технологиялар туралы біліңіз. Заманауи технологиялар кез келген сұрақтың жауабын шешуге көмектесіп, кез келген тығырықтан шығуға көмектеседі. Сондықтан жаңа технологиялар жайлы біле жүріңіз. Сіздің рухани тән саулығыңыздың кепілі. 3️⃣ Медитация жасаңыз. |
|
Всего комментариев: 0 | |