08:26
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз...

* * *

Soft skills немесе Hard skills: Әрбір маманның жетістікке жетуі үшін қай дағды маңызды?

Қазір өркениетті әлемде маманға қойылатын талап бұрынғыдан мүлдем басқа. Жетістікке жету үшін сіздің тек кәсіби біліктілігіңіз аздық етеді. Осы тұста көкейіңізде «неге?» деген сұрақтың туындайтыны рас. Себебі XXI ғасыр біз күтпеген өзгерістерге толы.

Жалпы, әр маманның кәсіби біліктілік моделінде дағдыларды soft skills (жұмсақ) және hard skills (қатаң) деп бөледі. Hard skills - күнделікті жұмыс барысында нақты міндеттерді шешу үшін қолданылатын кәсіби дағдылар. Бұларды аз уақытта меңгеруге болады. Hard skills техникалық білімдерге негізделген және оқу, үйрету процесінде қалыптасады.

Soft skills — адамның ішкі менінің дұрыс қалыптасуы, уақытты дұрыс басқаруы, лидерлік қабілет, жеке дамуы, қарым-қатынас құра білуі, тб тұлға болу үшін қажетті дағдылар. Бұл дағдылар мен қабілеттер өмірде де, жұмыста да дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

Алдағы 5-10 жылда жасанды интеллект толыққанды дамыса, кей салада қызмет ететін мамандардың орнын роботтар басатыны айқын. Ал бұл кезде адамдар роботтармен SOFT SKILLS дағдысы жоғары дамыған жайғдайда ғана бәсекеге түсе алады.

Ендеше ешқандай саланы, ешбір адамды таңдамайтын кез келген маманға қажет 4 дағды не?

Қымбатты оқырман, сұранысқа ие маман болу үшін «4 C» жүйесін білгеніміз жөн.

Сіздерге түсінікті болу үшін «4 C» тізбектеп шығайық.

Просмотров: 42 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: