21:46
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз...

* * *

78 жылдық тарихы бар жапондық компанияның әлемдік нарықты бағындыруы

Sony Corporation тұрмыстық және кәсіптік электроника, жоғарғы технологиялық өнімдерді шығарумен айналысады. Сонымен қатар ол - әлемдегі ең ірі медиа компаниялардың бірі.

 «Sony» компаниясының негізін 1946 жылдың 7 мамырында Акио Морита және Масару Ибука қалады. Компанияның бастапқы атауы «Tokyo tsushin kogyo kabushiki kaisha» болды. Алайда оның аталуы америкалықтар үшін қиынға соқты. Осылайша таңдау Sony атауына түсті. Бұл екі сөздің қосындысынан шыққан. Ағылшын тіліндегі sonny-boys сөзі жапон тілінде «кішкентай данышпандар» деген мағына береді. Жапонша Sonny дыбысы сәтсіз бизнес деген сөзге ұқсағандықтан, мұндағы бір «n» әрпін алып тастауды шешкен. Алайда «Sony» атауы тек 1958 жылдың қаңтар айында ғана берілген.

Жетістік жолының алғашқы қадамдары

Морита бала кезінен әкесінің бойынан дарыған таланттың арқасында инженер саласына жақын болды. Ол кішкентай кезінен әртүрлі тәжірибе жасауға әуес болды. Мәселен, оның алғашқы жолы оятқышты бұзып, оны қайта құрудан басталған. Атасы немересін қатты жақсы көргендіктен, оған бірнеше оятқышты бұзып көруге рұқсат берді. Немересінің алғашқы қадамы сәтсіз болғанымен, үшінші рет жасаған тәжірибесінің арқасында ол өзінің қабілетін аша білді.

Осылайша ол Waseda University жоғары оқу орнында білім алады. Оның талантына қарап, қатарластары данышпан өнертапқыш деген атау берді.

1933 жылы электронды сәуледегі сигнал модуляциясы туралы диссертациясын қорғап, Париж өнеркәсіп көрмесінде жүлдеге ие болды. Сол жылы университетті қызыл дипломмен бітірді.

Оқудан кейін ол фильмге бейнелер мен дыбыстарды жазуға арналған фотохимиялық зертханада жұмыс істеді.

Екінші Дүниежүзілік соғыс уақытында Масару Ибуки Жапонияның теңіз әскери флотында офицер болып қызмет етеді. Мұнда ол талантына талабы сай келетін жас физик, өзінен 13 жасқа кіші Акио Моритамен танысады. 1946 жылдың 7 мамыры олар үшін тарихи күн. Себебі олар бірігіп Токио Телекоммуникациялық Инженерия Корпорациясын құрады. Компанияда тек 20 адам қызмет етті. Олар бастапқыда радиоқабылдағыштарды жөндеумен айналысты.

‍ Тұңғыш өнімдері

1949 жылы Морита алғаш рет америкалық магнитафонды сатып алып, оны зертей бастайды. Нәтижесінде ол дыбыс жазу үшін мұнда қымбат сымның қолданылғанын анықтайды. Осылайша Морита оның орнына,  арзан сымды пайалнуға болатын сапалы әрі әрі қолжетімді магнитафонды 1950 жылы жасап шығарады. Оның бағасы 427 доллар, ал салмағы 35 киллограм болды. Алайда оның сатылымы ойдағыдай болмады. Морита сәтсіздікке тоқтап қалмай, оның шешу жолын табады. Осы тұста ол макетинг саласын меңгеріп, мангитафонды әртүрлі ұйымдарға топтап сата бастайды.

1952 жылы АҚШ-қа жасаған іс-сапары оның даму жолының нәтижелі қадамы болады. Оған бұл жерде жаңа идеялар келіп, алып мемлекеттік трансизторлар технологиясына қызығушылық білдіреді. Араға бір жыл салып, ол  осы технологияның патентін сатып алады. Аталмыш транзистор үлкен жетістікке жол ашады.

Компанияның әлемге танылуы

Морита компанияның тағы бір проблемасын анықтап, оның атын өзгертуге шешім қабылдайды. Осылайша компания атауы Sony болып өзгертілді. 1955 жылы TR-55 транзисторлық қабылдағышы компанияға үлкен бедел алып келді. Ал 1960 жылы Sony алғаш транзитті теледидар шығарды.

Көп жылдар бойы Морита компанияға басшылық етіп, нарықта үлкен жетістіктерге алып келді. Жақсы да тартымда дизайны мен жаңашылдығының арқасында Sony өзінің атын шығарады.

1990 жылдары алғашқы «мини-дискмэндер» пайда болды. Сонымен қатар 500-ге жуық басқа да жаңа өнімдер жарыққа шықты. Яғни, күніне екі жаңа зат шығарып отырған. 1994 жылдың аяғында корпорация жапон нарығына PlayStation ойын консольін ұсынады. Оның сәтті болғаны сонша 2000 жылы Play Station 2,  Play Station 3 ойындары шығады. 2011 жылдың тамыз айында компания портативті техникаға арналған компьютер экрандарын шығару үшін Toshiba, Hitachi және Innovation Network Corporation of Japon атты жапондық мемлекеттік-жеке меншік компаниясымен бірлескені жайлы жария етті.

* * *

IELTS емтиханы: Дайындық жүргізудің ең тиімді әдістері

İELTS құрылымы қандай және неше бөлімнен тұрады?

1️⃣ Listening - тыңдалым

Бұл бөлім бойынша подкасттар мен радио хабарларды тыңдаңыз. Субтитрлері мен музыкасы бар сериалдардан бас тартыңыз. Көптеген оқытушы дайындық күндері BBC жаңалықтарын тыңдауға кеңес береді.

Себебі аудиожазбаны тыңдау 30 минутқа созылады. Ал бұл екі монолог және екі диалогтан құралған 4 бөлімнен тұрады. Жалпы алғанда сізге 40 сұраққа жауап беру керек болады.

Тыңдау күнделігін жүргізіңіз. Подкастта не тыңдағаныңызды, нені түсінгеніңізді және сізге не ұнағанын жазыңыз.

2️⃣ Reading - оқу

Reading бөлімі 60 минутқа созылады. Бұл уақытта үш мәтінге берілген 40 сұраққа жауап беру, сонымен қатар жауаптарды арнайы бланкке көшіру қажет. Уақытты қалай бөлу керек екенін өзіңіз білесіз. Алайда тренерлер бір мәтінге 15-20 минут әрі қиын тапсырмаларды кейінге қалдыруға кеңес береді.

Емтиханға дайындалу үшін күрделі мәтіндерді оқыңыз. Мұнда жеке сөздерді білу жеткіліксіз. Себеді идиомаларды, синонимдерді білу, ұзақ сөйлемнің құрылымын түсінуіңіз керек.

Дайындық кезінде көркем әдебиетті ұмытып, ғылым, қоршаған орта, білім, технология, экономика және жұмыспен қамту туралы мақалаларды оқуға тура келеді.

3️⃣ Writing - жазу

Мұнда берілген тақырыптарға байланысты әр түрлі стильде екі эссе жазасыз. Оның көлемі кем дегенде 150 сөзден (Task 1) және 250 сөзден (Task 2) тұруы тиіс. Екі тапсырмаға 60 минут беріледі.

Бұл ең қиын кезеңнің бірі. Сондықтан дайындыққа көбірек уақыт бөліңіз. Компьютерде емес, қолмен жазуды үйреніңіз. Қолыңызға қалам алып, күн сайын эсселер мен диаграммаларды қайталап жаза беріңіз. Барлық пайдалы сөздер мен конструкцияларды белгілеңіз және оларды жатқа айтыңыз.

Мәтіндерді IELTS-емтихан веб-сайтынан алуға болады. Дайындыққа уақытты өзіңіз белгілеңіз. Мәселен, диаграммаға 20 минут, ал эссеге 40 минут уақытыңызды арнаңыз.

4️⃣ Speaking - “сөйлеу” бойынша лайфхактар

IELTS Speaking test Academic және General модульдері үшін бірдей үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде (1-2 минут) емтихан алушы жалпы тақырыптарға сұрақтар қояды. Екінші бөлімде берілген кәртішке бойынша сұрақтарға жауап беру, 2 минуттай сөйлеу керек.

Бейнені қараңыз, аудионы тыңдаңыз және барлық грамматикалық құрылымдарды жазыңыз.

5️⃣ Барлық бөлім бойынша өз еркіңізбен дайындалыңыз.

 

Адамдардың емтиханды қалай тапсыратынын көру үшін YouTube қосымшасынан «real ielts speaking» бейнелерін көруге кеңес береміз. Мысалы, IELTS ресми YouTube арнасында осындай видеолар бар. Мұнда әңгіме қалай өтетіні және емтихан алушы қандай сұрақтар қоятыны белгілі болады.

* * *

Көшпелі қазақ мәдениетінің жолы қалай қалыптасты?

Адамзат баласы жасаған рухани және материалдық мәдениет бар. Мәдениет тарихында күні кешеге дейін еуропалықтар Батыс дүниесінің ғана мәдениетін мойындап келді. Оларда мәдениет жасаушы тек еуропалықтар делінген тар шеңбердегі теория болды.

️ Бірақ Шығыс өркениетін жасаған мәдени мұралардың ғажайып үлгілері оларды өздерінің менменсіген қисындарынан бас тартуға мәжбүр етті. "Мәдениет" деген ұғымның аясы өте кең. Сондықтан да болар, "мәдениет" ұғымының көптеген анықтамасы бар. Адам ой-санасы мен әрекетінің нәтижесінде туындаған құндылықтарды біз мәдениет дейміз.

Рухани және материалдық мәдениет үлгілерінің арасында тұйық шек жоқ. Осы тұста көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар екенін атап өткен жөн. Ол көшпелілердің тіршілік әрекеті мен тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батыстық зерттеушілер: "Көшпелілер өз бетінше мәдени құндылықтар жасауға қабілетсіз, олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың мәдениеті оларға өгей мәдениет болып қала береді", – дейді.

Бұл – мүлде қате пікір.

️Көшпелілер өз тұрмыс-қарекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарын, бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз.

Просмотров: 51 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: