09:04
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз...

* * *

70 жастағы Мэй Масктің миллиардер балаларды тәрбиелеудегі жетістік құпиясы

Мэй Маск 1948 жылы Канадада дүниеге келді. Араға екі жыл салып отбасы Оңтүстік Африкаға көшеді. Жыл сайын қыста ата-анасы және бауырларымен Калахари шөліне саяхатқа шығып, жоғалған қаланы іздейтін. Мэйдың шытырман оқиғаға толы сапары оны өмірдің кез келген жағдайына бейімделуге үйретті. Бұл болашағына үлкен көмек болды. “Мен шөл далаға барған кезімде ешқашан қорықпадым. Өйткені әкем мен анам бақылауда ұстады. Осылайша біз барлық қолайсыз жағдайларда өмір сүруді үйрендік”, - деп бөлісті Мэй.

22 жасында Мэй инженер Эррол Маскқа тұрмысқа шығады. Отбасын құрған соң модель психологиялық және физикалық тұрғыдан зорлық-зомбылықтың құрбаны болады. Эррол оны ұрып-соғып, отбасымен байланысын үзуге мәжбүрлейді. Бірақ оның ұзақ уақыт бойы күйеуін тастап кетуге батылы жетпей жүреді. Ал Оңтүстік Африкада бұл уақытта қиянат некені тоқтатудың дәлелді себебі ретінде қарастырылмады.

1979 жылы заң өзгеріске ұшырағаннан кейін Маск күйеуін тастап, жалғыз қалды. Ол күнкөріске әрең жетті. “Ажырасқаннан кейін мен үш баланы өзім асырауыма тура келді. Кедейлік сізді қатты жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Баланың бірі сүт төгіп жібергенде жылағаны есімде. Олар әдетте “төгілген сүтке жыламайтын еді” дейді. Бірақ мен көз жасыма ерік бердім. Өйткені сол күні артық сатып алуға қаражат жеткіліксіз еді”, - деді ол The Huffington Post-қа берген сұхбатында.

Мэй ыңғайлы киім сатып алып, диетолог ретіндегі дағдыларын жержаңғақ майы сэндвичтері мен пісірілген бұршақ сияқты арзан тағамдарды дайындау үшін пайдаланды. Ол күні бойы жұмыс істеп, кейде балаларын өзімен бірге түсірілім алаңына апаратын. Мэй жұмысты үнемі жіберіп алғаны үшін өзін кінәлі сезінбейтінін айтады - ол балаларға қажет нәрсенің бәрін беруге тырысты. “Менің таңдауым болмады”, - деді Маск.

Мэйдің балалары кішкентай кездерінен қолғабыс болды. Қызы Тоска дәрігерлерге хат жазды, ал Илон анасына мәтіндік процессордың қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

1980 жылдардың басында Мэй күйзелісті бастан кешірді. Сот нәтижесі бойынша Илон мен оның ағасы Кимбал тұрғылықты жерін ауыстырды. “Илон 10 жаста болғанда, ол әкесімен бірге тұратынын айтты. Оның қолында Британ энциклопедиясы бар еді, мен оны ала алмадым. Сондай-ақ ол кезде компьютер өте сирек кездесетін еді. Ал бұл Илонға қатты ұнады”, - деп еске алды Мэй. 1989 жылы ерлі-зайыпты арасындағы барлық сот процесі аяқталған кезде, Мэй балаларымен Канадаға көшеді.

‍‍‍ Мэйдің бала тәрбиесінде ұстанған қағидалары. Илон Масктің миллиардер атану жолы. 

Мэй балаларына еркін таңдау құқығы мен жауапкершілікті ерте жасынан берген. Олар университет пен мамандықты өз бетінше таңдады. Алайда қиын жағдайдағы өміріне қарамастан олар бақытты өмір сүрді. “Осындай табысты балаларды қалай тәрбиеледің деп жиі сұрайды. Мен мұны олардың мүдделерін орындауға мүмкіндік беру арқылы жасадым. Егер сіздің балаңыз кәсіп ашқысы келсе және оның жақсы идея екенін білсеңіз, оған қолдау көрсетіңіз. Балаларыңызды әдептілікке үйретіңіз. Бірақ олар не қалайтындарын өзі шешсін”, - деді Маск.

Мэй Масктың балалары өте табысты болды. Тоска - режиссер әрі продюсер, Кимбал - ресторатор және кәсіпкер, Илон - әлемдегі ең бай адамдардың бірі.

Мэй Масктің мансап жолы қалай бастау алды?

Мэй 15 жасынан бастап модель болып жұмыс істеді. Ол сән индустриясында қалмайтынын мәлімдегеніне қарамастан, 50 жылдан астам уақытын сән әлеміне арнады. “Достарым маған Илон атақты болғанға дейін де танымал болғанымды айтады”, - деп атап өтті Маск.

Жас кезінде Мэй модельдікті өзінің негізгі қызметі деп санамаған. Сондықтан білімін шыңдау үшін колледжге түскен. Мэйдің екі магистр дәрежесі бар: бірі диетология, екіншісі тамақтану ғылымы.

21 жасында Мэй сұлулық байқауына қатысып, “Оңтүстік Африка аруы” байқауының финалына шықты.

Қазіргі таңда Мэй Маск өте сұлу әрі  сымбатты. Бірақ 1980-ші жылдары ажырасу кезінде стрессті бастан өткеріп, салмақ қосып алады. Алайда бұл оның жұмысына кедергі келтірмеді. Ол Оңтүстік Африкадағы алғашқы plus-size модель атанды.

* * *

Күнделікті 15 минут: Ми жұмысын жақсартуға арналған лайфхактар

Психолог Бенджамин Хард есте сақтау қабілетін жақсартуға байланысты бірнеше кеңес ұсынады.

Просмотров: 45 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: