10:49
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз...

* * *

23 жасында миллиардер атанған Марк Цукербергтің әлемге ықпал ету жолы

Марк Цукерберг— АҚШ бағдарламаушысы, Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы әрі Meta Platforms компаниясының бас директоры. 23 жасында ол әлемдегі ең жас миллиардер атанды. Сәуір айындағы соңғы мәліметке сәйкес, оның байлығы 84,9 миллиард долларды құрады. Осы көрсеткішпен ең бай адамдар тізімінде 14-ші орында тұр.

‍Марк жастайынан компьютерге ерекше қызығушылық танытып, электронды машинаға деген икемі жоғары болды. Осы қабілеттерінің арқасында жас Марк 12 жасында Atari BASIC платформасында “Zucknet” деп ат қойып, хат алмасуға арналған бағдарлама жасап шығады. Кейін бұл құралды бүкіл отбасы өзара сөйлесу үшін қолдана бастады.

Әкесі Эдвард “Zucknet”-ті клиникасында жаңа емделушінің келгендігін біліп отыру үшін пайдаланды. Ұлдарының компьютерлік ойындарды да жасап жүргенін көрген ата-анасы баласының талантын шыңдау үшін бағдарламашы Дэвид Ньюманды жалдап оқытады. Осылайша мұғалім аптасына бір рет келіп, Маркпен жұмыс істейді.

️ 2002 жылы ол Гарвард университетіне оқуға түсіп, топ жарған бағдарламашылардың қатарында бой көрсетеді. Көп ұзамай мұнда студенттердің нақты қандай сабақтарға қатысатынын көрсететін Coursematch қосымшаны жасап шығарады. Сонымен қатар Цукербергті адамдардың бір-бірімен байланыс орнатып, танысуға мүмкіндік беретін белгілі бір жүйенің жоқ болуы алаңдатты. Die Welt am Sonntag газеті журналисінің Coursematch қалай Facebook болды деген сұрағына Цукерберг өнер тарихының қорытынды емтиханы шешуші рөл атқарғанын жеткізді. Себебі оқу барысында Цукерберг уақытының басым бөлігін бағдарламалауға арнады. Сондықтан ол бұл емтиханнан өте алмайтынын іштей сезеді. Оған белгілі бір өнер нысанының құндылығы туралы эссе жазу қажет еді. Осылайша, Цукерберг коллекциядан кездейсоқ таңдалған элементті көрсетіп, ол туралы пікір қалдыруға мүмкіндік беретін қосымша жасайды. Кәсіпкердің емтихан нәтижелері жоғары болады. Марк тағы бірнеше сынақтан өткеннен кейін, Facebook-тің бірінші нұсқасын жасауға бел байлайды. Бұл адамдардың өз ойларымен бөлісіп отыратын қолданба жасау идеясы еді.

Ал оның Гарвардтағы құрдастары оқиғаның мүлдем басқаша болғанын айтады. Дивья Нарендра мен ағайынды Винклвосс Цукербергті компанияларына әзірлеуші   ретінде жалдаған кезде олардың идеясын, технологиясын, дизайнын және бизнес жоспарын ұрлады деп айыптады. Бұл - танысу сайты еді. Олардың айтуынша, Цукерберг сайттың егжей-тегжейімен танысып, өз жұмысын адал атқарудың орнына, Facebook-ке айналған жеке веб-сайтты құрған. Осылайша бұл кикілжің сотқа дейін барады. Ал сот процессі құпия түрде өтеді. Қандай жағдай орын алса да, Facebook әлемді жаулап алды. Бұл қолданбасыз өмірімізді елестете алмайтынымыз да рас.

Facebook стартаптар мен технологияларға белсенді түрде инвестиция салады. Сондай-ақ сатып алған компаниялардың саны елуден асады. 2012 жылдың маусым айында Цукербергтің компаниясы суреттерден кім екенін тануға мүмкіндік беретін Face.com қолданбасына да иелік етеді. Сол жылы Instagram әлеуметтік желісін де 1 миллиард долларға сатып алады. Себебі ол Facebook-тің басты бәсекелесі болды. 2014 жылы Facebook Oculus VR виртуалды шындық құрылғысын әзірлеушіге 2 миллиард доллар жұмсады. Виртуалды шындық достарыңызбен естеліктер мен оқиғаларды бөлісумен қатар, оларға өз сезімдеріңізді жеткізуге де мүмкіндік береді.

Сонымен бірге Facebook-тің ең үлкен инвестициясы - WhatsApp мессенджері. Оны 19 миллиард долларға сатып алды. Фейсбуктың жеке мессенджері тек 2015 жылы, яғни WhatsApp-ты сатып алғаннан кейін ғана жеке қосымша ретінде шығарылды.

 

Айтпақшы, WhatsApp-тың әлемдік жетістігіне қарамастан, оны АҚШ-та халықтың бірнеше пайызы ғана пайдаланады. Америкалықтардың негізгі байланыс әдісі - SMS (60% -дан астам), содан кейін Facebook мессенджері - 15%, WhatsApp - 2%.

* * *

Найза қап, қанар: Көшпелі қазақ азық-түлік мөлшерін қалай өлшеді?

⏳ Қазақ халқының тұрмыс-салт ерекшеліктері мен кәсіптік қажеттілігіне байланысты байырғы қазақ өлшем бірліктері қалыптасты. Нақтырақ айтсақ, халықтық өлшем жүйесіне ұзындық, қашықтық, аумақ, көлем, салмақ, уақыт, мезгіл өлшем түрі кіреді. Мәселен, «бір қыдыру жер», «түстік жер», «айшылық жол» деген сөз тіркестері қашықтықты білдіреді.

⚖️ Тағы бір мысалға сүйенсек. Шығыс халықтарының көбі ең кіші салмақ өлшеміне арпа дәні алынған деп баға береді. Кейбір жазба әдебиеттерде “арпа дәні” ұғымы алтын мен асыл тастардың салмағын теңеуге арналған қазыналық өлшем ретінде қолданылған. Яғни, бір арпа дәні шамамен 45 мг болған. Басқа жерде осы арпа дәні ұзындық өлшемі ретінде де пайдаланылған. Ал арпаның алты дәнінің еніне тең өлшем бармақ деп аталған.

⚖️ Сондай-ақ халық арасында сұйықтықты болжауға арналған өлшем бірліктері де болған. Қымыз, шұбат сақтайтын көнек, жанторсық, торсық, мес, саба тәрізді мал терісінен жасалған ыдыстар сол сұйықтықтың мөлшерін шамалауға жиі қолданылған. Мысалы, торсыққа жеті – сегіз аяқ (литр) қымыз сыйса, местің сыйымдылығы екі жарым – үш торсыққа тең.

Просмотров: 53 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: