09:22 Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз... |
* * * Роберт Кийосаки: Мектептер - жұмыс берушілерді емес, сенімді жұмысшыларды дайындайды ️ Роберт Кийосаки - америкалық кәсіпкер, инвестор, өзін-өзі дамытуға арналған бірқатар кітаптың авторы, педагог, мотивациялық баяндамашы және Yahoo Finance қаржылық шолушысы. Сонымен қатар жеке қаржы және іскерлік білім ұсынатын Rich Dad білім беру компаниясының негізін қалаушы. Әрі Cashflow ойынының және ересектер мен балаларға қаржылық-бизнес тұжырымдамаларын үйретуге арналған онлайн ойындардың жасап шығарған. Ол “Жарлы әке, Кедей әке” аты кітабының арқасында танымал болды. ✔️ Кәсіпкердің жетістік жолы Роберт Кийосаки мұғалімдер отбасысында дүниеге келген. Оның әкесі философиялық ғылымдар докторы және Гавайи штатының білім министрі болды. Кийосаки - Америкаға көшіп келген япондықтардың төртінші тұқымы. Орта мектепті бітірісімен, Роберт Нью-Йорк қаласында білімін жалғастырады. Содан кейін, америкалық теңіз жаяу әскерінің Корпусында және Вьетнамдағы АҚШ-тың теңіз әсекрінің қарулы күштерінің офицері әрі ұшқышы болып қызмет еткен. Әскери қызметтен келісімен, Кийосаки “Xerox” коорпорациясының сауда агенті болып, ал 1977 жылы өз іскерлік карьерасын бастап, алғашқы болып кожа мен нейлоннан жасалған шағын бұйымдар сататын компаниясын ашады. Бұйымдарының арасында серфингпен айналасатындарға арналған әмиян да болған. 1985 жылы, Кийосаки іскерлік мансабын тоқтатып, кітап жазуда көмектескен Шерон Л. Лечтермен бірге студенттерге бизнес пен инвестирование туралы білім беретін халықаралық “Rich Dad`s Organization” компаниясын құрады. 47 жасында ол әлемдік бестселлорге айналған “Жарлы Әке Кедей Әке” атты кітапты жазады. Содан кейін “Ақша аысың ширегі” және “Жарлы Әкенің Инвестиция жөніндегі Басшылығы” атты кітаптары жарық көреді. Осы үш кітабы да “Уолл-стрит джорнал”, “BusinessWeek” және “Нью-Йорк таймс” секілді газеттердің алғашқы ең жақсы сатылымдағы кітаптрының қатарында болды. Алғашқы кітаптарында “тышқан жүгірісін” тоқтататын финанстық тәслдерді ұсынса, кейінгі басылымдарында бизнестің этикалық мәселелеріне көбірек көңіл бөледі. Ендеше назарларыңызға мотивациялық баяндамашының нақыл сөздерін ұсынамыз. ✅ Тұрақты жұмыс сені бай қылмайтынын қанша рет еске салуым керек? Сондай-ақ бос уақытыңызда шұғылданатын іспен бай болатыныңызды қанша рет еске салуым керек? ✅ Бос уақытымда айналысқан іс-әрекетіме байланысты қазіргі таңда мен баймын. ✅ Қазіргі жағдайыңызды өзгерткіңіз келсе, ең алдымен ойыңызды өзгертіңіз. ✅ Ақша үшін жұмыс істеген адам - оның құлы болады. Еске саламын, ақша үшін жұмыс істемеңіз. Керісінше ақша сізге қызмет етсін. ✅ Өмірде бұрын-соңды болмаған нәрсеге қол жеткізу үшін, бұрын жасамаған нәрсені жасаңыз. ✅ Егер спорттық жаттығулар дұрыс орындалса, адамның денсаулығына әсерін тигізеді. Ал ақыл-ой жаттығулары - адамның бай болуына көмектеседі. Есіңізде болсын, жалқаулық адамды денсаулықтан да, байлықтан да айырады. ✅ “Ертең” деген сөзді жиі қолданатындар – әдетте, кедей, бақытсыз, денсаулығы нашар болып келеді. ✅ Бастыққа немесе ірі компанияға жұмыс істеу ақша мәселесін шешпейді. ✅ Қазіргі күннің ең басты қатері — әрекетсіздік. ✅ Мектептер - жұмыс берушілерді емес, сенімді жұмысшыларды дайындайды. ✅ Сәби бір рет құламай жатып, жүруді үйрене алмайды. Себебі біз жүруді құлай-құлай үйренеміз. Бизнестің жолы да дәл солай. Неліктен қоғамның көп бөлігі ауқатты адамдардан тұрмайды? Өйткені олар жеңілуден қорқады. Ал жеңіс тұғырынан көрінгендер жеңілістің дәмін де татқандар. Сәтсіздік ол жетістікке жетудің бір бөлігі. Сәтсіздіктен қорқатын адамдар - жетістікке де жете алмайды. * * * Кайдзен әдісімен көпшілік алдындағы қорқынышты жеңуге арналған ТОП-3 кеңес Көп адам үлкен ортаға тап болған уақытта қысылып, қол-аяғы дірілдеп, өз ойын еркін жеткізе алмай жатады. Мұның себебін әркім өз бетінше тізбектейді. Солардың басым көпшілігіне кішкентай кезінде немесе белгілі бір жаста орын алған келеңсіз жайттар, сәтсіздіктер, адамдардың ойы мен пікірі себеп болып жатады. ✔️ Кайдзен әдісімен қорқынышты қалай жеңеміз? Кайдзен әдісі көпшілікке үздіксіз әрі тұрақты түрде дамуды үйретеді. Жапониялықтардың ойлап тапқан бұл әдісінің басты мақсаты - күнделікті алға жылжып отыру. Осылайша, кішкентай қадамдармен, үлкен нәтижеге қол жеткізу. Масааки Имаи «Кайдзен: жапондық компаниялардың жетістікке жету кілті» атты кітабында бір минут принципін ерекше атап өтеді. Ендеше осы 1 минут тәсілін қалай қолданамыз. 1 минут ішінде көпшілік алдына шығуға арналған жаттығуларды жасау. Ең алдымен тапсырмаларды жазып алыңыз. Мысалы, кейде ойыңызда тұрған тапсырмаларды бір күн немесе жарты сағат істеп отыру қиындық тудырады. Ал кайдзен бойынша тапсырма қаншалықты ауыр әрі жағымсыз болсын, оны тек 1 минут отырып орындауға болады. ✔️Осылайша күн сайын сізге қиын болып көрінетін кез келген іске бір минутыңызды арнайсыз. Мәселен, көпшілік алдына шығуға дайындықты атап өтуге болады. ⠀Егер сіздің де бойыңызда аталмыш комплекс бар болса, жазбаны оқып болған соң міндетті түрде пайдаға асырыңыз. ⠀1. Өзіңізге деген құрметіңіз жоғары болсын. Өзіңізді жақсы көру үшін күнделікті әрі тұрақты түрде айнаға 1 минут қарап, айнадағы адаммен сырласқаны абзал. Сіздің рухыңызды, көңіл-күйіңізді көтеретін жылы сөздермен құлағыңыздың құрышын қандырыңыз. Таңертең және кешкі уақытта осы әдісті қолданып тұрсаңыз, нәтижеге де тез жетесіз. ⠀2. Осындай көпшілік ортада сіз әрдайым қызығып қарайтын 2-3 адамның жақсы қасиеттерін көшіруге тырысыңыз. ⠀Олардың өздерін ұстау тәртібіне, жүріс-тұрысына, сөйлеу мәнеріне, мимикасына, өмірлік ұстанымы мен тәжірибесіне зерттеу жүргізіңіз. Осылайша, сіздің болмысыңызға сай келетін әрекеттерін ұрлап, күнделікті 1 минут дайындалыңыз. ⠀3.Өмірдегі үлкенді-кішілі жетістіктеріңізді еске алып тұрыңыз. Қағазға тізіп жазсаңыз, тіптен керемет. Осы тәртіппен өзіңізге деген сенімділігіңізді арттырыңыз. Өзіңізді ешкіммен салыстырмаңыз! Сіз жеке тұлғасыз, басқа адамның қолынан келген іс сіздің де қолыңыздан да келеді! Бәріне уақыт пен шыдамдылық, тынымсыз еңбек қажет. ⠀Есіңізде болсын, “ұялмаған бұйырмағанды алады”. Сондықтан әркез өзіңіздің жеке ойыңыз бен пікіріңізді айтудан, бөлісуден қымсынбаңыз! ⠀Ұялшақтық, қорқу сынды жағымсыз дүниелер тек сіздің ойыңызда қалыптасқан. Егер мықты боламын, биіктерге өрлеймін десеңіз аталған кемшілігіңізбен жұмыс істеңіз! * * * Қазақ жеріндегі ақша реформасы: Өзгерістің ел экономикасына әсері Күміс монеталарды шығару бойынша Оңтүстік Қазақстанның Тараз, Отырар және Кенджде қалалары алып Шағатай империясында бірінші орында тұрды. Осы үш орталықта шығарылған монеталар шын мәнінде бірдей болған. Моңғолдар таратылған теріс пікірге қарамастан барынша парасатты экономикалық саясат жүргізді. Орталық Азия олар үшін жоғары және тұрақты көз ретінде үлкен қызығушылық танытты. Ақша соғуға байланысты істерге моңғолдар араласқан жоқ. Бүкіл аймақты алдымен, Махмұд Ялавач саудагер, одан кейін оның Ұлы, бірнеше ханның тұсында өмір сүрген және ірі ақша реформасын жүргізген Масуд-бек басқарды. Ол көптеген монета сарайларын көтермеледі, күміс монеталар үшін бірыңғай салмақ пен сынамды белгіледі. Империя оның бүкіл аумағында еркін айналыста болатын күміс монетаны және оның салмағының жалпы мемлекеттік стандартын алды. Ал бөлек саудада мөлшері және салмағы бойынша күміс монеталарға дәл келетін мыс ақшалар дами түсті. Масуд-бектің ғана реформасы “күміс дағдарысын” ауыздықтады. Сондай-ақ аймақтың ұзақ және тұрақты экономикалық өсуіне қозғау салды. ☝Сол уақытта моңғол ақшаларына қатысты бір жұмбақ болды. Оларда моңғол хандарының аттары жазылмады, бірақ Бағдад халифі Нәсірдің есімі жазылды, оны моңғолдардың өзі, шын мәнінде Хулагидтер тақтан тайдырып, 1258 жылы өлтірген болатын. Сондай-ақ осы есім Алтын Ордадағы Жушидтердің монеталарында да болды. Ал олар Қазақстанның батысында белсенді түрде айналыста болды. Тарихшылар дәстүрге берілген құрмет ал Берке-хан ислам дінін енгізу саясатын жүргізген Алтын Ордада осы жаңа діннің жолын үстау көрсеткіші деп санайды.
|
|
Всего комментариев: 0 | |