22:21
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз...

* * *

Омахадан шыққан сиқыршы: Миллиардер Уоррен Баффеттің жетістік құпиясы

Уоррен Баффет - дүнижүзіндегі ең бай америкалық кәсіпкер әрі инвестор. Оның инвестициялық дағдылары күні бүгінге дейін өзектілігін жоғалтпай келеді. Ендеше назарларыңызға миллиардердің табысқа жетудегі бірнеше қарапайым ережесін ұсынамыз.

Баффет алғашқы инвестициясын 11 жасында салады. Бастапқыда 120 доллар жинаған кәсіпкер әпкесін серіктес ретінде тіркеп, Cities Service Preferred компаниясының үш акциясын 38,25 доллардан сатып алады. Алайда акция сол сәтте арзандап кетеді. Ал Уоррен қиындыққа мойынсұнбайды. Ол акция 40 долларға көтерілген бойда “сәтсіз жасалған саудадан” бірден құтылуға тырысады. Акциясын сатып жібергеннен кейін аталмыш қордың бағасы бес есеге өседі. Осы сәтте Баффеттің өкініші өзекті өртейді. Бұл оқиға кішкентай Уорренге көп нәрсені үйретті.

Гарвард Баффеттің MBA бағдарламасы бойынша өтінішін қабылдамайды. Осылайша жас жігіт Колумбия университетіне түсіп, әйгілі инвестор Бенджамин Грэммен кездеседі. Грэм жиырма жасар Баффеттің тәлімгері әрі кумиріне айналады. Ал оның “Интеллектуал инвестор” кітабындағы қағидаларын Баффет күні бүгінге дейін басшылыққа алады.

Омахалық инвесторлар Баффетке сеніп артып, бар қаржысын инвестицияға салады. Ал миллиардер өз үлесін 100 доллармен шектейді. Бір жыл ішінде Buffett Associates 300 000 долларлық активтерді басқарды. Баффет басқару  комиссиясын алмады. Бірақ барлық кірістің төрттен бір бөлігін алып отырды. Ол 4% -дан асты. 1972 жылға қарай оның 100 доллары 1 миллион долларға айналды. Ал қазіргі таңда Баффеттің Berkshire Hathaway компаниясы Apple, Alphabet, Amazon, S&P-500 индексіндегі сияқты ең ірі 5 компанияның біріне айналды.

Олай болса Уоррен Баффеттің ұстанымдарымен танысайық:

▪️Ақшаңызды есепсіз шашпаңыз. Мәселен, казино сынды инвестицияларға жақындау тиімсіз әдіс. Сол себепті ақшаңызды салмас бұрын ең бірінші үй тапсырмасын орындаңыз. Толық көзіңіз жеткен әрі өз кәсібін жақсы түсінетін компанияларға инвестиция салғаныңыз дұрыс.

▪️№1 ережені ешқашан ұмытпаңыз.

▪️Табысты инвестор көпшіліктің пікіріне құлақ аспайды және сол пікірге қарсы шықпайды.

▪️Өзіңіз түсінбейтін бизнеске ешқашан қаржы салмаңыз. Мысалы, Баффет технологияны жетік түсінбегендіктен, бұл салаға ақша салмайды. Жалғыз ерекшелік - Apple акциялары.

▪️Нарық алдамшы болып келеді.

▪️Жеңілдікпен орташа компанияны сатып алғаннан гөрі, әділ бағаға мықты компанияны сатып алған дұрыс.

▪️Инвестициялау кезеңі – мәңгілік. Инвестициялық портфельде акцияны қанша уақыт сақтау керек? Баффеттің айтуынша, егер акцияны он жыл бойы ұстайтыныңызға сенімді болмасаңыз, оны тіпті он минутқа да сатып алудың қажеті жоқ.

▪️Кейде ең жақсы нәрсе - ештеңе істемеу. Нақтырақ айтсақ, жарамсыз инвестициялардан аулақ болудан қорықпаңыз.

▪️Сіз қанша жерден дарынды болып, қаншама күш-жігер жұмсасаңыз да кейбір нәтижелерге қол жеткізу үшін тек уақыт қажет. Мәселен, сіз тоғыз әйелді жүкті қылсаңыз да, бір айда бала таппайсыз ғой.

️ Уоррен Баффет инвестицияға байланысты идеяларды күнделікті өмірден алады.Осыған орай танымал бір мысалға тоқталып өтейік. Баффеттің  газдалған сусынға деген махаббаты ерекше болғанын атап өту керек. Ол ұзақ уақыт бойы Pepsi өнімін тұтынады.

️ Баффет бұл инвестиция арқылы мансап жолында жоғары табысқа шықты. Coca-Cola акциясы сол уақытта 5 доллардан төмен болды. Содан бері компания тұрақты дивидендтер төлеп, он есеге дейін қымбаттады. Жақында Қытайда Баффеттің инвестициялау дағдысына байланысты культ пайда болды. Мұнда олар миллиардердің портреті бейнеленген шие кока-коласының шектеулі санын шығарды.

▪️Қазіргі уақытта Berkshire Hathaway компаниясы АҚШ-тың қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелері ретінде айтарлықтай үлкен қаражатқа ие. Бұл сома акцияларға салынған инвестицияның шамамен үштен екісіне тең. Сондай-ақ Баффеттің кеңсесінде ескі Times журналының 1907 жылғы мұқабалары және Ұлы Депрессия кезіндегі суреттері ілулі тұр. Мұны Баффет бұл дүниеде бәрі де мәңгі емес әрі бәрі де мүмкін екенін еске салу үшін іліп қойғанын жеткізді.

* * *

Кез келген аурудың алдын алуға арналған ТОП-5 кеңес

Өздеріңіз білетіндей, соңғы уақытта вирустар күн санап өршуде. Осы тұста иммунитеті төмен адам түрлі ауру мен инфекцияларды тез жұқтырып алуға бейім келеді. Ендеше біз ұсынған кеңеске құлақ асып, түрлі аурудың алдын алыңыз!

Просмотров: 59 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: