09:05
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз...

* * *

81 жастағы Мартин Скорсезе Голливудтың ұлы режиссеріне қалай айналды?

️ Мартин Скорсезе - XXI ғасырдың ең ұлы және ықпалды кинорежиссерлерінің бірі. Өнер иесі жақында ол 81 жасқа толды.

Екі иммигрант отбасының ұрпағы Скорсезе Нью-Йорктің Кіші Италия деп аталатын қылмыс ең көп таралған аймақтарының бірінде ер жетті. Сондықтан да ол бала кезінен итальяндық шабыт пен құрмарлықты бойына сіңіре білді.

Мартин бес жасында алғаш рет көшеде басына оқ тиген адамды көреді. Сұмдыққа толы күймен ол үйіне келіп, бұл туралы әкесіне хабарлайды. Сонда әкесі оған: “Жолың болған екен! Ал мен өлі адамды тек бір-ақ рет көрдім” - деп, жауап қайырады.

Скорсезенің әкесі Чарльз өте мейірімді адам болған. Католик дінін ұстанатын қарапайым қарапайым үтікші адал кедейлік кез келген байлықтан артық деп есептеді. Оның тігінші әйелі, католик шіркеуінің мүшесі Кэтрин де жұбайының сөзін қолдады. Діндар ата-ана ұлының діни қызметкер болуын армандады. Осылайша ата-анасының талабымен 14 жасында ол тіпті рухани семинарияға түседі. Алайда мансап жолы нәтижесін бермеді.

“Мені оқудан араға ұзақ уақыт салмай шығарып жіберді. Себебі олар үшін мен ақымақ әрі болашақ бандит едім” - дейді, режиссер.

Алайда Мартин қылмыс әлемінің де бір бөлігі бола алмады. Ол өте аурушаң бала болып өсті. Скорсезеге балалық шағынан астма диагнозы қойылған. Оған қоса, аллергия, жиі суық тию, пневмония сынды аурулар да қабаттасты. Осылайша ол құрдастарының мазағына ұшырады. Сол себепті оның іс жүзінде достары болмады. Мартиннің де достыққа деген ұмтылысы болмады. Ол итальяндық кварталдың қайнаған өмірін бөлмесінің терезесінен үнемі бақылап отырған. Қуанышына орай, ата-анасы кинотеатрды қауіпсіз ойын-сауық алаңы деп санаған.

Мартинді кино әлемі қызықтырғаны соншалық, ол үйінде кейіпкерлердің әрбір көрінісі мен желісін егжей-тегжейлі ойластырып, жеке әңгімелерін жазды.

️Мектептегі және рухани семинариядағы оқуы сәтсіз аяқталып, ол ата-анасының қалауына қарсы  Нью-Йорк университетінің кино мектебіне құжаттарын тапсыруға кетеді.

Скорсезе басқа студенттерден бірден ерекшелене бастады. Біріншіден, ол кез келген атақты фильмнің тарихын жетік білетін. Екіншіден, тәжірибеге келгенде не істейтінін әрі қалай істейтінін нақты білетін.

Режиссер өзінің алғашқы фильмін алты күнде түсірді. Бұл - “Осындай сұлу қыз мұндай жерде не істеп жүр?” деген ұзын-сонар қысқаметражды фильм болды.

Ары қарай Скорсезе өзін кино әлеміне толық арнады.  1964 жылы оның “Не только ты, Мюррей” қысқаметражды фильмі Гильдияның бас жүлдесін жеңіп алып, оған жаңа нәтижелі таныстар әкелді. Түсірілім кезінде Скорсезе өзінің бірінші әйелі, болашақ актриса Мари Лоррейн Бреннанмен кездесті.

Просмотров: 56 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: