09:19 Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз... |
* * * Илон Маск: Егер адам қандай да бір дүниені өте маңызды деп санаса, ол міндетті түрде істейді Илон Маск - әлемдегі ең бай адам. Оның байлығы 219 миллиард долларды құрайды. Tesla, SpaceX компанияларының негізін қалаушы. Жасы - 50-де. Өткен жылы Tesla басшысы екі айдың ішінде электромобиль өндірушісінің 16 миллиард доллардан астам акциясын сатқан. Бұл тарихтағы жеке тұлғаға салынатын ең үлкен жылдық салық болды. Дегенмен Маск үшін бұл ешқандай қиындық болған жоқ. Себебі соңғы бір жылда оның байлығы 68 миллиард долларға өсті. Ендеше бүгін ең бай адамның жетістікке жетелейтін нақыл сөздерімен бөлісіп өтеміз. ✔️ “Өзіңізге 6 ай уақыт беріңіз. Егер өміріңізді өзгертуге шындап ниеттенсеңіз, 6 ай бойы бір нәрсені жүйелі түрде жасаңыз. Нәтижесін көретініңізге кепілдік беремін. Егер сіз бас тартсаңыз, демек оны қаламайсыз”. Қазір көп адамдар өз ісімен айналысып, аз ғана жалақы алып, жұмысының рахатын көрмей жүр. Сондықтан өзің жақсы көретін іспен айналыс, ақша қума, жаныңды жадырататын, таңертең тұруға шабыт беретін іспен айналыс. Бастаңыз, 6 ай осы қағиданы ұстаныңыз және нәтижесін көріңіз. Бастысы - тоқтамау. Осы сәтте өміріңізді өзіңіз ойлағандай өзгеретініне кепілдік беремін. ✔️ “Егер адам қандай да бір дүниені өте маңызды деп санаса, ол міндетті түрде істейді. Тіпті бұл жерде мүмкіндік болмаса да.” Өз ұстанымыңызға берік болыңыз және осы бағытта әрекет етуіңізді тоқтатпаңыз. Есіңізде сақтаңыз, кез келген уақытта “табысқа жете алмайсың, мұның бәрі қиял, бұл шындыққа жанаспайды” деп айтатын адамдар табылады. Алайда сіз үшін ойыңыздағы нәрсені істеу маңызды болса, оны жасаңыз. Және басқалардың пікіріне тәуелді болмаңыз. Түйсікке сену арқылы сіз жеңімпаз боласыз. ✔️«Ең қиын нәрсе – дұрыс сұрақтар қою. Мұны тапқаннан кейін, қалғанының бәрі өте оңай. Дұрыс сұрақ қоюды үйрену үшін адам санасының шегін кеңейтуге ұмтылу керек деген қорытындыға келдім. Көпшілігіміз кейбір сұрақтарға жауап іздейміз. Ал дұрыс қойылған сұрақ - жартылай тіпті толыққанды жауап алуға үлкен мүмкіндік. ✔️”Егер сізде миллиондаған доллар болса, бұл сіздің өмір салтыңызды өзгертеді. Мен стандартты өмір жүйесімен әрекет етпеймін. Бірақ білесіз бе, мен жұмыс істеймін. Күн сайын, тіпті демалыс күндері де жұмыс істеймін. Бұған дәлел бірнеше жыл бойы демалыста болмауым”. Өзінің сүйікті ісін тапқан жан табысы жетіп тұрса да, әрдайым осы салада рахаттанып жұмыс істейді. Өйткені бұл іс қуат береді және «қарғыс атсын, тағы жұмысқа баруым керек» деген сөздің орнына өзіңіздің өмір салтыңызға айналатын жобаңызды жасай бастайсыз. ✔️“Қателіктер қорқынышты емес. Ең бастысы - әрдайым жаңа нәрседе қателесу.” Егер жеңіске жеткіңіз келсе, қателіктерден қорықпаңыз. Бір нәрсе жасауға тырыспаған адам еш нәрсе алмайды. Қателіктерге тап болғанда, сіз жай ғана жұмыс істемейтін әрекеттерді білесіз. Бастысы бірдей қателіктерді жасамау. Яғни, әр қадамнан жаңа нәтиже көріп, соған байланысты әрекетті тоқтатпау. Бұл табысқа жетелейтін маңызды жол. ✔️«Менің ойымша, өзіңізден кері байланыс алу өте маңызды: не істеп жатқаныңызды және оны қалай жақсырақ жасауға болатынын үнемі ойлану. Бұл - ең тиімді кеңес. Әрқашан өзіңізге сұрақ қойып, оны жақсартуға болатын жолдарды қарастырып отырыңыз”. Егер сізде жұмысыңызды жақсартуға байланысты идея болса, оны міндетті түрде жасауыңыз қажет. Өмірде заман ағымына ілесу үшін үнемі дамудың маңызы зор. Өз ойларыңызды тексеріңіз, егер сіз бәрі қазірдің өзінде жақсы екеніне және ештеңені өзгертудің қажеті жоқ екеніне көбірек сенгіңіз келсе, онда сіз өткенде қалу және компания немесе нарықтағы маман ретіндегі жетекші позицияңызды жоғалту қаупі бар. Сондықтан сіздің барлық жоспарларыңыз бен ойларыңызды талдау қажет. * * * Тілді оңай меңгерудің тиімді 3 жолы
|
|
Всего комментариев: 0 | |