13:51 Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз... |
* * * 17 жасында батылдығы үшін “Нобель”сыйлығын алған Малала Юсуфзай туралы не білеміз? Малала Юсуфзайдың әлемге әйгілі болуы Малала Юсуфзай 1997 жылы Пәкістанның Мингора қаласында дүниеге келген. Оның әкесі - Пәкістан балаларының құқығын қорғаушы, мектеп директоры. Әкесінің осындай өмірлік ұстанымы қызының дүниетанымын қалыптастыруға әсер еткен. 2009 жылы жұмыс сапарымен Пәкістанға келген BBC журналисі Малалаға мұсылман қыздарының және өзінің өмірі туралы арнайы блог жүргізуді ұсынды. Малала бұл ұсынысқа бірден келісті және оның жазбалары тез арада танымал болды. Көпшіліктің жүрегіне жеткен шынайы жазбалары ағылшын тіліне де аударылды. Ол Пәкістандағы балалардың басынан кешіп жүрген қиындығы туралы, қыздар мен әйелдердің қысым көруі, талибтар қозғалысының ушығуы туралы жазды және бұл туралы бүкіл әлем хабардар болды. Әкесі қызының мұндай әрекетін мақтан тұтып, оған кез келген жағдайда қолдау көрсетіп, сенім білдірді. Малала халыққа арнайы ескертпелерді Гүл Макаи атауымен ("Василек") жариялады. Оның қатысуымен Пәкістандағы қыздар мен әйелдердің тағдырын сипаттайтын деректі фильм түсірілді, ал 2011 жылы Малалаға Ұлттық бейбітшілік сыйлығы мен Халықаралық Балалар бейбітшілік сыйлығы берілді. Осылайша Малала барлығына танымал болып, оның жанкүйерлері пайда бола бастады. Миллиондаған адам Малала Юсуфзайдың жаңа жазбаларын тағатсыздана күтті. Қатыгез қастандық 2012 жылдың 9 қазанында Малала Юсуфзай мектеп автобусымен үйге қайтып келе жатқанында басына үлкен қауіп төнеді. Оқушылар отырған мектеп автобусын бетперде киген және қолдарында қаруы бар «Талибат» тобының адамдары тоқтатып, шабуыл жасайды. Әскерилердің бірі автобусқа кіріп, барлық балалардан "Малала деген кім?" деп сұрап жатты. Малаланың кім екенін анықтаған соң, артынша талиб қызға оқ атады. Бұл оқтан Малала ғана емес оның артындағы екі қыз да жарақат алады. Дер кезінде ауруханаға жетікізілген Малала өлім аузынан аман қалады. Сөйтіп ол Пешавар қаласындағы әскери госпитальға жеткізіліп, біраз уақыт комада жатады. Малаланың өмірін аман алып қалу үшін пәкістан үкіметі оны Ұлыбританияның ең үздік ауруханаларының біріне жеткізеді. Оған бірнеше операция мен емдік шаралары жасалды. 2013 жылдың 4 қаңтарында Малала Бермингемдегі ауруханадан шықты. Малаланың өміріне не үшін қастандық жасалды? Оның жазбалары, жұрт алдында сөз сөйлеуі талиптардың ашуына тиді. 2009 жылдың соңында пәкістандық әскерилер жоғары деңгейде талибтерге қарсы іс жүргізді, ал бұл қозғалыс олардың Сваттан кетуіне алып келді. Қызға қастандық жасамастан бұрын оған бірнеше рет ескерту жасалып, жазбаларын тоқтатуды талап еткен. Дегенмен әлемге әйгілі болған Малала Юсуфзай халқының өмірі туралы ащы шындықты жасырмады. 2013 жылы 16 жасқа толған күнінде (туған күнінде), яғни 12 шілде күні Малала БҰҰ штаб-пәтері Нью-Йоркте Пәкістан балаларының құқығын қорғап, жұрт алдында сөз сөйледі. Оның сөзі жоғары бағаланып, бүкіл әлемнің саяси қайраткерлері мен атақты адамдарының назарын аударды. Бұл күні қызға үлкен қошемет көрсетілді. 1 жыл ішінде Малала Анна Политковск және Сахаров атындағы сыйақыларымен, "Британияның мақтанышы" наградасымен марапатталды. Сонымен қатар ол 2014 жылы, 17 жасында Нобель сыйлығына ие болған ең жас лауреат атанды. * * * Кайдзен әдісі: 1 минутта жетістікке жету құпиясы Кайдзен әдісі көпшілікке үздіксіз әрі тұрақты түрде дамуды үйретеді. Жапониялықтардың ойлап тапқан бұл әдісінің басты мақсаты - күнделікті алға жылжып отыру. Осылайша, кішкентай қадамдармен, үлкен нәтижеге қол жеткізу. ◻️Кайдзен бойынша жалқаулықты жеңіп, жетістікке жету өте тиімді. Себебі сіз белгіленген жоспар бойынша ең алдымен уақытты дұрыс белгілеуді үйренесіз. Осы арқылы көптен бері қорқып, кейінге шегеріп жүрген жұмыстарыңыз алға жылжиды. ◻️Масааки Имаи «Кайдзен: жапондық компаниялардың жетістікке жету кілті» атты кітабында бір минут принципін ерекше атап өтеді. ✔️Нақтырақ айтсақ, 1 минут ішінде жасауыңыз қажет аз да емес, көп те емес тапсырмаларды жазыңыз. Мысалы, кейде сізге жүктелген тапсырмаларды бір күн немесе жарты сағат істеп отыру қиындық тудыруы мүмкін немесе жалқаулық ұстап қалады. Мұндай кезде кайдзен әдісін қолдану ыңғайлы. Яғни, тапсырма қаншалықты ауыр әрі жағымсыз болсын, оны тек 1 минут отырып орындайсыз. Себебі 60 секундқа шыдайсыз және жалығып кетпейсіз. Сонымен қатар уақыттың қалай өткенін байқамай да қаласыз. ✔️Осылайша күн сайын сізге қиын болып көрінетін кез келген іске бір минутыңызды арнайсыз. Мәселен, кітап оқу, шет тілін үйрену, сурет салу. Бұдан кейін сылтау айтуды доғарасыз және жалқаулыққа жол бермейсіз. ✔️Жасаған ісіңізден рахаттана бастайсыз. Өз-өзіңізді кінәламайсыз әрі бойыңыздағы қорқыныш сезімін жоясыз. ✔️ Уақытты тиімді басқаруды үйренесіз әрі өзіңізді күн сайын кінәламайтын боласыз. ✔️Бұл әдіске үйренгеннен кейін ақырындап уақытты 5-10 минутқа ұзарта беруіңізге болады. * * * Көшпелі қазақтың маңыздылығы жоғары болған киім-кешектері Көшпенділердің киім ерекшеліктері әртүрлі болды. Нақтырақ айтсақ, үй жағдайында, саяси қарым-қатынаста, экономикалық байланыста киетін киімдер болып бөлінді. Мысалы, сақтар мен ғұндардың бастарына киген киізден жасалған шошақ бөрік, теріден немесе мауытыдан тігілген қауырмалы бешпент, металл қаңылтырлардан тағылған былғары белдік, тері шалбар және киіз етік сақ киімдерінің үнемі ат үстінде жүретін киелі көшпелі өмір салтына ыңғайлы болғанын көрсетеді. ✔️ Сақ көсемі өңіріне алтын жапсырмалар қадалған және елтірімен әдіптелген қызыл түсті жарғақ камзол киген. Ал жеңі түгел сұр былғарымен оюланып кестеленген. Шекпелі өрнектермен әшекейленген, басына қоңыр киіз қалпақ киген. Әйел үстіне жүннен тоқылған шұбар түсті матадан ұзын етек көйлек киіп, омырау тұсына дөңгелек алтын қапсырмалар қадаған. Көйлектің үстінен иығына қызыл түстермен қиюластыра кестеленген жүн тоқымалы жамылғы жамылған. Бас киімі де өзгеше бөркімен және түтікшелі бұйым қабымен ерекшеленеді. ✔️Қазақ халқының ұлттық киімдері – этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. ✔️Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері: көйлек, дамбал, кәжекей, желетке; сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдерге: шекпен, қаптал шапан, кебенек кенеп, сырттық жатады (қазақ Киім). Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі. Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше қымбат бағалайды. ✔️Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді. Астарына құнды аң терісі салынған тон – ішік деп аталды. Осы аң терісіне сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, жанат ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бөлінеді. Ішіктердің сыртын шұға, мәуіті, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы, торғын, ләмбек сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған. Ішіктер кейде әдепті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып тігілген. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |