21:30
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз...

* * *

Әйгілі кәсіпкер Джек Маның көпшілікке ой салатын нақыл сөздері

Джек Ма - қытай кәсіпкері және филантроп. Ол Alibaba Group, жоғары табысты интернет бизнес тобының негізін қалаушы және атқарушы төрағасы. Сонымен қатар Forbes мұқабасына алғаш рет пайда болған қытайлық кәсіпкер.

2004 жылы Bloomberg  компаниясының мәліметі бойынша Джек Маның жеке байлығы 32,7 миллиард құрап, әлемде 18-ші және Қытайдағы ең бай азамат ретінде тіркелді. 

▪Махаббат - біртүрлі сезім. Бұл - уақыттың өтуімен, жасаған ортаңның ауысуымен бірге өзгеріп отырады. Егер күндердің бірінде сүйгеніңнен айырылып қалсаң сабырлылықпен күт, уақыттың өзі барлығын ұмыттырады, көңілің де сабасына түседі. Махаббаттан бал жұтам деп өлермендене беріліп те кетпе, махаббаттан келетін қайғыдан қабырғаң қайысып шөгіп те кетпе.

▪Өміріңде кездескен кез келген адамды немесе бағалы затты, басқа ешкім, ешнәрсе оның орнын баса алмайды деп қарама. Осы көзқараста мықты болсаң болашақта асылыңнан айырылып қалсаң да сабырлы бола аласың.

▪Мен 26 жыл бойы лотерея билетін сатып алып келемін, әлі бір де бір рет ұтқан жоқпын. Тіпті 3 дәрежелі ұтысқа да жеткем жоқ. Бұл дегеніміз адам табысқа жету үшін құлшына үйреніп, тынбай еңбек ету керектігінің дәлелі, мына әлемде ақы алмайтын асхана жоқ.

▪Адамдарға сенiң құрғақ сөзiң емес, жасаған iс-әрекетiң маңызды.

▪Көптеген табысқа жеткен кәсіпкерлердің білімі орташа болған, бірақ бұл құлшына үйренбеген адам да табысқа жете алады дегендік емес. Есіңде болсын білімің ешкім сеннен тартып ала алмайтын ең мықты қаруың. Адам білімсіз де кәсіп жарата алады, бірақ білімсіз бәрібір де оны дамыта алмайды.

▪Егер 35 жасыңызда сіз әлі де кедей болсаңыз – онда сіз бұған лайықтысыз.

* * *

Жетістікке жетемін десеңіз…

Кәсіпкер болу кез келген адманың қолынан келе бермейді. Дегенмен өз мүмкіндігіне сене білген, әрбір азамат небір сыннан сүрінбей өтіп, биік белестерді бағындыра алады. Егер сіз кәсіпкер болғыңыз келсе, біз ұсынған 30 кеңесті әдетке айналдыруыңыз керек.

Кітап оқуды жаныңызға серік етіңіз. Кітап оқу арқылы сіз жаңа әлемнің есігін ашасыз. Сәйкесінше ойлау қабілетіңіз артады. Мейлі көркем әдеби, мейлі ғылыми кітап болсын оқуды әдетке айналдырыңыз. Ең маңыздысы оқыған ақпаратты өмірде кәдеге жарату.

Жаңалықтар легінен хабардар болыңыз. Жетістікке жеткен табысты адамның образынан өзіңізді көргіңіз келсе, әлем жаңалықтарынан, сонымен қатар сіздің қызығушылығыңызға байланысты қандай жаңалықтар болып жатқаны туралы хабардар болып отырыңыз. Білім — бұл баға жетпес байлық.

Жаңа орта жаңа таныс табудан ешқашан бас тартпаңыз. Бұл жерден сіз өміріңізді жақсы жағына өзгертетін себептердің пайда болуына мүмкіндік табасыз.

Бәсекелестерді қадағалыап отырыңыз. Егер олар жаңа өнім шығарса, бұл өнім туралы сіз бірінші хабардар болуыңыз керек.

Өзгерісте болыңыз. Үнемі өзгерісте болып, жаңашылдыққа ұмтылудан жалықпаңыз.

Жаңа технологиялар туралы біліңіз. Заманауи технологиялар кез келген сұрақтың жауабын шешуге көмектесіп, кез келген тығырықтан шығуға көмектеседі. Сондықтан жаңа технологиялар жайлы біле жүріңіз. Сіздің рухани тән саулығыңыздың кепілі.

Жаныңызға жақын іспен айгалысыңыз. Тек қана қауырт жұмыспен шектелмей жаныңызға жақын іспен айналысыңыз. Бұл рухани тән саулығыңыздың кепілі.

Әрдайым шабыт алыңыз. Барған, көрген саяхаттаған тіпті қарапайым сауда орталықтарында қарапайым заттардан мотивация алуға тырысыңыз.

Сарапшы ретінде кеңес бере отырыңыз. Сарапшы ретінде, кеңесші ретінде сізден кейінгілерге білгеніңізбен бөлісу, сіздің біліміңіздің арттырып,кәсіп саласында жоғары статаус қалыптастыруыңызға себеп болады.

Қоғамға пайдаңыз тисін. Тек жеке пайдасын ойлаған адамның жетістікке жете бермейтіні түсінікті. Сол себепті, жақсылық пен мейірімділіктің артынан міндетті түрде шуақты күндер күтіп тұрғанын есіңізден шығармағайсыз.

Командаңызбен қарым-қатынасыңыз жақсы болсын. Командаңыздағы ара-қатынас мейлінше ашық болсын. Сұрақтар мен пікірлерге, талқылауларда ойларын ашық жеткізу үшін қамқорлық танытыңыз.

Тәуекелшіл болудан қорықпаңыз. Бұл сіздің табысты қадамдарыңызддың бастамасы болуы мүмкін.

Барлық істе шешімнің болатыны белгілі. Барлық іске сыни тұрғыдан қарай отырып, оны жақсарту үшін мүмкіндіктер іздеңіз.

Медитация жасаңыз. Белгілі бір уақыт аралығында медитация жасауды әдетке айналдырыңыз. Бұл ақыл-ойды тазартуға, стрессті азайтуға және фокустауға көмектеседі.

Нәтижелі, өнімді жұмыстың кепілі ұйқы. Сегіз сағаттық ұйқы сізді физикалық және эмоционалды жағынан сергек сезінуге мүмкіндік береді.

Дұрыс тамақтаныңыз. Дұрыс тамақтану денсаулықты сақтаудың басты шарты. Сол себепті тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн.

Дене жаттығуларымен айналысыңыз. Бұл сіздің сергек әрі сенімді жүруіңізге көмектеседі. Спорт — денсаулық кепілі.

Ақыл-ой үшін жаттығу жасаңыз. Миды жаттықтыруға арналған ойындар мен басқатырғыштар арқылы сыни ойлауды, есте сақтау қабілетін дамыта аласыз.

Басыңызға түскен жағдайға сабырмен қараңыз. Кез келген мәселені тек бір жақты қараудан аулақ болыңыз. Күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін табу үшін бәрін біліңіз.

Өзіңіздің жеке басыңыздағы маңызды сәттерге де уақыт бөліңіз. Себебі осындай көңілге қуаныш сыйлайтын сәттер сізге өмірлік мотивация беруі мүмкін.

Кез келген жағдайға бейімделіңіз. Әрбір ситуацияға түсінікпен қараңыз. Сіздің жоспарларыңыз кенеттен өзгеріп, келеңсіз жайттар немесе сіз күтпеген тосын сыйлар орын алуы мүмкін. Алайда, қандай жағдай болса да сабырлық танытып, түсіністікпен қараңыз. Адамның басына сынақ кез келген уақытта түседі.

Біліміңізді тереңдетіңіз. Күн сайын жаңа әлеммен танысып, жаңа дүниені үйренуді мақсат қойыңыз.

Өзіңізге көңіл бөліңіз. Өз-өзіңізді жетілдіруге уақыт бөліңіз.

Уақытты маңызы жоқ шешімдер қабылдауға жұмсамаңыз.

* * *

Көшпелі қазақтағы бартерлік сауда: Қандай тауарлар сатылымға шықты?

Просмотров: 59 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: