21:35 Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз... |
* * * Қазақтың жетістікке жеткен тұңғыштары Бірінші хан - Керей хан Болатұлы (1465-1473) Бірінші ойшыл - Асан Қайғы (Асан Сәбитұлы, XIV - XV ғ.ғ.) Бірінші заң шығарушы - Қасым хан Жәнібекұлы (1455 - 1523/1524). Азия мен Еуропаны аралаған бірінші саяхатшы - Қазыбек бек Тауасарұлы (1692-1776) Бірінші дәрігер - Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1397-1492). Еуропалықтардан бұрын оспадан вакцина тапқан. Бірінші шешен - Жиренше шешен (XV ғ.) Бірінші заң шығарушы - Қасым хан Жәнібекұлы (1455 - 1523/1524). Қасым ханның қасқа жолы есіңізде болар?! Бірінші тарихшы - Қадырғали Қосынұлы Жалайри (1530–1605) Азия мен Еуропаны аралаған бірінші саяхатшы - Қазыбек бек Тауасарұлы (1692-1776) Ұлы жүздің бірінші ханы - Жолбарыс хан Айтақұлы(1718-1740) Орта жүздін бірінші ханы - Сәмеке (Шахмұхаммед) хан Тәукеұлы (1718-1734) Кіші жүздің бірінші ханы - Әбілқайыр хан Айтақұлы (1718-1748) Бірінші батыр қыз - Гауһар (XVIII ғ.). (Қаракерей Қабанбай батырдың әйелі, Бәсентиін Малайсары батырдың қарындасы) Қазақ даласындағы көтерілістердің бірінші басшысы - Сырым батыр Датұлы (1783-1797) Қазақтан бірінші шыққан Ресей генералы және қазақ даласындағы бірінші мектеп ашқан - Жәңгір хан Бөкейұлы (1831 жылы генерал лауазымын алған) Бірінші зерттеуші-ғалым - Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) Бірінші мұғалім, ағартушы, оқулық шығарушысы - Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) Қазақша жазба әдебиетінің бірінші қалаушысы - Абай Құнанбайұлы (1845-1904) Жоғары білім алған алғашқы қазақ - Сейдахмет Сүйінішқалиев (1881 жылы Қазан университетінің физикалық математикалық факультетін бітірген) Екі жоғары білім алған бірінші қазақ - Дінмұхаммед Сұлтанғазин (1895 жылы Санкт-Петербург университетінің шығыстану және құқық факультеттерін бітірген) Қазақтан шыққан бірінші революционер большевик және дүниежүзін аралап келген қазақтын бірінші саяхатшысы - Әліби Жангелдин (1884-1953) Қазақ тілінде шыққан тұңғыш газеттің іргетасын қалаушы - Шаһмардан Ыбрайымов (Түркістан уәлаятының газеті, 1870-1882 ж.ж.) Бірінші журналист - Нәзипа Құлжанова (1887-1933) Бірінші елші, дипломат - Нәзір Төреқұлов (1892-1938) Бірінші режиссер - Жұмат Шанин (1892-1938) Бірінші әйел-мұғалім - Хұсни-Жамал Зұлқарнайқызы Нұралыханова (1894 жылдан бастап) Бірінші қазақ, құрметіне астрономиялық нысанға есімі берілген ғалым - Қаныш Сәтбаев (1899-1964) Алғашқы суретші Шоқан Уәлиханов, |
|
Всего комментариев: 0 | |