22:13
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз...

* * *

Мэрилин Монро: Мансап - керемет нәрсе, бірақ ол салқын түнде ешкімді жылыта алмайды

Мэрилин Монро XX ғасырдың ең тартымды әрі қылықты әйелдерінің бірі. Ол жай ғана актриса, әнші әрі модель емес, сонымен қатар өз дәуірінің сұлулық символы бола білген жан. Оның өмір, махаббат және бақытты болу туралы айтып кеткен ойлары әлі күнге дейін ел аузында. Ендеше назарлараңызға Мэрилин Монроның ең танымал дәйексөздерін ұсынамыз.

Кез келген қыз ешқашан өзін қажет етпейтін жандарға мұқтаж емес екенін ұмытпауы керек.

 

Әйелдерде екі қару бар: тушь және көз жасы. Бірақ біз екеуін бір уақытта пайдалана алмаймыз.

 

Мансап - керемет нәрсе, бірақ ол салқын түнде ешкімді жылыта алмайды.

 

Біреумен бақытсыз болғаннан гөрі жалғыз жүрген артық.

 

Кетемін деп шешім қабылдаған жеріңізге ешқашан оралмаңыз. Олар сізден қанша сұраса да және өзіңіз қаншалықты қаласаңыз да. Бір тауды бағындырғаннан кейін, екіншісіне белесті бағындыруға ұмтылуыңыз керек.

 

Кішкентай кезімде әдемі екенімді маған ешкім айтқан емес. Бір түсінгенім, кішкентай қыздардың барлығына әдемі болмаса да, әдемі екенін айтып отыру қажет.

 

Иіс суды сүймейтін әйелдер жоқ. Тек өз иісін таппаған әйелдер бар ...

Мен сенген адамды ешқашан тастаған емеспін.

 

Кешігу дегеніміз – сізді расымен күткеніне көз жеткізу. Тек сізді, басқа ешкімді емес. Сіз таптырмайтын адам екеніңізді біліңіз.

 

Бақыт ақшада емес, саудада.

 

Уайымдамаңыз, бірақ уайымдатыңыз.

 

Шынымды айтсам, маған тек жақсылығымды көретін адам қажет емес. Маған бойымдағы жамандығымды көрсе де, бірге болғысы келетін адам керек.

 

Маған «сен ақымақсың» деген адамға ренжімеймін. Себебі олай емес екенін жақсы білемін.

 

Ит мені ешқашан қапқан емес. Қапқан тек адамдар.

* * *

Жаз мезгілінде қандай өнімдермен тамақтанған дұрыс?

Жаз мезгілінің аптап ыстық күдері ағзамызда дәрумен жетіспеушілгі туындайды. Ал бұл сәйкесінше түрлі ауруға шалдықтруы мүмкін. Осындай ыстық күндері қандай тағамдар мен сусындарды тұтынған жөн? Назарларыңызға бірнеше кеңесті ұсынамыз.

Жазды күні қалай тамақтану керек?

Ыстық күндері суды барынша көп ішу керек. Бұл біздің денемізді ыстықтан қорғаудың табиғи жолы. Денеміздің 60%-ын су құрайды. Суда сонымен қатар тұздылықта болады. Тұздылықтың негізгі химиялық элементтері — натрий (Na) және калий (K).

Адам ағзасы салқындықты қалаған кезде, денесінде тершеңдік пайда болады. Мұндай жағдайда адам терісінде тек су ғана емес, сонымен қатар тұз, әртүрлі микроэлементтер және компоненттер бөлінеді. Ыстық күндері  марафоншылар сағатына екі литр суды тұтынуы мүмкін.

Тағам құнарлығын қалай азайтамыз?

 

Тұз

Ыстық күндері де адам ағзасына тұз қажет. Бірақ барынша құнарлығы аз тағамдармен тамақтанғанымыз жөн. Ағзамыз өмір бойы натрийді қажет етеді. Натрийі бар өнімдерді атасақ: сүт және кілегей (100 г-нан 50 мг), жұмыртқада ( 100 г-нан 80 мг) бар. Натрийдің ең негізгі көзі – натрий хлориді (NaCl). Бұл көбінде дайын тамақ өнімдеріне қосылады. Мысалы үшін, нанда 100 г- нан 250 мг натрий болады. Ал балық және ет өнімдерінде (бекон 100 г-нан 1,5 г), тағамдардан (тұздалған крекерлер мен попкорндарда 100 г-нан 1,5 г) бар. Сондай-ақ натрий жоғары мөлшерде әртүрлі дәмдеуіштер мен соустарда болады. Мысалы, соя соусында 100 грамнан 7 грамм натрий бар.

Norma World денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 16 жастан асқан адамдар үшін тұз қабылдау тәулігіне (бір шай қасық ½) 5 г-ды құрайды.

 

Көкөністер мен жемістер

Көкіністер мен жеміс-жидектердің 90%-ы судан тұрады. Алайда табиғи судан айырмашылығы оларда қышқыл мен тұздылық болады.

Көкөністерді тұтас немесе салаттар түрінде дайындап жеуге болады. Көп мөлшердегі тұз адам ағзасына зиян, ал бұның орнын өсімдік майы, йогурт тағам өнімдері толтырады. Салатқа көкөніспен қатар ет, балық өнімдерін және ірімшік қосуға болады. Бұл тағамдарда сіздің ағзаңызды аққуызбен байытады.

Салаттарды бөлме температурасындағы таза сумен, кваспен немесе айранмен бірге жегеніңіз дұрыс. Ал Азия халықтары ыстық күндері көк шайды қабылдайды.

 

Салқын сорпа

Бұл – біріншіден тамақ болса, екіншіден салқын сусын ретінде шөліңізді басады. Кез келген ұлт өкілдерінің тағамдарында салқындатып ішуге арналған сорпалары болады. Мысалы үшін, көже, окрощка,  гаспачо, таратор, холодник, ботвинник сынды суық сорпа тамақтар.

Мұндай сорпа тамақтар көкөністерден, өсімдік майы, көкөніс-ет, көкөніс-балықты және сұйық негізден тұрады.

 

Тамақтану тәртібін қолға алу

Ауа райының ыстық болуы ағзаға үлкен күш түсіреді. Асқа тәбеттің болмауы, ал тамақтанған соң іштің ауыруы осы күндері байқалады. Сондықтан да тамақтанудың ретін өзгертеміз. Яғни, таңғы асты сағат 6-7-лерде ішкен жөн. Түскі асты сағат 11-11:30-да, ал кешкі асты 18:00-де немесе 20-21:00 аралығында ішу керек. Бір күндік рационның құнарлығы: таңғы аста – 35%, түскі аста – 25%, кешкі аста – 25%, кешкі уақытта нәр тату – 15% болу қажет.

* * *

Көшпелі қазақ жеріндегі салық жүйесінің ерекшеліктері

Қазақстан жерінде жүздеген жылдар бойы өзіндік салық салу жүйесі қалыптасты. Бұл жүйе бір жағынан өзіндік салт-дәстүрге, тарихи тәжірибеге сай дамыса, екінші жағынан сыртқы мемлекеттердің әсерінен де дамыды.

Табиғаттың қатал болуы, қуаңшылық жағдайлар, жауынның, су қорларының аз болуы қазақ халқы үшін көшпенділік мал шаруашылығымен айналысуға алып келді. Көшпенді рулар мен одақтардың хандары мен билері, сұлтандары жайылымдық жерлерде иелік орнатты.

Бұл жөнінде А. Левшин былай деп жазады: Қырғыздардың ұлылықтары халықтан төлемдерді мал түрінде және зат ретінде ешқандай белгіленген тәртіпсіз жағдайларда алып тұрды.

Қазақтардан салық алу тәртібін қалыптастыру XVII ғасырға тән болды. Сол кезде Тәуке ханға міндетті салық төлеу, нақтырақ айтсақ мал шщаруашылығымен айналысатын аймақтарда малдың 120 бөлігін, егіншілкпен айналысатын аймақтарда егіннің 110 бөлігін төлеу іске асырылды.

Ішкі Ордада феодалдық төлемнің жүйесі сөгіле, зекет, хан-киіз, пішен салық түрінде қалыптасты. Соғымды әрбір 15 сиырдан біреуін алатын еді. Сөйтіп хан бір жылда соғым ретінде 800-1000 басқа дейін ірі қара алып тұрды. Хан табысының негізгі көзі зекет болды, одан 1849 жылы ғана ақша түрінде шаққанда 45746 сом күміс түсіп отырды. Хан қазынасына шаруалардың дайындаған шөбі мен мал өнімдерінің бір бөлігі алынып отырды.

Көшпенділіктен отырықщылыққа ауысу кезінде егіншілікпен айналысатын түземдердің жерлерінен егін көлемінің 110 мөлшерінде жер салығы алынды.

* * *

Қаржылық сауатыңызды арттыруға көмектесетін ТОП-4 кітап

Назарларыңа қаржылық сауаттылықтарыңды арттыратын ТОП-4 кітапты ұсынамыз:

 

Ақша ақшаны жасайды (Деньги делают деньги)

Қаржылай тәуелсіз болу - адамға берілген еркіндік. Бұл санаттағы жан ақшаға күнкөріс құралы ретінде қарамайды. Дмитрий Лебедев аталмыш кітапты өзінің, тұтынушыларының, достарының,  таныстарының қаржылық еркіндікке қол жеткізу тәжірибесіне сүйене отырып жазды. Ондағы барлық мысалдар мен ұсыныстар нақты әрі тексерілген. “Ақшаны қайда салуға болады және қайда сақтау керек?”сынды сұрақтарыңызға жауап табасыз.

Бұл кітап - ақша тапшылығы шеңберінен шығуға көмектеседі. Автор сізге жеке капиталды қалай құруды, оны үнемдеу мен көбейтуді үйретеді. Осылайша ақша күн тәртібіндегі бірінші мәселе болуын доғарады. Сіз шынымен өмір сүруді үйреніп, демалып, саяхаттап, басқаларға көмектесе алатын боласыз.

Вавилондағы ең бай адам (Самый богатый человек в Вавилоне)

Бұл кітап 1926 жылы жазылған. Авторы – Джордж Самуэл Клейсон. Мұнда Ежелгі Вавилондағы оқиғалар сипатталады. Кітап авторы өзінің бір әңгімесінде «Адамның байлығы оның әмиянындағы теңгенің санымен өлшенбейді. Байлық оның табысына байланысты айқындалады», – деген екен.

Осылайша, ол табыс саяхаттағаныңа немесе қажетті заттарыңды алғаныңа қарамастан көбеюі керек деген тұжырымға келеді.  Клейсонның аталмыш кітабы әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, ең үздік туындылардың қатарына енді. Бүкіләлемдік бестселлерге айналған туындыда байлыққа қатысты ежелден келе жатқан ережелер айтылған. Сондықтан бұл әрбір миллионер оқыған кітап деп есептеледі.

Туынды өте қарапайым әрі түсінікті тілде жазылған. Бұл жерде қаржыңызды жоспарлауды, табысыңызды сақтауды және оны үнемдеуді үйретеді. Мұны «байлық әліппесі» деп те атайды. Себебі аталмыш кітап жүз мыңдаған адамға қаржылай тәуелсіз болуға көмектесті. Сен де оқып, миллионерлердің қатарына қосыл!

Бай әке, кедей әке (Богатый папа, бедный папа)

Бұл америкалық кәсіпкер, инвестор, жазушы Роберт Кийосакидің 26 млн данамен тараған бүкіл әлемге танымал кітабы. Туынды ақшаны дұрыс жұмсап, сауатты басқарғысы келетін адамдар мен жас кәсіпкерлерге арналған. Мұнда Роберт Кийосакидің басынан өткен оқиғалары баяндалады.  Кітаптың мақсаты Роберттің балалық шағында ақшаға байланысты айтылған екі түрлі тәрбиелік көзқарасына негізделеді. Бірі — білім министрі болып қызмет еткен өзінің туған әкесінің тәрбиесі болса, екіншісі — Майк атты досының бизнесмен әкесі. Ол Гавай аралдарындағы ең бай адамдардың бірі болады.

Бірінші әкесі «Жақсы оқы, жақсы мекемеге жұмысқа тұрасың» деп өсиет айтса, екіншісі: «Мықты оқы, кейін жақсы компания тауып, оны сатып аласың» – деді. Осылайша тәрбиелік жолда екіншісін таңдаған Роберт қаржылық жолда үлкен жетістіктерге қол жеткізеді.

Қаржылық еркіндікке апаратын жол (Путь к финансовой свободе)

Белгілі бизнес-кеңесші Бодо Шефердің аталмыш кітабы адамдарды қаржылық еркіндікке жетелейді. Автордың пікірінше, егер адамның басында қаржылық мәселе болса, ол ақша туралы көп ойлай бастайды. Сонымен қатар ол байлар мен кедейлер банктегі шоттың мөлшерімен ғана емес, ойлау қабілеттерімен де ерекшеленетінін айтады. Себебі ой арқылы энергия пайда болады. Ал энергияға байланысты ақша келеді.

Автор табысты арттыруға байланысты бірнеше кеңес ұсынады. Нақтырақ айтсақ, тапқан табыстың белгілі бір пайызын үнемдеп отырасыз. Табысыңызды арттырып, оның да белгілі мөлшерін үнемдеуді әдетке айналдырасыз. Кітапта осыған қатысты көптеген ақпараттар айтылған. Оқып шықсаң, қаржылық еркіндікке ерте қол жеткізетініңе сенімді бол!

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 68 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: