23:09
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз...

* * *

Жағымсыз әдеттерден құтылудың ТОП-5 әдісі

Сөзіңді түзе - әдетіңе айналады,

Әдетің - мінезіңе айналады.

Мінезің - сенің тағдырың.

Шәкәрім Құдайбердіұлының дәл осы нақыл сөзі бүгінгі тақырыпқа арқау болып тұр. Себебі біздің бүгінгі іс-әрекетіміз ертеңгі күні қандай адам болатынымыздың айқын көрінісі. Сол үшін күнделікті әдеттерімізді бақылауға алу өте маңызды. Ендеше біз ұсынған кеңеске назар аудар.

1. Өз қателігіңді мойындап үйрен. Егер жаман әдетіңнен расымен арылғың келсе, шындыққа бетпе-бет қарауың керек. Себебі мойындау арқылы онымен күресе аласың.

2. Ниет етіп, әрекет етудің нақты бір жоспарын құр. Нақты әрекеттердің тізімін жазып, өзіңді жақсарту үшін не жасауың керек екенін жаз. Сонымен қатар осы мәселені шешу үшін нақты уақытын белгіле.

Осы тұста «Егер сен жоспар құрмасаң, сәтсіздікті жоспарлайтын боласың» деген нақыл сөзді есіңнен шығарма.

3. Жаман әдеттердің орнын әлдебір пайдалы әрі дұрыс нәрсемен алмастыруға тырыс. Есіңде болсын, жаман әдеттермен күрес анағұрлым сәтті болады.

Көп жағдайда жағымды эмоция мен жақсы әсердің жетіспеуінен жаман әдеттер пайда болады.

Мысалы, әлеуметтік желіде өткізетін уақытты пайдалы кітап оқумен немесе спортпен айналысумен алмастыр.

4. Сені жаман әдетке алып келетін үйреншікті дағдылардан бойыңды аулақ ұста. Мәселен, егер сен ақшаны тез жұмсап тастауға әуес болсаң, оны бірден сенімді адамға беріп қоюға тырыс.

5. Араласатын ортаңды ауыстыр. Себебі  жаман орта әсерінен жаман әдеттер пайда болып жатады.

Өз ортаңда сені жаман әрі дұрыс емес әрекеттерге итермелейтін достарың мен ескі тамырлардан бас тарту керек. Мұндай жандардан аулақ жүруге тырыс.

* * *

Көшпенді қазақта қалыптасқан ақша түрлері

Ұлы жібек жолының өркендеуінен қазақ жерінде қытайлардың ушу монеталары қолданыста болғанын айтып өткенбіз. Осыдан кейін Оңтүстік Қазақстан және Жетісу қалаларында Қытайдың басқа кайюань тунбао монеталары пайдаланыла бастады. Бұл Қытайдың қазіргі замандағы валютасының атымен ұқсас. Дегенмен VIII ғасырда қытайдың ақша монополиясын соғдылар бұзды.

Шығыс Ираннан шыққан бұл халық бүкіл Жібек Жолының бойымен сауда жасады. Сонымен қатар Түркі қағанына бағынышты Қазақстан аумағындағы қалалардың негізгі халқын құрады. Олар Қытайдан бастап Иранға дейінгі көптеген керуен сарайларды ұстады.

Соғдылар алдымен еш өзгертпестен Қытай монеталарын соқты. Қазір осыны қарақшылық көшірмелер, яғни плагиат деп айтуға болады.

Ал содан соң оларда соғды тіліндегі жазулар мен пышақ түріндегі бұқар белгісі пайда бола бастады.

Қытай және соғды монеталарының көпшілігі Отырардың қалалық базарын қазу кезінде табылды.

VII—VIII ғасырда Еуропа қалаларында құлдырау басталған кезде Орта Сырдарияда — керісінше қалалар мен сауда гүлдене бастады. Бұл қалалар өздерінің қола монеталарын соға бастады. Алайда үлгі ретінде соғды монеталарын алды. Осылайша, қазақ жерінде соғдылар мен қытайлардан алынған көшірме ақшалар пайда болды.

Бірақ аймақтағы қытайда шығарылған ақша «жадына» сақталып калған жоқ, мұны монеталардағы шаршы тесіктер растайды. Аталмыш ақшалар бізде екі ғасыр бойы айналыста болды.

* * *

Әлемдегі валюталар жайлы қызықты 16 дерек

Валюта - тауарлар құнының шамасын өлшеу үшін қолданылатын ақша өлшемі.

Бүгін осы валютар жайлы қызықты деректермен бөлісуді жөн көрдік. Сіз де таным-көкжиеніңізді кеңейтіп, әлемдегі валютар жайлы біліміңізді толықтырыңыз.

1.5000 рубльдік ресейлік банкноттың салмағы 1,02 грамм. Ал бес мыңдық купюрадағы бір миллион рубльдің салмағы 204 граммды құрайды.

2. Доллар купюрасын өндіруге арналған материалдар – зығыр және мақта.

3. Алғашқы қағаз ақша шамамен біздің заманымыздың 5 ғасырының ортасында Қытайда пайда болды.

4. Зимбабведе инфляция ең жоғарғы шегінде жылына 321 миллион% құрады. Соның салдарынан ел өз валютасынан бас тартып, АҚШ долларына көшті.

5. Еуро – әлемдегі ең жас валюта. Ол 1999 жылы 1 қаңтарда қолма-қол ақшасыз айналымға енді. Ал алғашқы банкноттар мен монеталар тек 2002 жылдың қаңтарында пайда болды.

6. Швейцария франкінің барлық банкноттарында мәтін мен кескіндердің тік орналасуы - басқа елдердің банкноттарынан ерекшелеп тұрады.

7. Вьетнамдағы банкноттар (донгтар) жыртылмайды, суға батпайды және күймейді. Олар ең жұқа пластиктен жасалған және қайшымен кесілген жағдайда ғана істен шығады. Сондай-ақ, пластикалық банкноттар Австралия, Таиланд және Жаңа Зеландияға тән.

8. 60-жылдардың басында 1 ресей рубліне 1 грамм алтын сатып алуға болатын.

9. Британдық фунт стерлинг айналымында 100 бірлік банкноттарды таба алмайсыз. Тек 5, 10, 20 және 50 фунттық банкноттар қолданылады.

10. Әрбір долларлық купюраның өз қызмет ету мерзімі бар: 100 доллар үшін – 5 жыл, ал 20 доллар үшін – бар болғаны 25 ай.

11. Басқа валюталардың көпшілігінен айырмашылығы, қытай юані долларға байланысты емес. 2005 жылдан бастап юань бағамы бірнеше валютаның «себетіне» қатысты есептелді.

12. Теңгенің алғашқы партиясы Англияда шығарылды: оны тасымалдауға 18 рейс тартылды. Ал қазіргі таңда теңге Қазақстандағы өз зауытында өндіріледі.

13. Еуроның ең жоғары құны 2014 жылғы 16 желтоқсанда тіркелді - ол кезде баға алдыңғы күннің жабылу деңгейімен салыстырғанда 23%-ға қымбаттап, 100,74 рубль болды.

14. Доллор банкноталарына жарнама орнату 2004 жылдан бастау алады.

15. АҚШ-та тірі адамдарды банкноталарда бейнелеуге тыйым салынған.

16. Әлем валюталарының ішіндегі ең жеңіл тиынның салмағы – 0,17 грамм.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 71 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: