23:22 Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз... |
* * * Дінмұхаммед Қонаев: Адамға жазаның ең үлкені - жұмыссыз қалдыру Дінмұхамед Қонаев кеңестік мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы. Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда болды. Оның арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, яғни түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Ендеше бүгін назарларыңызға ұлы тұлғаның керемет нақыл сөздерін ұсынамыз.
Сен кетті екен деп өмір - өзен ағысын өзгертпейді.
12. Орынды сын ойлантпай қоймайды. * * * Құм жұтқан Сауран қаласының сауда-саттыққа тигізген ТОП-4 әсері Сауран қаласы Отырардың солтүстігіндегі темір жол бойында орналасқан. Шаһардың іргетасы ІХ ғасырда қаланған. Тарихи деректерге үңілсек, «Алғашында Отырар датқасы бұл қаланы шекараға, қыпшақ қалалары мен көшпелі қыпшақ хандарының шекарасына әдейі салғызған» деген мәлімет кездеседі. Қалада үнемі әскер тұрғаны айтылады. Онда келіссөздер жүргізілген екен. Оның үстіне Сауран арқылы «Жібек жолы» өтетін. Бұл жағдай оның сауда-саттыққа, алыс-беріске, өркендеп, өсуіне жан-жақты ықпал еткенін аңғартып тұр. Дүкенбай Досжан зерттеу мақаласында: «Қаланы алты мұнарлы үлкен қорған қоршап тұрған екен. Қорған саз балшықтан, кей жері күйдірген қыштан өріліпті. Әр мұнарада қарауыл қарайтын күмбез, жауға оқ ататын тесіктер бар. Осы белгілер Сауран қаласының негізігі міндеті – ел күзету, басқыншы жауға бірінші тосқауыл болу екенін байқауға болады. Қорған төрт бұрышты етіп салынған. Қалаға кірер қақпа мен шығар қақпа бір-біріне тұспа-тұс орнатылған. Оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа көлбеу жатыр. Тосын көзге бірден шалынатын нәрсе – қала халқының өте тығыз отырғанға ұқсайтындығы Өйткені белдеу-белдеу, қатпар-қатпар болып жатқан топырақ үйінділері бұрынғы үйлерді, дуалдарды көз алдыңа елестетеді. Сонымен қатар ескі қару-жарақ, қыш құмыра, ыдыстарынан аяқ алып жүргісіз. Сәл қазып көрсеңіз – бірі болмаса, бірі шыға келеді. Қаланы 1219 жылы Жошыхан қиратқанымен Сауран ХV ғасырдың аяғына дейін өмір сүрген», - деп жазады. Тағы бір деректе XIII ғасырдың орта тұсында Сауран қалашығы Ақ Орданың астанасы болғаны жазылады. XIV ғасырдың аяғында Сауранды Әмір Темір әскери қамалға айналдырған, осылайша Сауран қалашығы ислам дінінің Қазақстанға таралуына ықпал еткен деседі. Сауран ерекше әскери-стратегиялық әрі сауда-экономикалық, мәдени-тарихи мәні бар қала болған. Сауранды зерттеген ғалымдардың бәрі Сырдария бойында және қазақ даласында болған оқиғалар жайында жазғанда шаһардың ортағасырлық екенін алға тартады. * * * Кітапты дұрыс таңдауға арналған ТОП- 5 лайфхак
Әр айдың басында үш сұраққа жауап беремін. Тізімдегі сұрақтардың кез келгеніне жауап иә болса, келесі қадамдарға қорықпай өтуге болады. Егер жауап жоқ болса, сұрақты қоюды жалғастыру керек. Қазір оқығым келетін кітап немесе автор бар ма? Дәл қазір мен үшін қандай мәселелер маңызды? Өмірімде жақсартқым келетін сала бар ма? Соңғы кездері мені не қызықтырады? Мен бұл туралы көбірек оқуға дайынмын ба? Бұл сұрақтар ішкі сұранысыңызды қанағаттандыратын кітапты дәл таңдауға, қажеттіліктеріңіз бен қалауларыңызды түсінуге мүмкіндік береді.
Сұрақтар кітапты таңдаудың жалғыз жолы емес. Оқуды қызықты саяхатқа айналдырудың тағы төрт әдісін қараңыз. Тізімдерді пайдаланыңыз. Интернетте көптеген беделді библиографиялар бар. Goodreads және Amazon сияқты ресурстар оларды тұрақты негізде құрастырады. Бір тақырыпты, жанрды немесе басқа ортақ мүмкіндіктерді бөлісетін кітаптарды оқыңыз. Мысалы, жыл ішінде тек өмірбаяндарды немесе әйелдер жазған кітаптарды оқыңыз.
Олар: мұқабасы қызықтырған кітап; фильмге бейімделген кітап; марапатталған кітап; нақты оқиғаларға негізделген кітап; шет тілінде жазылған кітап;
Оқығыңыз келетін кітапты таңдағаннан кейін, кітапқа шолу жасап, мазмұны мен кіріспесіне қараңыз. Бұл қадамды үнемі орындауға тырысыңыз. Кейде мүмкіндікті пайдаланып, кітапты сіз үшін ештеңе білмейтін нағыз шытырман оқиғаға айналдыру жақсырақ.
5. Аудиал, визуал немесе кинестетик болуыңызға байланысты кітап таңдаңыз. Егер аудиал болсаңыз, аудио кітаптарды тыңдауға тырысыңыз. Егер визуал болсаңыз, онда кітапты көзбен көріп, оқығаныңыз дұрыс. Ал кинестетик болсаңыз, қолыңызға ұстап, оның әр суретіне, мұқабасына мән бергеніңіз жөн. * * * Ақшаны қандай депозитке салған тиімді? Ең тиімді депозит түрін таңдау үшін алдымен оның не үшін қажет екенін анықтап алыңыз. Көп жағдайда адамдар ақшаны үнемдеуді білетін және білмейтін болып бөлінеді. Сондықтан тұрақты депозит пайдаланушыларды 2 санатқа бөліп қарастырамыз: 1. Депозиттен ақша шешпейтіндер. Яғни, пайыздық мөлшерлеме бойынша депозитті таңдап, жиналған қаражатты алмауға тырысатын жандар бар. Әдетте олар жинақ салымдарына дайын болмайды. Мәселен, мұндай адамдар ақша шұғыл түрде қажет болған жағдайда, оны кез келген уақытта шешуге мүмкіндігім болмайды деп қорқады. Сондықтан олар маңыздылық туындаған кезде қажетті сомадан аспайтын қаражатты алып тастайды. 2. Депозиттен ақша шешетідер. Әдетте жалақы беретін банктің өтініші арқылы депозит ашатын адамдар бар. Көп жағдайда олар үлкен соманы жинай алмайды. Себебі ақшасы таусылған уақытта бірден депозиттен картаға қажетті қаражатты аударып алуға әдеттеніп алған. Сондықтан мұндай адамдар қаражатты аз мөлшерде жинайды. Егер сіз бірінші санатқа жатсаңыз, ақша жинауда ешқандай проблема туындамайтыны анық. Ал екінші санаттағы жан болсаңыз, онда кеңесімізге көз салыңыз. Төменде депозитте үлкен соманы жинауға арналған бірнеше кеңес ұсынамыз: Ақшаны аяқасты қажеттілік туындайтын жағдайлар үшін жинағыңыз келсе, мерзімсіз салымды таңдағаныңыз дұрыс. Өйткені аталмыш салым түрінде ақшаны салуға және алуға байланысты қойылатын белгілі бір шектеулер болмайды. Ал егер үлкен сомада ақша жинауды көздесеңіз, мерзімді салым түрі тиімді болмақ. Бұл салымның бір оңтайлы тұсы - ақша толықтыруға ешқандай шектеу қойылмайды. Сонымен қатар салымшы ақшаны мерзімінен бұрын алу мүмкіндігіне де ие бола алады. Алайда мұндай жағдайда сыйақы ала алмайсыз. Мақсатыңыз тиімді мөлшерлеме есебінен ақша жинау болса, толықтыруға болатын жинақ депозитті таңдаған дұрыс. Жиналған қаржатыңызды ешбір толықтырусыз көбейтуді ойласаңыз, қаражатыңызды толықтырылмайтын жинақ депозитке салыңыз. Мерзімді және жинақ депозиттері мерзімінен бұрын ақша алуға арналмаған. Осыған байланысты олардың сыйақы мөлшерлемесі мерзімсіз депозиттен жоғары болады. Сонымен қатар мына қағидаларды да ескергеніңіз жөн: Жалақы түсетін банк картасынан депозит ашпаңыз. Төлемдерді қолданбалы қосымшадан емес, арнайы банк филиалына барып жасағаныңыз жөн. Мұндай жағдайда ақшаны жұмсау көрсеткіші төмендейді. Әрине, мобильді қосымшада депозит ашу банк бөлімшесіне қарағанда тиімдірек. Алайда оның кемшліктері де бар. Егер сіз жоспарсыз ақша жаратуға жақын болсаңыз, телефоныңыздан банк қосымшасын өшіріп тастағаныңыз дұрыс. Егер сізде тұрақты жалақыңыз бен сенім арта алатын адамдарыңыз болса, толықтырып отыруға мүмкін болатын жинақ салымдарының бірін таңдауды ұсынамыз. Егер шотыңызда миллионнан жоғары қаражат болса, оны шешіп алуға және толықтыру мүмкіндігі болмайтын жинақ депозитіне салған дұрыс. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |