08:42
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз...

* * *

Көшпелі қазақтың экономикасына әсер еткен қымбат киімдер

Қазақ халқының ұлттық киімдері – қолданылу уақытына қарай әртүрлі болып келді.

Мәселен, ұлттық киімдерінің ішінде аяқ киім, соның ішінде етіктің биік өкше, жарма қоныш, тіремелі, көксуыр, саптама, жұмсақ табан, үшкіл тұмсық, шоңқайма түрлері қымбатқа түскен. Сонымен қатар сырма киіз, ішетік, мәсі, шоқай, бұйық (етік сыртынан киетін, жүні ішіне қараған, иленген теріден жасалған байпақ тәрізді аяқ киім) түрлері таралған. Орта Азия және Қытаймен арадағы сауда-саттықтың нәтижесінде қымбат бағалы жібек, мақта маталары алынып, киім тігуге қолданылды.

18 ғасырдан бастап орыстың фабрикалық арзан маталары көптеп айырбасқа түсуі қазақ ұлттық киім түрінің көбеюіне мүмкіндік туғызды. Торғын, пайы, шағи, дүрия, бәтес, сусыма, лейлек, атлас, сұпы, шәйі тәрізді маталардан желбіршекті жұқа көйлектер тігіледі.

Қайыстан, барқыттан, жүннен және жібектен жасалған белдіктер қазақ киімдерінің міндетті бір бөлшегі болды. Қайыс белдіктері әр түрлі өрнек, жапсырмалармен әшекейлендіріліп, асыл тастардан салынған көздер мен сүйек оюлы бастырмалармен әшекейлендірілді. Мұндай белдіктер “кісе” деп аталады.

Жас жігіттердің белдіктерінде алқа, әлеміштер болды. Әйелдердің белдіктері жалпақ әрі сәнді, негізінен, жібек пен барқыттан тігілді. Әйелдер, сондай-ақ, белдеріне жұмсақ белбеу байлады. Әйелдердің әшекейлері алтыннан, күмістен, асыл тастардан әзірленді.

Салмақты күміс білезіктерге алтын жалатылды, ою салынды. Сырғалар, негізінен, күміс сымдардан имек, жарқырауық тастар түзілген шығыршық түрінде жасалды, оның өзара күміс сыммен бекітілген төрт бұрышты қиықша, дөңгелек, жалпақ тілікті түрлері көбірек пайдаланылды.

Шашқа салатын әшекейлер – өзара кіріккен шығыршықтармен біріктірілетін алқалар немесе теңгелер тізбегі түріндегі шашбаулар жасалды. Оның орт. алқалары түрлі түсті асыл тастармен безендірілді. Шашқа тағылатын әшекей қатарына аспалы шолпылар да жатады. Жүзіктер құйылып және нақышталып, сопақша, дөңгелек, көп қырлы қисында жасалды. Олар түрлі түсті асыл тастармен безендірілді.

* * *

Кредитті төлей алмаған жағдайда не істеуге болады?

2023 жылдың басындағы статистика бойынша елімізде 7 миллион адамның басында кредит бар екені анықталды. Жеке тұлғаларға берілген жалпы несие портфелі 13,9 триллион теңгені құрады. Соның ішінде 530 мың адам несиені 90 күн бойы төлей алмай жүрген. Нәтижесінде, проблемалық кредиттердің ақшалай көлемі 460 миллиард теңгеге жетті.

Кредит – Қазақстанда ең танымал банк өнімі. Бірақ несие міндетті түрде қайтарылым принципіне негізделген. Яғни, банктен алған соманы үстіне пайызын қосып қайтару керек. Егер сома үлкен болса оны қайтаруға кепілзат – үй, көлік, басқа да құнды заттар қойылады. Тиісінше, өзара мәмілеге сай, егер сіз кредитті қайтармасаңыз, банк кепілзатты саудаға шығарып, қарызды өндіріп алуға толық құқылы.

Уақытша қиындықтар туындап, кезекті төлемді кешіктіріп жатсаңыз қайтпек керек?

Тез арада банкпен келіссөздер жүргізіңіз

Ешқашан банктен, сізді іздеген банк менеджерінен қашпаңыз. Бұлай жағдайды ушықтырып аласыз. Себебі сізбен байланысып, хабар ала алмаған банк кепілзатты өндіріп алу процесін бастап кетуі мүмкін. Осылайша кепілзаттан айрылып, артық шығынға батасыз.

Банкке барып жағдайды түсіндірген абзал. Сізге қарызды қайта құрылымдаудың, шегерудің түрлі әдістері ұсынылатын болады. Оның ішіне шегерім беру, несие мерзімін ұзартып, айлық төлемдерді жеңілдету сынды жолдары болады. Соның өзіңізге ыңғайлысын таңдап алып, екі жақты мәміле жасауыңыз қажет.

 

Ауыр жағдайда қалғаныңызды дәлелдеңіз

Қазіргі уақытта ай сайынғы соманы төлей алмай отырғандығыңызды құжат бойынша дәлелдеу керек болады. Сондықтан қолда бар құжатты банк менеджеріне көрсетуіңіз тиіс. Ол жұмыстан шығып кеткеніңіз туралы бұйрық, ауырсаңыз еңбекке жарамсыздық парағы болуы мүмкін. Банк менеджері оны сіздің қолдан жазылған өтінішіңізге тіркеп, тиісті шешім шығаруға жіберетін болады.

Қиын жағдайға тап болып, ипотеканы төлей алмасаңыз қорықпаңыз. Бастысы – өзіңіз осы жағдайды мойындауыңыз керек. Қиындықтардың бәрі уақытша ғана. Оны еңсеріп шығу сіздің қолыңыздан келеді!

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 80 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: