07:18
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз...

* * *

Күні бойы сергек жүруге арналған ТОП-5 лайфхак

Таңертең сергек жүру көп адамға қиындық тудырып жатады.

Осы тұста, арнайы сіздер үшін ең негізгі 5 әдісті жинақтадық. Бұл тапсырмаларды орындау арқылы күніңнің өнімді өтуіне үлес қоса аласың.

Ерте ұйықтап, ерте тұруды әдетке айналдыр.

“Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық», – деген қазақтың аталы сөзі көпшілікті ерте тұру мәселесіне бей-жай қарамауға шақырады. Ұйқыдан ерте тұрудың пайдасы көп. Ерте тұру – күні бойы сергек жүрудің бір жолы. Таңертең жұмыс істеу – түнде жұмыс істегенге қарағанда әлдеқайда нәтижелі болатынын есіңнен шығарма. Сонымен қатар таңмен таласа тұрсаң физикалық тұрғыдан өзіңді белсенді сезінесің.

Оятарға бірден тұр.

Көп жағдайда белгілеген уақытты кейінге шегіріп, уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай қаласың. 5-10 минут ештеңені шешпейді. Нәтижесінде жүйкеңе кері әсерін тигізеді. Сондықтан оятарды нақты ұйқыдан тұратын уақытқа қой және бірінші дыбысынан бірден төсектен тұруға тырыс.

Спортпен айналыс.

Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің бір тәсілі – спорт. Адам дене жаттығуларымен айналысқан сәтте оның миында жаңа нейрондар байланысы түзіледі. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты әрі шыдамды болады. Денені шынықтырмай, спортпен шұғылданбайтын болсаң, өзіңді шаршаңқы сезініп, жалқаулық орын ала бастайды. Еш нәрсеге зауқың болмай берекетің қашады. Басың ауырып, әлсіздіктер пайда бола бастайды. Тіпті, тамақ ішуге де зауқың соқпайды. Өйткені ас қорытылмайды. Ұйқың да қашады.

Сондықтан таңғы жаттығуды жасауды ұмытпа. Себебі ол жүрекке жақсы серпін мен күш береді. Спортпен тұрақты түрде айналыспасаң, 10 мың шақырым жүруді әдетке айналдыр.

Таңғы ас мәзірін ретке келтір.

Таңертеңгі асын тастамайтын адамның күйзеліске қарсы тұру қабілеті жоғары болады. Сондай-ақ таңғы ас мидың жақсы қалыптасуына және ақпаратты есте сақтауға қажет. Таңертең ақуызға бай жұмыртқа мен нанды тұтынғаның абзал. Мүмкіндік болса, сүт-айран ішуіңе болады. Себебі таңғы уақытта ол қте сіңімді болады.

Күндіз жарты сағатқа мызғып ал.

Бұл есте сақтау қабілеті мен ағза жұмысын жақсартуға көмектеседі. Күндізгі ұйқы ұзаққа созылып кетпесін. Өйткені әлсіз боп оянасың. Алайда мұндай ұйқы да пайдалы. Біраз уақыт өтіп, ұйқы ашылғаннан кейін күш-қуаттың артқанын сезінесің. Сол себепті уақыт тауып, мызғып алуға тырыс.

* * *

Наурыз мейрамына байланысты қызықты 6 дерек

Тарихы тереңде жатқан наурыз мейрамы қазақ халқында жыл басы саналады. “Наурыз” сөзі парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Ұлыстың ұлы күні қазақ халқы үшін әрдайым қасиетті күн. Аталмыш күні адамдар үй-жайын реттеп, тазалап, жаңа киімдерін кие бастайды. Сонымен қатар халық бір-біріне жүрекжарды тілектерін айтып, үй-үйді аралайды.

Ендеше ертеден келе жатқан бұл мейрам туралы не білеміз?

Назарларыңызға наурыз мейрамы туралы қызықты 6 деректі ұсынамыз.

1-дерек. 2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз "Халықаралық Наурыз күні" болып аталып келеді. Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде "Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын" мәлімдеді.

2-дерек. Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтеді.

3-дерек. Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара”, соғдылықтар “наусарыз”, армяндар “навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған.

4-дерек. Парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндері әр жерге үлкен от жағып, оғвн май құяды. Жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды. Жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынады. Ескі киімдерін тастап, ескірген шыны аяқты сындырады. Бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – “күн символын” салады.

5-дерек. Наурыздан кейінгі 2-ші күні жұрт жаппай көктемгі егіске кіріседі. Малшы қауым да төл алуға қатысты іс-қарекетімен айналысатын. Наурызды кейінге қалдыра тұратын ауылдардың өзінде де мейрамнан кейінгі екінші күні жаппай егіске кірісетін.

6-дерек. Наурыз айы туғанда өтетін «Көрісу» бір күнмен шектелетін мереке емес, ол наурыздың 14-інен басталып, айдың соңына дейін жалғаса береді.

* * *

1 күнде 1 кітап: Эвилен Вуд тәсілі арқылы кітапты қалай жылдам оқуға болады?

Ақпарат алудың жаңа жолдары пайда болса да адамзат баласының кітапқа деген құрметі төмендеген емес. Күн санап кітап оқуды былайша оқу өз алдына, жылдам оқитындардың қатары да көбейген.

Тарихта жылдам оқу қасиетімен есте қалған талай мықты тұлғалар бар. Мысалы, Наполеон Бонопарт өзінің көшбасшылығымен ғана емес, сонымен қатар оқу жылдамдығымен де ерекшеленген. Деректерге сүйенсек, ол минутына 2000 сөз оқитын болған.

Француз жазушысы Оноре де Бальзак екі жүз беттен тұратын романды жарты сағатта оқып бітірген. Ал Максим Горький минутына 4 мың сөз оқи алған. Америка президенті болған Рузвельт жылдам оқу әдісін арнайы оқып, жақсы меңгерген екен. Соның нәтижесінде ол қалың кітаптарды 1-2 сағатта аяқтайтын болған.

Психологтар адам неғұрлым кітапты көп оқыса, соғұрлым оның түйсігі және ойлау қабілеті жоғарылайды деген ұстанымды алға тартады. Қарпайым адам бір нүктеге қарағанда он әріпті, кейбіреулері екі-үш сөзді ғана көреді. Жылдам оқитын адамдардың мүмкіндігі жоғары. Ол бір оқығанда жүз немесе бес жүз белгіні және отыз үш сөзді бірден көре алады.

Ал баяу оқу барысында адамдар кітапта жазылған дүниенің тек 60 пайызын ғана қабылдайды. Ал жылдам оқығанда керісінше туындының 80 пайызын түсінуге мүмкіндік береді. Жылдамдыққа сай ақпарат тез қабылданып, тез сіңетін көрінеді. Сонымен бірге зерттеушілер жылдам оқығаннан гөрі асықпай оқығанда көздің тез талатынын анықтаған.

Кітап оқудың өз логикасы бар. Оны оқымай тұрып, алдымен қырымен қоямыз. Өлең не проза болған жағдайда онда басқа тәсіл қолданамыз. Ал мақала не талдаулар болса кітап бетіндегі сандарға ғана қараймыз.

Кітапты оқудың құпиясы: бірінші сіз сөзге немесе ойға салмақ түсіріп отырасыз ба соған байланысты. Егер сіз ойға салмақ түсіріп оқиытын болсаңыз кітап жылдам оқылады.

Қазіргі таңда жылдам оқытудың компьютерленген әдісі де бар. Жылдам оқуды үйрену үшін барлығы Эвелин Вудтің тәсілін пайдаланады.

Эвилен Вуд тәсілі

Бұл тәсіл бойынша бірінші қойылатын талап – көп оқу.

Екіншіден, мәтінді іштей айту әдетінен айыққан жөн. Яғни, көзбен көргенді оймен де оқу керек. Сонда жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.

Үшіншіден, секундомердің көмегімен, өзіңнің қаншалықты тез оқығаныңды тексерген дұрыс. Егер нәтижеге көңілің толмай жатса, тағы қайталап барынша тез оқуға тырысу қажет. Адам өзің осылай тәрбиелейтін болса, жылдам оқуға машықтанып кетеді.

* * *

Есте сақтау қабілетін жақсартуға арналған 5 әдіс

Қанттан бас тартыңыз

Қантты шамадан тыс тұтыну денсаулығыңызға, соның ішінде когнитивті құлдырауға әкеледі. Зерттеулер көрсеткендей, теңгерімсіз диета есте сақтау қабілетінің нашарлауына және мидың, әсіресе есте сақтау аймақтарының тарылуына әкелуі мүмкін.

Тамақтану барысында қанттың мөлшерін азайту - мұндай проблемаларды болдырмауға көмектеседі және жалпы денсаулыққа оң әсер етеді.

Медитацияға уақыт бөліңіз.

Медитация адамның жан дүниесін тыныштандырады, ауырсынуды азайтады. Яғни адамның жаны мен ойын тазартатын рухани жаттығулардың бірі.

Медитация қысқа мерзімді есте сақтау қабілетін жақсартады. Сондықтан оны күніне екі рет жасаған дұрыс. Нақтырақ айтсақ, таңертең және кешке 15-20 минуттай уақыт бөлуге тырыс.

Медитация таңертең ойды жинақтауға көмектессе, кешке шаршаңқы күйден арылып, артық ойларды жоюға әсерін тигізеді. Егер күнделікті жасауға мүмкіндік болмаса, жексенбі күні 1-2 сағатыңызды медитацияға арнаңыз.

Медитацияны тыныш жерде жасаңыз және сізді ешкім мазаламауы тиіс. Медитацияның көмегімен ашу-ызаны басқаруды үйреніп, өз сезімдеріңізді бақылауға аласыз.

Зейінді жаттықтыру

Зейінділік - бұл жағдайға назар аударатын, сонымен бірге өз сезімдері мен қоршаған ортаны жақсы түсінетін психикалық күй. Ол медитацияның бөлігі ретінде қолданылады, бірақ бұл ресми тәжірибе емес, әдет.

Зерттеулер зейінділік стрессті азайтуға және есте сақтау қабілетін жақсартуға тиімді екенін растайды. Психология студенттерімен жүргізілген эксперимент осы әдістемені меңгергендердің объектіні тану жылдамдығын жақсартқанын көрсетті.

Зейінділік жасқа байланысты когнитивті құлдырау қаупін азайтуға көмектеседі және жалпы психологиялық әл-ауқатқа оң әсер етеді.

Физикалық жаттығу жасаңыз.

Күніне кем дегенде 30 минут дене жаттығуымен айналыс. Бұл өмір сүру дағдыңда тұрақты әдет болып қалыптасуы тиіс. Физикалық жаттығулардың көптеген түрі бар. Оларға жүзу, жүгіру, жаяу жүру, би жатады. Дене жаттығулары көңіл күйді жақсартуға және күйзеліс пен үрейді төмендетуге әрі есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектеседі. Сонымен қатар бұлшықеттің тығыз болуына, сүйектің мықты болып қалыптасуына ықпал етеді. Физикалық жаттығуларды жасай отырып, терідегі қан айналым процессін жақсартасың әрі қартаюдың алдын аласың.

Ұйқыңызды қалыпқа келтіріңіз.

Нашар ұйқы - жүрекке және есте сақтау қабілетіне кері әсерін тигізеді. Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, инсульт көп жағдайда ұйқының бұзылуынан орын алады. Егер күнделікті 7-8 сағаттан аз ұйықтасаң, онда жүрек ауруына душар болуың әбден мүмкін.

Ұйқының бұзылуы - күйзеліске және психикалық ауруларға алып келеді. Себебі күнделікті ұйқысырап жүрсеңіз, мақсатыңызға жету жиілігі төмендей береді. Осылайша, мақсатыңыз қиялға айналып, энергияңыз төмендейді. Сонымен қатар мұндай жандар әрдайым ашуға беріліп, өмірге налып жүреді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 120 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: