07:40 Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз... |
* * * Ми жұмысын жақсартуға арналған ТОП-4 лайфхак Психолог Бенджамин Хард есте сақтау қабілетін жақсартуға байланысты бірнеше кеңес ұсынады. Құпиялардың бірі - үнемі жаңа нәрсені үйрену және әркет ету. Әртүрлі оқу жүйесін пайдаланыңыз Көп уақытыңызды бір идеяны талқылауға немесе жаңа нәрсені үйренуге арнау өте маңызды. Алайда, сіз оқытудың әртүрлі әдістеріне жүгінуіңіз керек. Егер сіз тек кітапты оқып жатсаңыз, миыңыз белгілі бір айналымда жұмыс істейді. Бұл сіздің жадыңыздың тезірек дамуына септігін тигізеді. Әр адамның өз оқу жүйесі бар. Күрделі жағдайларда біз қосалқы әдістерге сүйенеміз. Бірақ кейбір дүниелерден бас тартып және одан аулақ боламыз. Оларға мыналар жатады: * Қиял: идеяларды ойлап табу * Көрініс: өзіңіз ойлаған идеяларды жүзеге асыру * Талдау: сіз зерттеп жатқан нәрсенің синтезі және идеялармен не істеу керектігі туралы * стратегиялық жоспарлар жасау * Шешім қабылдау: Сіздің идеяңызды ұстанатын бір жолды таңдау * Әрекет: Сіздің идеяңызға жетуге көмектесетін әрекеттер * Сынақ: әртүрлі бұрыштардан мәселенің шешімін қарастыру Оқытудың қосымша әдістерін қараңыз, сонда сіздің миыңыз тез және жақсы жұмыс істейді. Жаңа нәрсені үйрену үшін күніне 15-30 минут бөліңіз Бала кезіңізде көзіңізге түскен затты сұрап, қорықпай ұстап, байқап көретінсіз. Дәл сол уақытта сіздің миыңыз даму үстінде болды. Өкінішке қарай уақыт өте келе адамдар жаңа әрекеттер мен тәжірибені тоқтатады. Себебі есейген сайын оның бойында үрей пайда болады. Бұл дұрыс емес. Күн сайын жаңа нәрсені үйренуге талпыныңыз. Мысалы: Тілдер Бұл мидың жұмысын жақсартуға арналған тәжірибе. Дегенмен тек бір ғана техникаға сүйеніп, тілдерді үйренуге болмайды. Мұны қалай жасауға болатыны туралы бірнеше кеңестер берілген: * Тілдік қолданбалар * Карталар * Фильмдерді түпнұсқасымен қарау * БАҚ-пен байланыс * Шет тіліндегі музыканы тыңдау * Түпнұсқадағы кітаптарды оқу * Шетел мәдениетін зерттеу Бұл кеңестерді тәжірибеде неғұрлым көп қолдансаңыз, соғұрлым нәтижесін көресіз. Күніне бөлінген 15-30 минут уақытыңызды барынша белсенді оқуға жұмсасаңыз, ойлау жүйеңіз кеңейеді. Музыкалық аспаптар Бұл миға өте пайдалы. Оқу процесін бейне ойындарға айналдыруға тырысыңыз. Мысалы, тапсырмаларды немесе мақсаттарды белгілі бір уақытта орындауыңыз керек жайлы миыңызға белгі беріп, алдыңызға кішігірім жоспарлар қойыңыз. Телефондағы қолданба арқылы фортепиано ойнауды үйреніңіз. Бұл көңілді және мазмұнды. Жаңа нәрсені үйрену кезінде миыңыз қалай өзгереді Біріншіден, оқыту жадты жақсартады. Ең үлкен энтузиасттер іс жүзінде фотографиялық жадты дамытады. Бұл нақты дәлелденген. Екіншіден, кішігірім мақсаттарыңызды орындау кезінде жеткен жетістіктеріңіз, өзіңізге деген сенімділікті тудырады. Үшіншіден, бір тақырыпты зерттеу сіздің өміріңіздің басқа салаларында шығармашылық серпілістерге ықпал етуі мүмкін. Тақырыпты толығымен жаңа әдіспен меңгеру арқылы ми сіздің қазіргі жұмысыңызға байланысты әртүрлі бірегей сілтемелерді шығарады. Бұл «жанама оқыту» деп аталады. Бұл ең тиімді құрал. * * * Өміріңіз мәнді өтсін десеңіз… Уақыт - біздің өміріміз. Алайда уақыттың қадірін білмей, өмірлері бос өтіп жатқан жандар қаншама? Уақытты тиімді пайдалану үшін не істеу керек? Назарларыңызға белгілі тұлғалардың әдістерін ұсынамыз. Стивен Кови әдісі Франклин жүйесі ізбасарларының бірі — Стивен Кови. Бұл менеджмент саласында әлемге әйгілі маман және жаттықтырушы. Кови — көптеген кітаптың авторы. Кітаптарының бірі Тime журналының іскерлік әдебиеттерінің тізіміне енген. Бұл — «Семь навыков высокоэффективных людей» кітабы. Кови оны 1989 жылы жазды, бірақ ол 2004 жылы қайта шығарылғаннан кейін ғана бестселлер болды. Кови тұжырымдамасы жеті дағдыға негізделген: * Өз-өзіңді үнемі жетілдіріп отыру. * Синергияға қол жеткізу, яғни өзара тиімді әрекеттесуге ұмтылу. * Белсенді болу; * Алдымен дұрыс тыңдау, содан соң біреуді тыңдату; * Нақты мақсат қою; * Ішкі түйсікте «Мен жеңіске жетемін! Мен жеңіске жетемін!» деп ойлау; * Бүгін істеу керек дүниені кейінге қалдырмау. Бенджамин Франклин әдісі 20 жасында Франклин уақытты тиімді пайдалануға арналған жүйені ойлап тапты. Замандастары оны «Франклин пирамидасы» деп атады (кейде «өнімділік пирамидасы» — деп те аталады). Франклин пирамидасы: * Бір күндік жоспар * Қысқа мерзімді жоспар * Ұзақ мерзімді жоспар (бір жылдық жоспар) * Мақсатқа жетудің басты жоспары * Ең маңызды жоспар (шығармашылық адамның нақты мақсаты) * Өмірдің негізгі құндылықтарынан тұратын жоспар Франклин пирамидасының келесі қадамы — бұл жаһандық мақсат. Ол өмірлік қағидаттарға негізделіп, «N жасына дейін неге жетуге болады?» деген сұраққа жауап береді. Мысалы, дәрігерге арналған үлкен мақсаттың бірі — 35 жасқа дейін бөлім басшысы болу, ал менеджер үшін өзінің стартаптарын бастауға мүмкіндік алу. Бенджамин Франклин әр күнін жоспарлап отырған. Әр құрған жоспарының белгіленген уақыты бар. * Жалпы жоспар — мақсатқа қол жеткізу бойынша қадамдық нұсқаулар; * Ұзақ мерзімді жоспар — алдағы 3-5 жылдағы мақсаттар; * Қысқа мерзімді жоспар — келесі жылдың және айдың міндеттері; * Апта мен күнді жоспарлау. * * * Отырар қаласының тез өсуіне әсер еткен фактор Отырар – ертеден шығыс әлеміне танымал болған қала. Кейбір деректерге қарағанда осыдан екі жарым мың жыл бұрын оның орнында алғашқы қоныстар болған. VІ – VІІІ ғасырларда Отырар Сырдария өзенінің орта ағысындағы саяси орталық болды. Кейін ІХ – ХІІ ғғ. сол аймақтың басты қалаларының біріне айналады. Отырар Қазақ хандығы заманында мәдениеті мен экономикасы жақсы дамыған орталықтардың бірі болған. Отырар қаласының гүлденіп, орта ғасырдағы ірі қала орталығына айналуына оның орналасқан орны үлкен әсер етті. Бұл қаланың тез өсуіне қолайлы жағдай жасаған Ұлы жібек жолы болды. V – ХV ғғ Отырар қаласы Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын орталыққа айналды. Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Отырарға жан – жақтан көпестер келіп-кетіп жатты. Мұнда медреселер, базарлар, ұстаханалар, тіпті қонақүйлер мен мешіттер, монша, сауда дүкендері жұмыс істеген. Отырар қаласы жөнінде тарих ғылымдарының кандидаты Әуезхан Шашаев былай баяндайды: "Ол жерді қазғанбыз. Сол кезде көптеген мұралар. Сырттан су әкелінген. Құбырлар. Су кірген. Лай суды сыртқа шығарған. Сонан кейін қоқыс төгетін арнайы ұңғымалар болған. Олардың барлығы қаланың тазалығын сақтау үшін, жұқпалы аурулар таралып кетпеуі үшін жасалынған болатын. Сырдария мен Арыс өзендерінің сағасындағы оазисте орналасқан Отырар жұртына географиялық жағдай өте қолайлы еді. Отырардың маңында жер суаратын мелиорациялық жүйе болған. Айнала шексіз дала. Малшыға да, диқанға да ыңғайлы. Өзен аңғары шалғынды шөптерге, итмұрын өсінділеріне бай." Тарих кітаптарында Қайырхан Шыңғысханның керуендегі көпестерін өлтіртті, бұл Шыңғысханның Орта Азияға шапқыншылық жасауына сылтау болды деп жазылады. * * * Дикцияны жақсартуға арналған ТОП-7 жаттығу Сөйлеу өнерін, дұрыс әрі сауатты сөйлеу техникасын толық меңгерген кез келген адам, кез келген маман иесі өз ісінде жеңіске жете алады және өзгелерден оқ бойы озық тұрады. Мейлі, сіз студент немесе оқушы, дәрігер, дүкендегі сатушы, ұстаз, я болмаса қайнаған бизнес әлемінің өкілі болыңыз сауатты сөйлеп қана қоймай, ойыңызды еркін жеткізе алсаңыз әр адаммен жоғары деңгейде байланыс орната аласыз. Ендеше сөйлеу кезінде маңызды роль атқаратын дикцияға арналған жаттығуларды ұсынамыз. Себебі дикция – сөзді анық әрі дұрыс айтуға, сөз бен тірестерді өзгелерге түсінікті жеткізуге көмектеседі. Слндықтан дикцияның дұрыс болуы барлық адам үшін маңызды. Жаттығулар: Жаққа массаж жасау; Жұдырықты иек астына тіреп 20 жасау; Қаламды тістеп кітап оқу; Жақта алға қарай 20 рет жасау; Жақты оңға, солға жасау; Тілді үстіңгі тіске тйгізіп 15 рет жасау(иекті қймылдатпай) 5 сек үзіліс жасап тағы 15 рет жасау; Тілді оң және сол ұртқа тйгізіп,дауыс шығарып 30 рет жасау; баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |