07:14 Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз... |
* * * Критикалық ойлай алатын адамның 8 ерекшелігі Критикалық ойлау – кез келген жаңа ақпараттың артықшылығы мен кемшілігін ажыратып, оның дұрыс-бұрыстығына көз жеткізе отырып, өз бетінше тұжырым жасап, шешім қабылдау. Грек тілінен аударғанда «kritikos» - «сын», «бағалау», «тексеру» деген мағынаны білдіреді. Сократтың пікірінше, жақсы өмір сүру үшін әрі өмірдің мәні мен құны болуы үшін тұлға сыни сұрақ қоя біліп, өзі үшін "ізденуші жан" болуы керек. ⠀ Сыни ойлай алатын адам түрлі саланың мамандарымен тиімді қарым-қатынас орната алады. ⠀ Ойлаудың бұл формуласы сонымен қатар адамның өзін дұрыс басқаруына, дұрыс тәрбиелеуіне, өзінің жүріс-тұрысын бақылауда ұстауына мүмкіндік береді. ⠀ Сенімдері мен әрекеттеріне жетекшелік ететін стандартты және стандартты емес шешімдерді қабылдай алады. ⠀ Ойы жинақы болады. ⠀ Логикалық түйіндерді жылдам шешетін болады. ⠀ Сыни ойлау адамды ақпаратпен жұмыс жасауға, жан-жақты ойлауға баулиды. ⠀ Сыни ойлай алатын адам басқалардың пікірлерімен санасып, өз көзқарасын олармен салыстырады. ⠀ Кез келген мәселеге ауқымды түрде қарай алады. Ал сіз критикалық ойлай аласыз ба? * * * Стив Джобс: Балаларыңызды байлыққа емес, бақытты болуға баулыңыз Стивен Пол Джобс – американдық өнертапқыш әрі кәсіпкер. Өмірінің соңғы жылдарына дейін Apple корпорациясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы болды. Сонымен қатар Стив Джобс Pixar Animation Studios компаниясының СЕО қызметін де атқарды. 2006 жылы The Walt Disney Company Pixar компаниясын сатып алған болатын, ал Стив Джобс Disney компаниясының директорлар кеңесіне мүше болды. 1995 жылы шыққан «Ойыншықтар оқиғасы» атты мульфильмнің атқараушы продюсері ретінде көрсетілген еді. Стив Джобс АҚШ тарихында табысты компаниялардың бірін құрып қана қоймай, ұзақ жылдар оның басшысы болғандар арасында ерекше тұлға. «Apple» интернет технологиялар жағынан әлемдегі ең ірі компанияға айналып, Microsoftты артта қалдырған. "Apple" негізінен өзінің жаңа ноутбуктары және «iPhoneн» смартфондары мен «iPad» планшеттері арқылы қалың көпшілікке танымал. Ол өмірдің 5 маңызды мәселесін атап кетті: Балаларыңызды байлыққа емес, бақытты болуға баулыңыз. Сонда өсе келе дүниенің құнын емес, құндылығын білетін болады. Жаныңызға дәру болатын асты ішіңіз. Әйтпесе дәрі-дәрмек тағамыңызға айналуы мүмкін. Шын сүйетін жандар сізді ешқашан тастамайды. Сізден бас тартудың 100 себебі болса да, ол адам сізді жалғыз қалдырмаудың бір себебін табады. Адам мен адамгершіліктің айырмашылығы жер мен көктей. Егер жылдам жүргіңіз келсе, жалғыз барыңыз! Ал алысқа барғыңыз келсе, бірге барыңыз! Дүниенің ең мықты 6 емшісі бар. Олар: 1. Күн сәулесі 2. Демалыс 3. Спорттық жаттығулар 4. Асты талғап жеу 5. Өз-өзіңе деген сенімділік 6. Достар * * * Фобия түрлері: Сіз неден қорқасыз? Фобия - кей жағдайларға байланысты пайда болатын қорқыныш. Оның төмендегідей түрлері бар: Соционетфобия - әлеуметтік желідегі парақшаларына тәуелді болып қалудан және парақшаларды бұзып кіретін хаккерлерден қорқатын адамдар. Ценофобия – бос бөлмеде отыра алмай, өзінен өзі үрейленетіндердің фобиясы. Номофобия - ұялы телефоны бар адамдардағы қорқыныш. Себебі, байланыс құралына тәуелді болып қалғандар телефонын үйге немесе басқа жерлерге қалдырып кетуден қорқады. Киберфобия - ғаламторды пайдаланбайтындар үшін жаңа технологияны игеру – қиын әрі қорқынышты көрінеді екен. Агменофобия – кезек күткенді суқаны сүймейтіндердің қорқынышы. Акрофобия — биіктіктен қорқу Арахнофобия — өрмекшілерден қорқу Атихифобия — сәтсіздіктен қашу Аутофобия — жалғыздықтан үрейлену Аэрофобия — ұшудан қорқу Гамофобия —үйлену деген ойдан туындайтын қорқыныш Гемофобия— қаннан қорқу Гидрофобия — судан қорқу Глоссофобия — сахнадан жасқану Демофобия — көп адамның ортасынан қашқақтау Филофобия — ғашық болудан қорқу Ал сіз неден қорқасыз? * * * Әр уақытта және дүниенің түрлі бөліктерінде адамдар ақша ретінде әр түрлі тауарларды – астық, мал, қымбат тастар және металдарды пайдаланды. Ұзақ уақыттар бойы ақша есебінде алтын және күміс жүрді. Өкінішке қарай, қазақтың сауда жасап, ақша айналымға түсіру тарихы әлі зерттелмеген. Алайда халқымыздың ақшаға байланысты шығарған мақал-мәтелдері көп. Ақша қолдың кірі Ажалдан ақша беріп құтылмас Адам боламын десек, арыңды ақшаға сатпа Ақшаның жайын жарлыдан сұра, адамның жайын арлыдан сұра Балтам барда тақта жоқ, қалтам барда ақша жоқ Ақшалының қолы ойнар, ақшасыздың көзі ойнар Ақшада көз жоқ Базарда бәрі бар, ақшасыз ешкім бермейді Теңге – тиыннан, ынтымақ ұйымнан құралады Бай кісіде ақша көп болғанмен, ізгі ниеті жоқ болады. Ал сен қандай мақал-мәтел немесе нақыл сөздерін білесің? * * * Н мен Ң әріптерін ажыратудың ең тиімді 3 жолы Дыбыстау барысында: “Н” дыбысын айтқан кезде тілдің ұшы тіске тиеді; “Ң” дыбысын айтқан кезде тіл артқа шегінеді; “Ны” – “ыҢ”; Ілік септігі: кімнің? Ненің? Жіктік жалғауының 2-ші жағы + тәуелділік жалғауы: Сенің кітабың Орфоэпияда “н” дыбысы к, қ, г , ғ дыбыстарының алдынан келсе, н – ң-ға ауысады: Бір күнгі – бір күңгі; Дүйсенқали – Дүйсеңқали; Ңөң; Аң, аңшы, аң-таң, аңшылық, аңыз, Аңсар, аңызақ жел, аңдатпа, аңқау, аңғал, Аңырақай; Алаң, алаңқай; Тоңазытқыш, тоңу; Қаңтар, қаңылтыр, қаңқу сөз, қаңғыбас, қаңғыру, қаңбақ; Таң, таңғы, таңертең, таңшолпан,таңба, таңдай, таңдау, таңғажайып, таң қалу; Шұңқыр, шұңғыл; Жаңбыр, жаңа, жаңғақ, жаңғыру, жаңаша, жаңалық; Қайың Өң, өңір; Өлең; Тең, теңіз, теңге, теңгерім, терең, теңсіздік; Көлеңке, көлденең Ызың; Ыңғай танытты, ыңғайлы; Шаң, шаңғы, шаңқай түс, шаңырақ, шаңсорғыш; Сұңқар; Қалың; Жең, жеңіл,жеңіс, жеңге, жеңілдік, жеңілтек; Даңқ, даңғой, даңғыл жол, даңғыра (аспап түрі), даңғазадай; Қоңыр,қоңырау; Маңдай, маңай; Мылжың; Мең, мең-зең, меңгеру, меңзеді; Саңырауқұлақ; Сең; Сүңгу; Ертең, ертеңгілік; Керең; Кең, кеңес, кеңірдек, кеңпейіл; Сергелдең; Сіріңке; Даңғаза; Дүрбелең; Делебең қозып тұр ғой; Маң-маң; Заң, заңғар, заңгер; Көңіл; Зеңбірек; Іңкәр, іңгәләу; Сараң; Сыңғыр, сыңар; Тұңғыш, тұңғиық; Түңілу; Дің, діңгек; Жеңімпаз; баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |