ӨЛІККЕ ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР
Нанымдар
- Кісі көз жұмғаннан кейін орнына қырық күн бойы шырақ жағады. Осы кндері үйдің ішінде өлген адамның иесі жүреді. Қырық күн өткенде молда (имам) келіп Құран оқығаннан кейін ғана үйден шығып кетеді.
- Егер жетіге толмаған бала шетінесе, жаны жұмаққа барады; екі-үш жасқа дейінгі нәресте шетінесе, періште болып ұшып жүреді.
- Өлікті үйден шығарарда әйелдер дауыс салып жылауы керек, оны естіген аруақ риза болып жатады.
- Жұма күні өлгендердің күнәсі кешірілп, жұмаққа барады.
- Өлікті үш күнге дейін сақтап, күзетеді. Себебі өлген адамның жаны үш күнге дейін үйдің ішінде ұшып жүреді.
- Марқұмның денесі жатқан жаққа қарама-қарсы сол жақ түгел тазартылып, киіз үйдің кереегсі жалаңаштанады. Бұл – үйдің іші таза емес, әзірейіл еліп өлген адамды бауыздаған кезде қан басып кетеді деген ұғым.
- Өліктің денесі оралған кілемді түнде жұлдызға қаратып жайып барып пайдаланады.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|