ТӨРТ ТҮЛІККЕ ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР
Тыйымдар
- Сатылған немесе сыйлаған малды еске алып, қайғырса, сол жақта өліп қалуы мүмкін.
- Мал туралы сөз болғанда, «Не бағып жүрсің?», «Не айдап жүрсің?», «Не сауып жүрсің?» деп сұрамайды – иесі өкпелейді.
- Малшы мал баққанда ұстайтын таяғын бөтен біреуге бермегені жөн. Өйткені шопанның таяғы киелі болып есептеледі. Ол жын-шайтанды малдан аластайды.
- Малды ит-құстан, жын-шайтаннан сақтау үшін күн батқаннан кейін қорадан шығармайды.
- Жаңа ай туғанда қойға қошқар жіберсе, иесі өкпелейді.
- Қойларға қошқар жіберіп жатқанда ұрсысуға, қамшы өруге болмайды. Қойдың құты қашады.
- Он екі мүшесінің бірі кем адам қойға қошқар жіберуіне болмайды. Қозылар сондай болып тууы мүмкін.
- Малдың сүйегін аяққа баспайды, жерге көміп тастайды.
- Қойдың мүйізін, жүнін өртесе, қорадағы қойдың сүйегі сырқырайды.
- Малды аяқпен тебуге, ал атты бастан ауыздықпен ұруға болмайды. Иесі өкпелейді.
- Малға «кет!» деп дауыс көтеріп зекімейді.
- Түнде мал санамайды және ешкімге мал бермейді. Малдың берекесі кетеді.
- Қой қоздап жатқанда малды сатпайды, біреуге сыйламайды. Малдың құты қашады.
- Түйені таяқпен ұрып айдамайды, жетекке алады.
- Мал табынының алдынан немесе қой отарының арасынан бойлап өтсе, иесі өкпелейді.
- Малдың кемшілігін айтып сөйлесе, мал ауырады немесе сүт бермейді.
- Мал қорада дәрет сындырса, малдың желіні іседі, сүті қайтады.
- Малдың сүйегін отқа салса, қорада байлаулы тұрған малдың сүйегі сырқырайды, жылқы малы шошымалы болады.
- Тірі малға көрсетіп мал сойса, сауын малы сүтінен айырылады.
- Жылқының жусауын, қотандағы қойдың тынысын, малдың өрісін бұзса, иесі өкпелейді.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|