22:37
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары

ҮЙ ТҰРМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР

Ырымдар  

  • Жаңа үйге көшіп келген отбасына «қоныс жайлы болсын!» дейді.
  • Егер киіз үйге байғыз қонып, бақыратын болса, бұл үйдің иесі үлкен бақытсыздыққа ұшырайды. Егер, керісінше, қарға қарқылдаса, онда бақытты болады.
  • Егер киіз үйге кіріп келе жатқан адам сүрініп кетіп құласа, үй иесі кенеттен мал-мүлікке ие болып, дәулеті артады.
  • Қыстаудан жайлауға алғаш рет көшкен кезде, бірінші күні қыстаудың маңына, жол бойына аялдайды. Одан соң әрі қарай қозғалғанда жолдың екі жағынан үлкен екі от жағады, содан кейін оттың арасынан жүк тиелген түйелерді қос-қостан өткізеді. Бұл қаскүнем рухтар мен жын-шайтаннан сақтану үшін жасалады, өйткені олар көшті анди алмай, от ішінде қалып қояды.
  • Киіз үйде құмырсқа көбейіп кетсе, жылқының екі тезегін уыққа іліп қояды.
  • Ит ұлыса, шаңырақта жаманшылық болады.
  • Көрпенің тұйығын ірге жаққа қаратып төсейді.
  • Егер киіз үй сыртына ит сарып кетсе, құт келеді деп жақсылыққа жориды.
  • Қызылша және басқа да жұқпалы аурулар тарағанда, басқаға жұқпасын деп немесе қызылша шыққан балаға тілсұқ болмасын деп, есік сыртына не маңдайшаға шикі жас ет байлайды. Шикі ет ауырып жатқан адамымыздың еті шикі еді, қызылша шығып жатыр деген шартты белгіні білдіреді. Шикі етті қарға, сауысқан сияқты құстар ала қашып, тыныштық бермеген соң, қызыл бөз байлайтын болған.
  • Жаңадан қайнатқан сабынды жоғары қойса, ол үйге түскен келін өркөкірек болады.
  • Несібесі көп, дастарқаны мол болсын деп жаңа үйдің босағасын маймен майлайды.
  • Пәле-жаладан аулақ болсын деп жаңа үйленген жастардың төсегін арша түтінімен ыстайды.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 278 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: