ЫДЫСТАРҒА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР
- Ыдыста ашық қалған тағамды жаратуға болмайды. Халық ұғымында ашық қалған тағамды жын-шайтан жалап кетеді деп санайды.
- Су құйылған немесе тағам салынған ыдыстың бетін ашық қалдыруға болмайды.
- Ыдыстың беті ашық қалса, улы жәндіктер түсіп кетіп, суды немесе тағамды бүлдіреді.
- Егер көршілер тамақ әкелсе, ыдысын бос қайтармайды. Бос қайтару көргенсіздік болып саналады.
- Бие сауатын көнекті төңкермейді және түбін таяқпен немесе қолмен ұруға болмайды. Ырыс-несібе кетеді.
- Қазанды ашық қалдыруға, төңкеруге болмайды. Халық ұғымында ашық қалған қазанды жын-шайтан жалап кетеді деп саналады.
- Қазанды төңкеріп қойса, ырыс-несібе кетеді.
- Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоймайды. Ол ырысыңның таусылғанын білдіреді.
- Қонаққа кетік кесеге шай құюға болмайды. Бұл қонақты құрметтемеу болып саналады.
- Ішінде не бары білінбейтін ыдыстан ішуге болмайды. Ақ шыныдан жасалған ыдыстан ғана ішеді.
- Ыдыстан су ішерде азырақ төгіп жіберу қажет.
- Мыс және қола ыдыстарды тамаққа пайдалануға болмайды. Мұндай ыдыстарда тағам бүлінеді.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|