20:14
Қазақ әдебиеті әлемінен

ЕРІКТІ ӨЛЕҢ – қалыптасқан өлең өлшемін берік сақтамай, тармақтардың ырғағын еркін өрнектейтін өлең түрі. Ырғағы құбылмалы келетіндіктен ерікті өлең сөйлеу интонациясына өте жақын болып келеді. Оның кейбір үлгілері халық поэзиясында, әсіресе шешендік сөздерде жиі кездеседі. Еркін өлеңнің ескі жыраулардың толғауларына тән дәстүрін жалғастырған үлгісі Махамбет поэзиясында мол. Мысалы, «Садағына сары жебені салдырған, Садағының кірісін Сары алтынға малдырған, Тереңнен көзін ойдырған, Сұр жебелі оғына Тауықтың жүнін қондырған. Маңдайын сары сусар бөрік басқан, Жауырынына күшіген жүнді оқ шанышқан». С.Сейфуллиннің «Бір ақынның сандырағы», І.Жансүгіровтің «Ала бие», Д.Әбілевтің «Айтшы, теңіз, сырыңды маған», С.Мәуленовтің «Адам өлмейді» поэзиялық туындыларын еркін төлең түріне жатқызуға болады. Еркін өлеңніңқазіргі поэзиядағы үлгілерінен қара сөзге тән сөйлем құру ерекшеліктерін, өлең ырғағына жанастыра ұтымды қолдануға бейімдік айқын байқалады. 

 

«ЕСЕТ БАТЫР»  – хикая. Ел аузында сақталған хикаяны фольклорлық экспедицияға қатысқан қызылордалық педагог-ғалым Айнаш Шамшатова 1946 ж. ақтөбе облысынан жинап, жазып алған. Қарасөзбен баяндалған хикая сюжеті тарихи оқиғаны әңгімелеуге құрылған. Қолжазбада өмірде болған Есет батырдың қалмақтарға қарсы соғыста көрсеткен ерлігі баяндалады. Хикая түпнұсқасы Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қоырнда сақтаулы.

 

«ЕСКЕНДІР ЗҰЛҚАРНАЙЫН» – Македонияның патшасы Александр Македонскийді (б.з.б. 356 – 323) мадақтайтын қисса-дастандар. Осы аттас қиссалар Шығыс елдерінің көбінде бар. Ол туралы шығыстың классик жазушылары Низами, Фирдоусилер де көлемді шығармалар жазған. А.Құнанбайұлы «Ескендір» дастанын жазды. 20-ғасырдың бас кезінде қазақ оқығандары бұл тақырыпқа бірнеше қисса-дастандар шығарған. Мысалы, М.Тыныштықұлының «Ескендір Зұлқарнайын – Хазірет-и Зұлқарнайынның хикметі» атты өлеңмен жазылған 66 беттік кітабы Қазанда басылған (1909). Белгілі фольклоршы Жүсіпбек қожа Шайхысыламов қиссаны түрік тілінен қазақшаға аударып, «ескендір Зұлқарнайын» деген атпен 1911 ж. Қазанда жеке кітап етіп бастырды. Бұл екі қисса Александар Македонскийдің әділетшіл, құдай сүйген, құдіреті күшті, аты өшпейтін қасиетті адам деп бейнелейді. Бұл қиссаларда көбінесе қазақ, татар тілдері аралас келеді, бірақ олар қазақ оқушыларына түсінікті жазылған.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 145 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: