16:48 Қазақ әдебиеті әлемінен |
«БӨГЕН БАТЫР» – батырлық жыр. Жырды І.Нұрмағамбетов 1930 ж. ел аузынан жазып алып, 1935 ж. қазіргі Әдебиет және өнер институтына тапсырған. Жырдың негізгі идеясы – халық арасынан шыққан Бөген мен оның ұлы Тұрғын батырларды ел қамқоры, қорғаны етіп көрсету. Жыр екі томдық «Батырлар жырының» 2-томына енген (1951). Жыр нұсқасы Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы.
БУНАҚ – өлең жолының ырғақтық құрылысы жағынан жекеленген бір бөлшегін құрайтын буындар тобы; сөз өлшемі, ырғақтық пауза (кідіріс). Өлеңнің әр жолы екі, үш, төрт буынды бунақтарға бөлінеді. Мысалы, он бір буынды өлең жолы үш бунақтан тұрады. «Қалың елім қазағым қайран жұртым» (Абай). Сондай-ақ, жеті буынды тармақ екі бунақтан, бұдан аз буынды тармақтар бір бунақтан тұрады. Бунаққа жіктелу түркі тілдес халықтар поэзиясына, соның ішінде қазақ өлеңіне тән құбылыс.
БҮКПЕЛЕУ – айтылатын ойды еркін және толық ақтарып тастамай, емеурінмен танытып, қысқаша қайыру, іркіліп сөйлеу немесе сыпайылап ишаратпен аңдату үшін қолданылатын стильдік тәсіл. Бүкпелеудің үлгісі ретінде А.Байтұрсынұлы Жарылғасынның мына өлеңін келтіреді: «Отыр ем бала ғой деп жүзің жарқын, Сөз – кілт, кеуде – сандық, ақыл – алтын. Ақылың көп болғанмен, шашың ұзын, Жібердің келістірмей сөздің артын». әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |