20:43 Қазақ әдебиеті әлемінен |
АЗАМАТТЫҚ ЛИРИКА – лирикалық поэзияның әлеуметтік мәселелерді қозғайтын үлкен бір саласы. Қазақ әдебиетіндегі азаматтық лирика түрлеріне Абайдың, С.Торайғыровтың өлеңдерін жатқызуға болады. 20-сыншы ғасырдың бас кезіндегі бұл сарын А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов поэзиясында үлкен әлеуметтік маңызға ие болды. Азаматтық лириканың тамаша үлгілерін С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Т.Жароков, Ғ.Орманов, Қ.Аманжолов, Ә.Тәжібаев, Х.Ерғалиев, Қ.Бекхожин, С.Мәуленов, М.Мақатаев, Қ.Мырза Әлі, Т.Молдағалиев, Ж.Нәжімеденов, т.б. шығармаларынан табуға болады. Қоғамдық өмірдің ең көкейкесті мәселелері халықтың тағдырына, мүдделеріне, келешегіне байланысты сарындар азаматтық лирикаға арқау болды. Азаматтық лирика өз дәуіріне байланысты әр қырлы болуы мүмкін.
АЗАТ ЖОЛ, абзац – қара сөздегі мәтіннің әр бөлімінің алдыңғы жолын тұттас қатардан сәл шегіндіріп бастау. Бұл мәтіннің мағына жағынан бірыңғай тиянақты бөліктерін бір-бірінен ажырату үшін қажет. Логикалық мазмұн тұрғысынан мәтіннің бір тынысты кезеңін бөліп алып отыру, ой желісін дұрыс ширатып, өрбіте жүйелеуге өте ыңғайлы. Азат жол мәтіннің түсінікті, түйінді, тұжырымды болуына септігін тигізеді.
АЙДАБОЛ Сүйіндікұлы (т.ө.ж.б., Ташкент маңы) – би, шешен. «Айдабол би айтқан екен» деген ғибратты сөздер ел аузында нақыл болып қалған. Оның әділдігі сондай, бір дауда «Төрелігім дұрыс болмаса, ұлым Тайкелтірді ат құйрығына салып өлтіремін» деп ант ішкені туралы аңыз сақталған. Айдабол ұрпақтарының бірі Жанқозыдан: Тайкелтір би. Қошетер (Қосшетер) мерген, Олжабай батыр, Секербай би, Боштай (Поштай) Тұрсынбайұлы, әкелі-балалы едіге мен Шоң билер, Жаяу Мұса, Сұлтанмахмұт Торайғыров, т.б. әйгілі адамдар шыққан. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының 2№ ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |