10:24 Қазақ әдебиеті әлемінен |
«АБАТ БАТЫР» - «Қырымның қырық батыр» топтамасына енетін эпостық жыр. Жыр ел аузында аңыз, әңгіме түрінде сақталған. Асан қайғының ұлы Абат батырдың елінің бостандығы, тәуелсіздігі үшін соғыс, жекпе-жек шайқаста қарсыласы Қайбар батырды өлтіруі жайында суреттеледі. Жыр толық сақталмаған, бұрын еш жерде жарияланбаған. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Асайын Хангелдіұлы үзік-үзік күйінде қағазға түсірген нұсқасы ҚР Орталық ғылыми кітапханасының қорында сақтаулы.
АБСТРАКЦИОНИЗМ (лат. abstraction – дерексіздік) – әдебиетте, кескін мен мүсін өнерінде 20-ғасырдың басында пайда болған ағым. Абстракциялау – жалпылану, белгісіздену ұғымдарын білдіреді.
АБЫЗ дәстүрлі көпшелілер қоғамындағы ғұлама, әулие, көріпкел адам. Абыз тайпа, ұлыс өміріне, ел басқару ісіне, жорық жасау мәселесіне араласып отырған саяси тқлға болған. Бақсылар мен шамандардан гөрі өзгеше қызмет атқарған, әскери ырымдарды жүзеге асырған, жортуыл сәуегейі болған. Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек» дастанында Нысан Абыз дәстүрлі қазақ қоғамындағы әулие адам тұлғасында сипатталады. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |