ДИЮ (парсы – жын, пері) – мифтік кейіпкер. Денелі, күшті, сиқырлы жан иесі түрінде бейнеленеді. Иесінің (бақсының, т.б.) қалауынша таңғажайып істер істейді-мыс. Дию, көбінесе, ертегілердің кейіпкері түрінде жиі кездеседі. Қазақ халқының қиял-ғажайып ертегілерінде дию кейде дәу деп те аталады.
«ДОСАН БАТЫР – тарихи жыр. Ресей үкіметінің 1868 ж. «Уақытша ереде» реформасының қысымына қарсы Маңғыстау түбегі қазақтарының Досан Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлы бастаған наразылық көтерілісін халық ақыны Сәттіғұл Жанғабылұлы ел аузындағы аңыз, әңгімелерге сүйеніп, арнайы дастан етіп толғаған. Бұл шығарма халық арасына кең таралы
...
Читать дальше »