Баяғы заманда ел аралап, күнін көруге дағдыланып алған ағамыздың көзіне бір күні айдалада ырымға ауыл кезікпей әбден діңкелейді. Арып-ашып, әбден әлсіреп, бір төбенің басына шыққанда, тәлейі таусылмапты, бір байдың күздеуде отырған жері көз ұшында көлбеңдейді. «Өлтіре көрмеңдер, бір кесе ағарған берсеңдер, жетеді» деп төбенің басынан байдың он екі қанат үйіне дейін зарлап келген ағамыз есіктің сол жағына жайғасады.

Төрде отырған қожайын қызын айранға жұмсаған сәтте аяқ астынан ағамыз басқаша сайрап қоя берсін. «Әй, айраныңды өзің іш, мен сенің қызыңды қатындыққа алып кетуге келіп отырған адаммын». Ал, керек болса! Үй иесі өте а ... Читать дальше »

Просмотров: 269 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 13/07/2020 | Комментарии (0)

Ата (ер) – әкенің әкесі. Жеті атадан санағанда үшінші ұрпақ. Ел-жұрт «ақсақал» деп құрмет тұтатын қадірлі ел тұтқасы. Мұндай кісілер төрден орын алады, оларға әрқашан құрмет көрсетіледі. «Ауылында қартың болса жазып қойған хатпен тең» - дегендей ата ел ұйытқысы, батагөйі, ақылшысы, қамқоры болып есептеледі. Жастар атадан бата алуы тиіс. «Аталы ел баталы» - деген мақал бар. Атаның айтқаны кейінгіге заң, ісі – үлгілі. Ол ел бірлігін, тірлігін, тұрмысын, болашағын бағдарлай, байқап отыратын дана, көреген қария.

Дәстүр бойынша сол елге, ауылға келген адамдар алдымен атаға сәлем беруге тиіс. Жасы жетке ... Читать дальше »

Просмотров: 271 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 13/07/2020 | Комментарии (0)

АДАМНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР

Ырымдар

  • Ұртын не тілін тістеп алған адамның үйіне ашыққан кісі келеді.
  • Адамның оң көзі тартса – қуанады, сол көзі тартса – ренжиді.
  • Адамның алақаны қышыса – ақша ұстайды, табаны қышыса – жол жүреді. ... Читать дальше »
Просмотров: 289 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 13/07/2020 | Комментарии (0)

АУА РАЙЫН ХАЙУАНДАР МЕН ЖӘНДІКТЕР ДЕ БОЛЖАЙДЫ:

  1. Суыр (сурок) – оның ел ішіндегі атауы – жер шошқасы. Суырлар қыс кезінде інге кіріп ұйқыда болады. Ол інінен міндетті түрде, әр жылдың екінші ақпанында шығады. Содан да бұл күнді халық – «жер шошқасының күні» атаған. Суыр сол күні інінен шығып, жан-жағына бақылай қараудан бастайды. Егер күн бұлтты болып, өз көлеңкесін көрмейтін болса, сол шыққан бетімен, өз әрекетіне кірісіп жүре береді. Бұл жағдайда жақсылық нышаны деп түсінген дұрыс. Себебі, қыстың соңғы айы өте жайлы болатындығын білдіргені. Ал егер сол күні күн ашық болып, суыр өз көлеңкесін көрген ... Читать дальше »
Просмотров: 294 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 13/07/2020 | Комментарии (0)