11:40
Лирика-22

Жүректен – жүрекке (таңдамалы)

Ләззат (арман-қиял)

Сонда үйлесті қос жүрек,

Бұдан артық не керек?

Сыр сандықша ашылғандай,

Жыр жібекше шашылғандай,

Шөл сусынмен басылғандай,

Бойға қуат қосылғандай,

Кең даладай жосылғандай...

Сонда үндескен қос ерін,

Жан сарайдың ашты төрін.

Қалың кілем төселгендей,

Көк шалғынша көсілгендей,

Шатыр найзадан тесілгендей,

Махаббат жібі есілгендей,

Жауындағы сазша езілгендей...

Сонда ұғысқан қос жанар,

Жарасқан бір ағашта алмұрт, анар.

Үміттенген Үркердей,

Құтты жұмақ жердей,

Жарын сүйген ердей,

Суша аққан тердей,

Ғашықтық асыл төрдей...

[       

Жансұлу

Туып-өскен, еркелеткен ауылда,

Тәуір көретін, мен білетін бір қыз бар.

Өзім тұратын, дәурен құратын ауылда,

Дараланған, жүректі мазалаған бір сұлу бар.

Көктем тұнған, құлпырған әлпетінде

Шамшырақтай, Ай мен Күндей сәні бар.

Бұлбұл әнді, сондай мәнді келбетінде

Әлгі әннің ғашық қылар реңі бар.

Жансұлу деп ат қойыппын жалғанда,

Оятқан соң жүрегімді, ұйықтап қалғанда,

Самғар қанаттар омырылып талғанда,

Жүріс-қозғалыс жалын-от алғанда.

Арманымның перизаты – Жансұлу,

Енді жарамас, татсам егер ұтылу,

Басты мақсат – жалғыздықтан құтылу,

Жұлдызды аспанда туған айдай тұтылу.

Сонадайдан көрінетін зәулім үйде

Жан сәнімен көркем бір ару бар.

Көз жауын жаулар оңаша үйде

Арман-қиял тамашасы – Жансұлу бар.

[       

О, ғанибет!

Аққу жүріс,

Талдай тұрыс,

Жан-жүректі елеңдетер.

Айдай аузы,

Күндей көзі,

Сезімімді селк етер.

О, ғанибет, сені көрдім оңаша,

Қандай едің, қандайсың сен тамаша!

Тотыдай сәнді,

Әсем әнді,

Тірлікте бір желпінтер.

Мейірім көзді,

Көсем сөзді,

Күйбеңде мол серпінтер.

О, ғанибет, сені таныдым оңаша,

Жанға жайлы неткен жансың тамаша!

Сұңғақ бойлы,

Терең ойлы,

Білте шамдай жарқырар.

Бөкендей тұрқы,

Әдемі күлкі,

Тау суындай сарқырар.

О, ғанибет, саған көңілім оңаша,

Арналады құпиялы өлең сөзім тамаша!

[       

Қайран жүрек

Қайран жүрек, қиналасың дамылсыз,

Сезігі жоқтар бола берсін ақылсыз.

Дамылдашы, қиналмашы тынымсыз,

Ұқшы мені: күн жоқ ақ таңымсыз.

Қайран жүрек, біле білсең осымды,

Уақыт-құдірет ғашық қылды досымды,

Сезім биледі айнала-тұсымды,

Көтердім тіреусіз, әлсіз қосымды.

Қайран жүрек, мазасыз сен тулайсың,

«Махаббаттың күші не?» деп ойлайсың.

Тек жай, көлеңкелі сәтті тойлайсың,

Адал, таза ғашықтыққа мойын бұрмайсың.

Қайран жүрек, сараласаң сараптай,

Ынтық сезім салиқалы шартараптай,

Тоқтауы жоқ сырғымалы сынаптай,

Сырға толы қобдиша-қораптай.

Қайран жүрек, қажу білмей дамылда,

«Қайдасың сен, асылым?» дей дабылда,

Сырт-сырт еткен сағаттай қимылда,

Жансұлудың жүрек дабылын қабылда.

[       

Жаңбыр

 Ала бұлтты аспан төнген,

Үй-үйлерде жарық сөнген.

Сезім-жүрек тыным білмей,

Сағыныштың ырқына көнген.

Ала бұлттар амал тапқан,

Зыр жарыса тамшы аққан.

Көз-жанарлар нүкте қадап,

Қиын сәтті шыдап баққан.

Мұңды әуезді тамшы сыры,

Жаңбыр-әншінің қалыпты жыры.

Арман-қиял бөлме шарлап,

Бөгет боп тұр үй шатыры.

Ала бұлттар бір-ақ жапқан,

Жауын суы селдей аққан.

Тағатсыздық байлаудан жұлқынып,

Еркіндік аңсап сыртқа шапқан.

Ала бұлттар, сейілші құрғыр,

Орынсыз бұл ісің, бар болғыр.

Мейлің жыла, мейлің күл,

Табиғатқа әмір жоқ. Қамау. Тығыр.

 Шаhмантегі-Ибраhим Бегімхан Керімханұлы

www.shakhibbeker.ucoz.kz
Просмотров: 974 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: