19:28
Лирика-20

Жүректен – жүрекке (таңдамалы)

Нұрсәуле

Таң-тамаша айнала көкке оранған,

Дария суы сай-салаға жайыла тасыған.

Сол ауылдың Күндей сұлу нұрсәулесі,

Наз дауысыңды естуге мен асығам.

Ынтық сезім сау сананы мазалаған,

Бұл жалғанның мәні қайдам сенсіз маған.

Сол ауылдың Айдай ару нұрсәулесі,

Ғашықпын тым ұдайы жалғыз саған.

Шақырымдар бөліп жатыр арамызды,

Күйбең тірлік тоздыруда шамамызды.

Сол ауылдың жұлдыздайын нұрсәулесі,

Екеуара етене қылайық арамызды.

Ағып жатыр асау арна дарияда,

Бұл мезгілде жадырауда жас та, қария да.

Сол ауылдың асылданған нұрсәулесі,

Адал сыр төгілуде менің ариямда.

Жасыл желек жайқалады жылы желмен,

Бір өзіңді ертелі-кеш қалаймын мен.

Сол ауылдың жаздай жайсаң нұрсәулесі,

Бір өзіме жүрегіңді сыйларсың сен.

[       

Бірталайға ұнарсың сен

Бірталайға ұнарсың сен,

дегенмен –

арманымда бір өзіме

тағдыр берген теңімсің,

сеніміме нық сенімсің.

Бірталайға ұнарсың сен,

алайда –

пайымымша тек өзіме

арқауымсың бұл жалғанда,

аңсарымсың маған салғанда.

Бірталайға ұнарсың сен,

әйткенмен –

қиялымда баяғы өзіме

арманымсың қол жеткізбес,

аяулымсың мені менсінбес.

Бірталайға ұнарсың сен,

қайтсе де –

қайталаймын өз-өзіме,

берік сеңші сөзіме,

бол сыңарым өміріме.

[       

Бірегейім

Ертелі-кеш жалғыз өзің ойымдасың,

Дилемма – ұнатпас я ұнатарсың.

Көп ішінен дараланар бірегейім,

Үміттенген жан-жүрегім саған бейім.

Айналаға сәуле төге нұр шашарсың,

Жүрегіңді не жабарсың, не ашарсың.

Ажарымен сүйсіндірер бірегейім,

Бір өзіңсіз оңбай тұр-ау менің күйім.

Айдындағы нәзік құстай қалықтарсың,

Бұл жалғанның асқарында шарықтарсың.

Болмысымен тым тартымды бірегейім,

Аңырап тұр сенсіз менің жүрек-үйім.

Айға шапқан арыстанмын өзімше,

«Сүйемін!» деп жар саламын көзіңше.

Тұлғасымен ес таңдырар бірегейім,

Қасыңнан табылсамшы сенің дүйім.

Хабарыңды тосуға мен жалықпаймын,

Құр қалардай жәнедағы асықпаймын.

Жан-тәнімен асылданған бірегейім,

Бір өзіңмен гүлдеп салар көңіл-күйім.

[       

Маған жалғыз сен керек

Жаймашуақ шілде күні,

Қыздыруда Күннің нұры.

Көкке оранған тал-терек,

Маған жалғыз сен керек.

Адам жүзі бал-бұл жанған,

Су бетіне құстар қонған.

Қыпша бел әм ақ білек,

Маған жалғыз сен керек.

Емін-еркін жел қанғырған,

Бала күлген әм шынғырған.

Бір өзіңе ынтық жүрек,

Маған жалғыз сен керек.

Абыр-сабыр ағылған жұрт,

Жылжыған баяу жауын құрт.

Бір өзің маған тірек,

Маған жалғыз сен керек.

Шілдеменен жаз басталды,

Жер Күннен қуат алды.

Самалмен тербелер жасыл желек,

Маған жалғыз сен керек.

[       

Айқыным

 Бұлт торлады,

Аспан сұрланды,

Шөлдеген жерге

Жаңбыр жауды.

Ай жасырын,

Жылжып ақырын.

Айдай айқыным,

Сенсің-ау жырым.

Ауа керемет,

Көгал – текемет.

Анық айқыным,

Өнеріңе зор құрмет.

Ызыңдап маза,

Жоқ енді маза.

Асыл айқыным,

Сезімім пәк таза.

Бұлттар алысқан,

Бөлінген, жабысқан.

Көз тіккен жерге,

Сұрлана қарасқан.

 Ибраһим-Шаһмантегі Бегімхан Керімханұлы
Просмотров: 1037 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: