17:54 Лирика-19 |
Жүректен – жүрекке (таңдамалы) Сәрсенбінің сәтінде Сәрсенбінің сәтінде ақ қағазға сөз түздім әдетінше. Аспан бұлтты. Ара-арасында сығалауда Күн. Сәулесімен сән жылытты. Тынымсыз соққан жел. Бүр жарған тоғай, радиода – сәлем дұғай. Тірлік жасаған ел. Айнала жасыл-көк. Көз тұндырар көркіменен Шартарапқа беріп көрік. Сезімім бұрынғыдай берік. Түс мезгілі әлетінде Жаным, жолдадым сәлем сағынышпен өзіңе сәрсенбісінің сәтінде. [ Тағы бір күн... Тағы бір күн таусылуда ақырын, Қос ауылдың арасы пәлен шақырым. Бұлдыр-бұлдыр бұлдыраған асу-белес, Хұсрауды қинап жүрген сен бір Шырын. Тағы бір күн ұясына батуда, Самалменен діріл ойнар айдын-суда. Көк жамылған ойдым-ойдым сай-сала, Желбіреген тыным таппас байрақ-ту да. Тағыбір күн енер тарих құшағына, Еш татымас өзге мезгіл жаз шағына. Әрлі-берлі тарам-тарам сары жолдар, Басқым келеді бір өзіңді құшағыма. Тағы бір күн қимастықпен қоштасады, Толқынданған өзен арнасы қыр асады. Құбылмалы, өзгермелі сұрғылт бұлттар, Қан жылаған жүрегім өзіңді тосады. Тағы бір күн жаңа күнмен жаңарар, Арайлы таң есіміңмен бек жаңғырар. Жаз бейнеңді, мәз бейнеңді тілей-тілей, Жаным менің өз жаныңды аңсай сағынар. [ Жұқаруда күнтізбе Жұқаруда күнтізбе, Парақ-парақ жыртылып. Сағым әсте жеткізбес, Бұлдырлана қозғалып. Мезгіл, мезет – аққан құм, Қозғалмалы қашанғы. Жалғыздық деген пері, сұм, Түбі оның қараңғы. Апта, жеті – заңдылық, Шатасуды білмейтін. Сүйдім сені мәңгілік, Бірақ өзің сүймейтін. Секунд, минөт һәм сағат, Сан-цифрлар әлемі. Сені күтуге жетер тағат, Сол мекеннің асыл әсемі. Жұқаруда күнтізбе, Кетіп жатыр таусылып. Жол арасынан сыр ізде, Сыр жатыр-ау тығылып. [ Сен де жүрсің... Күн қызуы көбейіп, көктеуде жер, Жасыл құрақ айнала – әсем өнер. Сен де жүрсің құлпырып, жаз жадырап, Көркіңменен жан-тәніме беріп әсер. Аспан бұлттан арылып, көрінді Күн, Бүйте берсе ақыры жылынар түн. Сен де жүрсің нұр шашып, сәулеленіп, Қылдай нәзік даусыңмен шығарып үн. Ұшып-қонып қыбырлап қаптады жәндік, Дүниеге өздігінен сыйлап сәндік. Сен де жүрсің шалқып, билеп, шарықтап, Саған деген ғашықтықта жоқ күмәндік. Бау-бақшада қылтиюда сан көкөніс, Көкке оранды тақыр болған ылди, еніс. Сен де жүрсің ойды өріп-тарқатып, Сыңар болсаң – сол болар-ау үлкен жеңіс. Күн өрмелеп әрі қызып барады, Жылы нұры Жер бетіне тарады. Сен де жүрсің асылданып, хош аңқып, Сағынышты қос жанарым суретіңе қарады. [ Сезімің – ағынды арна Өзен суы тасыды: айнала су, жайпады су, жайылды су – бар тірлікке беріп нәр. Жайылма, қыдырма суда: тулай-тулай балық ойнар, жымың-жымың сәуле жайнар, қиқу-қиқу құстар сайрар – болмысымен беріп ажар. Су беті бейне айна: көрінер тал, жайылған мал, бақташы шал – тұрпатымен ерекше. Сезімің – ағынды арна: сезгендей-ақ сезерсің, жыларсың я күлерсің, кетерсің я келерсің – толындай толқын қуалап. |
|
Всего комментариев: 0 | |