10:29 Тәржіма(жалғасы) |
Сан тақырыпты әфсана АДАМНЫҢ ҮШТҮРІ Бірде Үндістан патшасы Ақбарға бір-біріне сондай ұқсас адами тұрпатты үш алтын бұйым сыйлық ретінде, солармен қоса хат жіберілген екен. Хатта мана сөз болған бұйымдардың әрбірінің өз мәні менен құндылығы бары айтылғаны тағы болды. Осыларды оқып-көрген Ақбар өз кеңесшілерін шақырып, бұйымдардың ерекшеліктерін анықтап беруді бұйырды. Оқымыстылар ұзақ уақыт бойы бұйымдардың салмағын бір өлшеді, ұзындығын екі өлшеді, сонымен бірге алтынның сапасын да ізерлеп зеттерттеп көрді де. Дегенмен бұйымдар арасындағы сырттай да, іштей де айырмашылықтарды таба алмай дал болды. Түк тындыра алмағандарын мойындап, бастарын шайқады. Тек қана данагөй Бирбал дәрменсіздікке жол бергісі келмей, бұйымдар арасындағы ерекшеліктерді табудан тартынбады. Ол бұйымдардың құлақтарынан кішкентай тесіктерді тауып алды да, әлгі тесіктерге жұқа алтын сымды кіргізіп көрді. Бірінші бұйымдағы сымның бір ұшы екінші құлағынан шықты, екінші бұйымнан сымның ұшы аузынан қылтиса, үшінші бұйымнан жіңішке алтын сымның екінші ұшы кіндігінен шықты. Аздап ойланғаннан соң, Бирбал былай деп жауап қайтарды: - Жұмбақтың шешімі табылды. Бірінші бұйым бір құлағынан құйып, екінші құлағынан ағызып жіберетін адамды көрсетеді. Екінші бұйымнан айтылғанды міне-міне ести салысымен, естігенін өз-өзінен ойлап алудан аулақтатып, басқа біреуге бірден айтуға асығатын адамды байқауға болады. Ал үшінші бұйым естігенін жадында я есінде сақтап һәм оны өзінің жүрегінен өткізуге тырысатын адаммен теңбе-тең. Асылында, үшінші бұйым өзгелерден осынау құнды, осынау салмақты, осынау мәнді. БІР ҚҰЛАҚШЫН ШАЙ Мейдзи дәуірінде ғұмыр кешкен Дзен ілімінің жапон мұғалімі Нан-ин Дзен хақында білуге келген университеттің бір профессорын қабылдапты. Нан-ин оны шай ішуге шақырыпты. Ол мейманға құлақшынына ернеуінен асыра шай құйып, арықарай құя беріпті. Қарап отырған профессор шыдай алмай: «Мынау әбден толды ғой. Бұдан артық енді сыймайды», - депті. «Мына құлақшын сияқты сіз де өзіндік пікірлер менен ойларға лықа толып тұрсыз. Өз құлақшынын босатпаған сізге Дзенді қалайша көрсете алармын», - депті дана. орысшадан еркін тәржімалаған |
|
Всего комментариев: 0 | |