10:27
Тәржіма(жалғасы)

Сан тақырыпты әфсаналар

Еске түсірер кез келді

Заманауи әфсана

Бір әйелде екі бала болды: жаңа туған қыз һәм жақсы жүретін әрі сөйлей алатын үш жасар ұл.

Бірде анасы ұлдың қарындасының бесігінің жанында отырып, одан:

- Мен бірдеңені ұмыта бастадым, маған Құдай туралы әңгімелеп берші, - деп өтініп отырғанын байқап қалады.

Әйел болу

Заманауи әфсана

Бір әйел Шеберге келіп, өз тағдыры хақында арызданды.

- Ол үшін сен өзің жауаптысың, - деді Ұстаз. – Сенің әйел болып туылғанына мен жауап берем бе?

- Әйел болу – бұл тағдыр емес. Бұл сенің алдын ала қалыптасуың. Ал сенің тағдырың, оны қалай жұмсап бағыттауыңмен байланысты.

Сиқырлы жәшік

Сопылық әфсана

Бір адам қатты кілемді сатқысы келді де, оны тура көшеге шығып өткен-кеткендерге ұсына бастады.

Кезіккен бірінші адам:

- Бұл қатты кілем, оның үстіне әбден тозығы жеткен, - деп тіл қатты да әлгіні арзан бағаға сатып алды.

Біраздан соң кілемді сатып алған манағы адам әлгі кілемді саудаға қойып, өтіп бара жатқан біреуге былай деді:

- Мынау – кілем, жібек сияқты жұмсақ. Бұл жалғанда бұған тең келер кілем, сірә, табылмас.

Өтіп бара жатқан сопы бір кілемді екі түрлі суреттеумен алдында болған сатып алу және қайыра сатып жіберу әрекетінің куәгері болды. Сопы саудагерге жақындап келіп:

- Тыңда, кілемдер сатушы, мені өзіңнің қатты кілемді керемет кілемге айналдыра, және де, бәлкім, ештеңені асыл тасқа айналдыра алатын сиқырлы жәшігіне орналастыр, - деді.

Табылған жауап

Грек әфсанасы

Бәзбіреу Платонға оның кедейлігін бетке басып айтты. Бұған ол былайша жауап берді:

- Сараңдық пен мансапқорлық мұқият қорғайтын, ал жомарттық пен қолашықтық түптің түбінде құртып тынатын заттарды алуға ұмтылуым керек пе?

 

орысшадан тәржімалаған

ИБРАҺИМ-ШАХМАНТЕГІ Бегімхан  

Просмотров: 940 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: