09:30 Сезім шиырлары |
ӨЗІҢДЕ... Болмысыңнан тал-қайыңдай айналдым, Сөз ішінен сөз таба алмай мен қиналдым. Өзіңде бір құдірет бар-ау, тегі, Жүрекжарды сөз айтуға кезек алдым. Жүзіңнен алтын Күндей күлімдеген, Тәулік бойы жылу менен қуат берген. Өзіңде өзіңе тән бір ғажаптық бар, Жан-жүрегім еріксіз соңыңнан ерген. Көзіңнен сәуле шаша нұрланатын, Көзқарасың жүрекке құстай қонатын. Өзіңде өзге білмейтін сыр барын білем, Аққусың-ау кең жаятын қос қанатын. Шашыңнан самал желмен ойнаған, Хош иісімен шартарапты шарлаған. Өзіңде таусылмайтын жыр сарнайды, Әуенімен болмысымды жаралаған. Қос қасыңнан Ай-жұлдыздай жарасқан, Қос жағадай үйлесім тауып қарасқан. Өзіңде керемет бар бір өзіңе тән, Есіміңмен асу менен бел асқан. Жүрегіңнен бұл өмірге сондай құштар, Лүпіліңнен күннен-күнге мені ұштар. Өзіңде наз нәзіктік өрнектелген, Асылында, бірегей сені қылайын жар! ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ |
|
Всего комментариев: 0 | |