12:19 БАРЫС, 11(154)-5 |
Құрметті оқушылар! Газеттің әр санында беріліп отыратын жеті жұмбаққа тапқырлығына қарай дұрыс не соған жетеғабыл жауап берген оқушыға ұтыс сыйлығы тағайындалады. Жауаптарыңды дәптердің парағына жазып, көрсету керексіңдер. Тек бір өтініш: стендтегі жылтыр файлдық бетке қаламсаппен жазбаңдар. (Өткен сандағы жұмбақтардың жауаптары: Темір/Қайық/Қалам/Трактор/Домбыра/Жайын – бір жыл, 365 ұя – бір жыл ішіндегі 365 күн, 24 жұмыртқа – 24 сағат, бір көбелек – бір ай/Көрік) Қырық кез оқ, Қарағай садақ, Бар белімде, Қырық дуадақ Бір арықтан су ішеді, Ойлап тап бұл сөзімді қапелімде. [ Тарыға торғай қонса сақпан біледі, Түлкіні түнде жортқан қақпан біледі. Бір жұмбақ мен айтайын, сіз тыңдаңыз, Сіз құсап шалқасынан жатқан біледі. [ Бір ыдыс әркімдерге болған аян, Бір жерде сабыр етіп, қылмас баян. Әркімнің қолында жүр оның суы, Ол судан ақыл табар барлық адам. [ Қара азбан дем алыс жоқ бақырады, Қолы көп сансыз саусақ батырады. Тісімен қара жерді быт-шыт қылып, Жер үстін борандатып шарқұрады. [ Келемін жоғарыдан күймелемей, Он жерден омырауды түймелемей, Сегіз қыз, сегіз жігіт ән салады, Япыр-ай не екенін білмедім-ай. [ Жаралған бұл дүниеде екі қақпақ, Мезгілімен ашылып және жаппақ. Болғанда бірі қара, екіншісі – Күмістей жарқыраған сүттен де аппақ. [ Егіз екі қарсы келді, Арасына көк мұз түсе берді, |
|
Всего комментариев: 0 | |