12:09
Лирика-17

Жүректен – жүрекке (таңдамалы)

Ай-күннің аманында

Аспанды бұлт торласа,

Сәулеленген Күн қайдам.

Ылди аңсай жұлдыз ақса,

Ұлы арманға жасалар бір қадам.

Қосылайық, уа аяулым,

Ай-күннің аманында.

Сұр аспаннан су ақса,

Асыр салар шаң қайдам.

Тұс-тұсынан жел соқса,

«Әуендетер» маң-айналам.

Табысайық, уа ажарлым,

Ай-күннің аманында.

Күнбатысқа жол шақырса,

Бөгер мені бөгет қайдам.

Бұйыртпай тағдыр «лақтырса»,

Болмас онда гүл бітер енді қадам.

Бір болайық, уа ардақтым,

Ай-күннің аманында.

Ай-күннің аманында,

Ынтық болалық әманда.

[       

Күн дидарлы еңлікгүлім

Әсем дауысың жүрегіме жыр сыйлады,

Балдай сөзің көңіліме нұр сыйлады.

Қол жеткізбес Күн дидарлы еңлікгүлім,

Ынтық демің жаныма сезім сыйлады.

Күрделі кестедей ой шырмады бойымды,

Сансыз сұрақ тарамдады ойымды.

Арман болған Күн дидарлы еңлікгүлім,

Сенсің, жаным, шын гүлдетер өмір-тойымды.

Бақыт деген сені сүю жалғанда,

Аңсау сені оңаша жалғыз қалғанда.

Мені елемес Күн дидарлы еңлікгүлім,

Қиын маған – сағыныш кернеп алғанда.

Мінсіз сезім саған қарай ұмтылар,

Жанқамалым сенсіз әсте қирап құлар.

Маған қымбат Күн дидарлы еңлікгүлім,

Саған, жаным, жан-жүрегім ынтызар.

Тамызықтай жалындатқан жүректі,

Өзімді қайрай, таптым сендей тіректі.

Мен сүйетін Күн дидарлы еңлікгүлім,

Екі бөлшек бір бүтін болу керек-ті.

[       

Маған да бір...   

Қызарған шоқтай,

я ұшқындай

сондай қымбат сезіміңді

маған да бір

білдірерсің, асылым.

Созылған сағыздай,

әлде сағымдай

жалғанның мына уақытында

маған да бір

қарарсың, алтыным.

Иіссіз, түссіз судай,

не қалың нудай

осы таусылмас тірлікте

маған да бір

ынтық боларсың, аяулым.

Жылы самал желдей,

болмаса ағын селдей

жарыспалы, тоғыспалы мезгілде

маған да бір

жаныңды арнарсың, ажарлым.

[       

Уа, Тәңірім, ... 

«Жоқ» десең, жалғыздыққа бек байланам,

Күз келмей-ақ сарғаяр-ау жан-айналам.

Уа, Тәңірім, қалдыра көрме қапыда,

Әуелден ғой бірге болуға сайланам.

Жүрегім ұзағынан мұздай қатты,

Түр-ажарың әлгі мұзды уатты.

Уа, Тәңірім, бетін бері қарата гөр,

Наз жүректен лүпіл алдым қуатты.

Жабырқаймын, жалғыздық бойды кернесе,

Армандаймын, демің бойды тербесе.

Уа, Тәңірім, нәр беретін көз жібер,

Сүю – артық, күндікте өлгеннен сан есе.

Қыз дегенге құр жүрегім тас еді,

Нық сенімге сұр сезімім қас еді.

Уа, Тәңірім, табыстырдың артық туған аруды,

Бірталай жыл сол аруды жаным сүйеді.

«Жоқ» дегенің, құрбан қылғаның жалғыздыққа,

Итергенің шыңырау, түпсіз мағынасыздыққа.

Уа, Тәңірім, ақырын оят нәзік сезімін,

Бұл пәниде тағзым етем ғашықтыққа.

[       

Өтінемін

Өтінемін,

өлтірме тірідей,

жалғыздық жарықтық

жүрекке қадалар

өткір әм улы мірдей.

Өтінемін,

өшірме ұшқынды,

сүреңсіздік бірбетті

жүдеген жанымды

қылар-ау түбінде жынды.

Өтінемін,

өкінтпе өзімді,

өкініш өксікті

жұқатар, мұқалтар

үмітке толы төзімді.

Өтінемін,

өрлетші сезіміңді,

асылдай сақтайын

маған деген аз-маз

әлжуаз, үлбіреген сеніміңді.

 Ибраһим-Шаһмантегі Бегімхан Керімханұлы
Просмотров: 1026 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: