13:15 Лирика-14 |
Жүректен – жүрекке (таңдамалы) Тәңір берген, жанды ұғар сырласым Көктемменен құлпыратын қызғалдақ, Ен далада әсем билер дуадақ. Ертелі-кеш ойымдасың, жан қалқам, Ынтық, ғашық жүрегіме түсірме дақ. Көктемменен жарыса ағатын бұлақ, Сан түспенен ылғи гүлдер шалғын-құрақ. Келбетімен өзіне тартар асылым, «Қашан жарым боларсың?» - жалғыз сұрақ. Көктемменен ән сайрайтын жыл құсы, Хош аңқитын, жаз аңқитын маң-тұсы. Тұлғасынан нұр шашылар жан сәулем, Сағыныштан сыздап салды жүрек тұсы. Көктемменен бүршік жаратын тал-терек, Өзге емес, тағдырыма жалғыз сен керек. Дауысыңда жеті саздың үйлесі бар, Түбінде қосайық біз жүрекке жүрек. Көктемменен жылу беретін леп-самал, Жан-тәнің болсын ашық, болмасын қамал. Тәңір берген, жанды ұғар сырласым, Гүлдей түссін, өркен жайсын осы амал. [ Жүрегімнің төрінде Жүрегімнің төрінде Саған деген орын бар. Пәни деген жалғанда Баға жетпес жарым бар. Ажарланған жүзінде Хош аңқиды сан гүлдер. Күлімдеген езуінде Жанды сөздер үлбірер. Сүйемін, жаным, сені, Елерсің бе сен мені? Білем айқын: не бүгін, не ертең, әлде жылы көктемде, жұма, бәлкім сенбіде, таңсәріде, түсте, ақшам кеште, түбінде, тегінде... құптарсың ғашық сезімімді, қолдарсың өзіңе ынтық өзімді. [ Наурыз-көктем Кезіп жүр наурыз-көктем даланы, Шыныланған үйлері бар қаланы. Кешегі қар шалшық суға айналып, Кезуге шақ тұр сай әм саланы. Құстарменен наурыз-көктем сайрайды, Жыр-әнімен мейірлене баурайды. Түрліше полифонияға басып, Сағынышым ынтық сезімді қайрайды. Самалменен наурыз-көктем қыдырар, Сан бұлақ ылди аңсай зымырар. Тұс-тұстан қара жер менмұндалап, Қос жанарым жан-тәніңе көп қарар. Жылуымен наурыз-көктем әрленер, Жанды, жансыз өзгерер де түрленер. Сәулелі Күн жоғарыдан төмен қарап, Мірдей нұры Жер құшағына енер. Түрлендірді наурыз-көктем табиғатты, Шашты-шашты мейірім мен шапағатты. Ғашықтардың жан-жүрегі гүл-гүл жайнап, Құрметтеуде құдіретті Махаббатты. [ Алпысыншы жорық Әлқисса, алпысыншы жорық бастадым, Күні кеше наз қолыңды ұстадым. Неткен ғажап жан-тәнің, түр-түлғаң, Ғашықтықтың құдірет екенін қостадым. Мөлдіреген көздеріңде мейірім тұнған, Үлбіреген жүрегіңде ынтықтық жанған. Аққудайын қиыласың, назданасың, Қызғалдақтай жаз жүзіңде хош аңқыған. Қадамыңда гүл өскендей ілесе, Біресе күлімдейсің, мұңаясың біресе. Көздеріңнің қарашығы сондай терең, Қос жүректі біріктіре, жібермейік есе. Әр деміңде жылы самал ескендей, Әлгі самал жан-тәнімнен өткендей. Әрбір сөзің қоңыраудай сыңғыр қаққан, Әлгі сыңғыр шартарапқа кеткендей. Ақ жүзіңде өміршеңдік байқалар, Қараған сайын ынтықтығым қуат алар. Жар басынан ауылыңа көз салғанда, Ақ қайыңдай асыл жаным жайқалар. [ Қимастай қоштастым Сол мекеннің шетінде, Жылы жел өтінде Жүзіңнен бір сүйіп, Қимастай қоштастым. Қарадың көзіме, Асылымсың өзіме. Құшақтадым өзіңді, Жан-тәнім елжіреп. Қоштаса сүйсіндім, Білдіртпей күрсіндім. Қимассың сендағы, Оқыдым көзіңнен. Құшағымда болғанда, Ынтықтық қозды бойда. Иісің еліктіріп, Тарта түсті өзіңе. Қимастай қоштастым, Адымдай бастадым. Қала бердің орныңда, Қарай, қарай жолыма. |
|
Всего комментариев: 0 | |