13:11
Лирика-11

Жүректен – жүрекке (таңдамалы)

Есімің. Есіміңде. Есіміңмен.

Есімің жүрегімде мәңгі жазудай басылған,

Әр дыбысы, әр буыны раушандайын ашылған.

Ен жайлауға, тау-жартасқа, сай-салаға

Әуезденген үйлесімі шашудайын шашылған.

Мол шашудың әр түйірі қасиетке бек толы,

Бас иеді тоқтау жасай небір-небір күш долы.

Әрлі-берлі іздесем де, сендей, жаным, жоқ ару,

Бұған куә Байкал, Сейшелл, алыстағы Анадолы.

Есіміңде жанға жайлы әуен толғар,

Бірде –тербер, бірде – құйындай соғар.

Гүл-гүлдердің ішінде артық гүлдер қызғалдақ,

Аңсап жүрген жүрегімді ерен ұғар.

Біздің жүрек бейне гүлзар жайнайтын,

Өмір нәрі қуатымен еш солмайтын.

Сәуірдегі жауын-жаңбыр демеуімен,

Қылтия аспанға өрлеуін қоймайтын.

Есіміңмен батады күн, атады таң,

Өзгереді жанға жайлы айнала-маң.

Бұл жалғанның әрбір сәті үлкен мейрам,

Күннен-күнге нәр бересің сен, сұлужан.

[       

Сағынып һәм аңсап

Әлжуаз қар

Ұзақ жатпас.

Суға айналар,

Мұз боп қатпас.

Шатырдан тамшы

Үзілер сырнай,

Бұл жалған алдамшы,

Домалар аунай.

Жылы жел есер,

Аралай маңды.

Құрғата кептірер,

Бетке алып таңды.

Тоғайлар тербер,

Самалды қостап,

Балалар күлер,

Ақ қарды уыстап.

Сен жаққа қараймын,

Өзіңді армандап.

Күтуге жараймын,

Сағынып һәм аңсап.

[       

Ертеңге мен қараймын зор сеніммен   

Ертеңге мен қараймын зор сеніммен,

Ғұмыр кешкім келеді жалғыз сенімен.

Барлық жанды тірлік жасап жатқан шақта,

Болғым келмейді, болмаймын дос жалғыздықпен.

Бұлт ішінен аспан жүзі көрінуде,

Сәулелі Күн жерге қарай нұр ілуде.

Манағы қар еріп жатыр жылай-жылай,

Сәуір-тәуір шалшық судан жиренуде.

Қандай жақсы бір өзіңді аңсап жүру,

«Жаным, сені сүйемін!» деп шаттана күлу.

Шын сағына суретіңе қарай-қарай,

Бұл жалғанға риза бола өмір сүру.

Құстар ұшар жоғары-төмен бір жалықпай,

Телегей-теңіз айдындағы кемедей қалықтай.

Олар да мәз қызығына бұл тірліктің,

Өз күндерін тауысуда аптығып-асықпай.

Ертеңге мен қараймын зор сеніммен,

Сыр ашамын, сырласамын әр күніммен.

Жан-тәніңді, түр-тұлғаңды сағына, тілей,

Асылым, сені аңсаймын наз сезіммен.

[       

Жарасайық

Көңілменен жарасайық,

Сезімменен.

Төзімменен жарасайық,

Сенімменен.

Ай-жұлдыздай жарасайық,

Үйлесейік.

Күн нұрындай жарасайық,

Түйісейік.

Жер мен көктей жарсайық,

Тоғысайық.

Көл мен құстай жарасайық,

Толысайық.

Қас пен көздей жарасайық,

Қарасайық.

Киіз үйдей жарасайық,

Құрысайық.

Сырласумен жарасайық,

Жүрекпенен.

Өмір сүре жарасайық,

Тілекпенен.

[       

Сүйсінемін айтқан әрбір сөзіңе

Сүйсінемін айтқан әрбір сөзіңе,

Жүрегімде ұзағынан-ау жаңғыратын.

Зер саламын суретіңдегі көзіңе,

«Келші, жаным, кел енді» деп шақыратын.

Естіген жоқпын дауысыңдай дауысты,

Сыңғыр қаққан мөлдіреген бұлақтай.

Дүйсенбіміз сейсенбі боп ауысты,

Жаңаша күн жайнады жасыл құрақтай.

Үндес тапқан әр дыбыс әм буының,

Кемпірқосақ палитрасындай бек жарасып.

Терезе-әйнектері көрінеді-ау үйіңнің,

Маған қарай бір адамдай қарасып.

Әр сөзіңде әуез тұнған шымырлатар,

Домбырадан туған қоңыр саздайын.

Әуезі ше жан-тәнімді ынтықтатар,

Мәңгі сені сүюге жаным дайын.

Айтылымды әсем күлкің толықтырар,

Сүйектен өте елжіретіп сезімімді.

Сенен басқа ешбір жан жоқ мені ұғар,

Қуаттай түс, нұр жауһарым, сенімімді.

 Ибраhим-Шаhмантегі Бегімхан Керімханұлы
Просмотров: 960 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: