13:04 Лирика-10 |
Жүректен – жүрекке (таңдамалы) Махаббат – тағылым Тық-тық еткен сағат тілі Өз жолымен бір айналып өтеді, Сырға бай ғашықтық тілі Сүйектен өте дегеніне жетеді. Анық естілер жел әуені Тоғайларды әлдилей тербетеді. Сызға бай жүрек дірілі Махаббатқа ылғи тағзым теді. Махаббат – мәңгі тақырып мазалы, Қазыналы қылар біреуді, біреуді – азалы. Махаббат – ақылға бай, мағыналы, Нұрлы қылар біреуді, біреуді – ызалы. Тық-тық еткен сағат тілінде Тоқтау деген болмайды. Арам ойлы ғашықтық тілінде Бақырдай мән болмайды. Бұлт торлаған қара түнде Жұлдызсыз сән болмайды. Жалғыз қалған тас жүректе Махаббатсыз ән болмайды. [ Қайдасың, жаным?! Қайдасың, жаным?! Қайдасың, жаным?! Қайдасың? Сезімді пенде махаббаттың сезер пайдасын, Қисыны қиын осынау «арпалыс майданда» Алла Тәңіріміз екеумізді бірдей қолдасын. Қайдасың, жаным?! Бір көруге асықпын, Жанама да, тура да саған ғашықпын. Өңімде қазір Аралдай қайран кепсем де, Түсімде бар ғой сені сүйе Нілдей тасыппын. Қайдасың, жаным?! Түбінде өзім барармын, Көліктен түсіп, үйіңді де табармын. Есіктен кіріп, жүзіңнен сүйіп, құшақтап, «Сүйем сені, аяулым!» деуге жарармын. Қайдасың, жаным?! Сырға толы сандығым, Үлкен өртке айналды-ау ғашықтығым. Айналаны алдамай-ақ айтарым – Ынтықтығым саған деген адал, мығым. Қайдасың, жаным?! Қайдасың, жаным?! Қайдасың?! Қашан-ау, қашан махаббат берер пайдасын?! Қинама, жаным, жанымды менің үмітті, Асылы, жүрегім табар өмірлік мәңгі жолдасын. [ Махаббат Әмір бар ма жүрекке, Алдамасын, болмасын бәрі текке. Махаббат – құпиялы патшалық. Қара жер жармасады күрекке, Ғашықтық тікенекше қадалуда жүрекке. Махаббат – әмірі күшті қағанат. Өсімдіктер ұмтылады биікке, Нағыз сезім шалдықпасын күйікке. Махаббат – сиқырлы зәулім қорған. Нәзік қимыл жарасады киікке, Үлкен сенім қол жеткізсін биікке. Махаббат – аса мәнді герцогтік. Қызықсыз өмір – тұрмайды түкке, Ынтықтық ұрынбасын тап пен жікке. Махаббат – сондай құнды графтық. Жанды сөз әсер етер сүйекке, Ұшқын керек жалындаған сүймекке. Махаббат – кең құлашты уәлаят. Мін табылмас ұжымы нық бірлікке, Ғашықтық сән береді тірлікке. Махаббат – жеті кереметтей ғаламат. [ Пәни жалғанда Бала біткен қуаныштан күледі, Көлік болса көк түтінмен жүреді. Зымырандай осы пәни жалғанда, Махаббатсыз кімдер өмір сүреді?! Арғымақ желмен жарыса желеді, А дегенше межелі жерге келеді. Сынаптай сырғыған пәни жалғанда, Махаббатты ғашықтар шын күледі. Теңбіл доп қақпаға дәл енеді, Жанкүйерлер команда жеңісіне сенеді. Жұлдыздай аққан мына пәни жалғанда, Махаббат құдіреті бәрін-дағы жеңеді. Жүргізуші темір кілтті бұрайды, Машинаның от алуын сұрайды. Атылған оқтай бұл пәни жалғанда, Махаббат қана өмір мәнін құрайды. Аяз қысса малды қораға тығады, Мұржалардан будақтай түтін шығады. Жебедей жылдам әлгі пәни жалғанда, Махаббатты шын сүйгендер ұғады. [ Аппақ қар Аппақ қар жауып жер бетін, Ауа райы танытуда қыс келбетін. Аяз-дағы бастауда сурет өнерін, Адам білмес ертеңнің не берерін?! Аппақ қар жерге түсті еппенен, Адал махаббат берік болар сертпенен. Дарқан дала ақ киізге оранған, Ғашықтығым алтын күзде оянған. Аппақ қар сықырлайды аяқ астында, Аяулым бар Күннің сонау батысында. Айналаға айна болып жүрген болар, Ажарлымды бір ойласам, көңілім толар. Аппақ қар сондай суық, шыдаттырмас, Аяз қысса, өзіне бет қараттырмас. Дүние-әлем ақ көрпені жамылған, Ғашықтығым көркем сөзбен танылған. Аппақ қар өздігінен ажарлы, Айнала бала шуымен базарлы. Ақ ниетті асылым-ау, қайдасың?! Адамзатқа махаббат берсін пайдасын! |
|
Всего комментариев: 0 | |