13:01
Лирика-7

Жүректен – жүрекке (таңдамалы)

Ғашықтық әлемінде

Ғашықтық – адамда бар зор қасиет,

Қойнауында оның мол өнеге-өсиет.

Қисыны қиын оның ебін табу үшін,

Адамдарда болу керек зор қабілет.

Ғашықтық – сондай қымбат қазына,

Жол ашады көктеп тұрған жазына.

Шыдам менен сезім керек сүю үшін,

Мен ғашықпын бұл жалғанның хор қызына.

Ғашықтық – рухы күшті сиқыр да сыр,

Құлақ түрер әуезіне сай менен қыр.

Еп пенен ыңғай керек құшу үшін,

Сол аруға ағытылар жүректі жыр.

Ғашықтық – жан жібітер сәулелі нұр,

Талаптыға берер жылу, қалдырмас құр.

Назар керек, көңіл керек сүю үшін,

Бір өзіңді сүйіп өтем, қара да тұр.

Ғашықтық – сегіз әріпті үш буын,

Анадайдан желбіретер байрақ-туын.

Шешіле біл шынайы махаббат үшін,

Жүректі аш, ағыт жыр, бекем буын.

* * *

Жаным жанымды сағынды

Түн пердесін жамылды,

Айы шам боп жағылды,

Әрлі-берлі жұлдыз ағылды,

Жаным жанымды сағынды.

Ел аяғы басылды,

Күйбең тірлік ысылды,

Күннің әлі таусылды,

Жаным жанымды сағынды.

Сағыныш тағы басталды,

Қалам-дағы қуат алды,

Жаза-жаза қол талды,

Жаным жанымды сағынды.

Үйлесе ұйқас жазылды,

Сезімді ой қазылды,

Ақиық арман жол салды,

Жаным жанымды сағынды.

Ұйқастан өлең туады,

Ойды ой қуады,

Мұңды мұң жуады,

Жаным жанымды жылай сағынды.

* * *

Теңдесі жоқ ажарымен... 

Теңдесі жоқ ажарымен өз теңім,

Құшқым келеді жан-тәніңді қатты менің.

Менсінбессің бәлкім мені, амал нешік,

Ынтықтық аса бай асыл кенім.

Сағындым мен хош аңқыған шашыңды,

Көргім келеді нәзік біткен қасыңды.

Үміт оты сөнбес, маздар, алаулар,

Әлпештейін жас өскіндей қалыбыңды.

Сенің жаның құр жанымды әлдилер,

Арман-арман аңсай сені әуелер.

Қайталанбас өмір-ғұмыр сахнасында

Асыл жаным тал шыбықтай наз билер.

Адал Сезім Махаббатқа серіктес,

Ғашық Жаным өз Жаныңмен жүректес.

Арамызда зор Сыйластық жатса-дағы,

Ақ Сенімім Сеніміңмен үміттес.

Теңдесі жоқ ажарымен жан қалқам,

Әсілі, сен – жүрегімсің, болар тоқтам.

Сағындым-ау елестете жаз бейнеңді,

Бір анығы, сүйіп өтем сені, қалқам.

* * *

Сені аңсай...

Сені аңсай күндер жылжыр ақырын,

Сыр сандық я қара жұмбақ жан сырын.

Қалайсың сен, қайдасың сен, аяулым,

Толқындайын тарқатамын жан жырын.

Сені аңсай түндер өтер қараңғы,

Ұлы жолда аялдамам болшы соңғы.

Қандайсың сен осы сәтте, ажарлым,

Сағыныштан құр жүрегім қараңғы.

Сені аңсай көңіл-күйім сүреңсіз,

Бар тірлігім көрінеді сондай мәнсіз.

Сыйларсың жүрегіңді қашан, қалқам,

Тек өзіңмен өмір сәнді, сенсіз – сәнсіз.

Сені аңсай жүріс-тұрыс саябыр,

Жүрегіңнен естілер қашан жанды тықыр?

Бақытысың қай адамның, сәулем-ай,

Жауап іздей сандалған санам соқыр.

Сені аңсай үміт болар жұбаныш,

Санамды сарғайтты білем сағыныш.

Маған деген сезімің нендей, асылым,

Сый етсең жүрегіңді, атойлар қуаныш.

* * *

... һәм жалған

Бұл өмірде кім сүймеген?!

Сүюден-ақ кім күймеген?!

Шын сезімін ақындайын кім үймеген?!

Адалдық та, арамдық та ... һәм жалған.

Талай жүрек құса жұтты,

Құрбан болып өлім құшты,

Махаббат майданында «оққа» ұшты.

Берік сүю, өтірік сүю ... һәм жалған.

Қайсыбірі асқарына бір-ақ шықты,

Бәзбіреуі екіншісін шалып жықты,

Болса бірі – әлсіз, енді бірі – мықты.

Батылдық та, осалдық та ... һәм жалған.

Біле білсек, қиялдана қалықтатты,

Әуезімен ерітті де шарықтатты,

Баурап алар зәмзәмін де бұрқыратты.

Биік арман, опық жеу ... һәм жалған.

Әсілі, тек махаббат – мәңгілік,

Тапса ебін, сондай сирек пәктілік,

Бірде – ылди төмендеу, бірде – сәттілік.

Жоғары-төмен, анда-мында ... һәм жалған.

 Ибраһим-Шаһмантегі Бегімхан Керімханұлы
Просмотров: 952 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: