10:58 Лирика-4 |
Жүректен – жүрекке (таңдамалы) Айналайын, аймалайын... Айналайын, аймалайын аялай, Зымырандай жүйрік, асқақ қиял-ай. Бет-әлпеті бейне нәзік жібектей, Тағдырыма өмірлік болшы қолай. Арқаның ажарысың мен білетін, Ұяңдана, сәл жымия күлетін. Саябақтың құйқылжыған сандуғашы, Қадам сайын нұр шашып жүретін. Айналайын, аймалайын шын құша, Арманда аспандайын бейне құсша. Самал жел әлдилер жапырағым, Жүрек қоса бір болалық биікке ұша. Арқаның аруысың мен сүйетін, Шын сезімді түйдек-түйдек үйетін. Наз иіле жайнай өсер жас өскінім, Болшы жарым бір өзіме тиетін. Айналайын, аймалайын сені аңсай, Асыл жаным, өмірімнің теңі болсай. Қимылына нәзік біткен өрнегім, Тағдырыма жалғыз өзің боларсың сай. * * * Меруерті жанымның Көзді жазып қалмайын, Ауа қармап қалмайын. Меруерті жанымның, Өзгеге сені қимаймын. Қанат қағып талмайын, Өршелене болмайын. Меруерті жанымның, Жүрегімді арнаймын. Жалғыз сені аңсайын, Тілей сені сағынайын. Меруерті жанымның, Жаныңа бек ұнайын. Сұңқардайын самғайын, «Сүйесің бе?» деп сұрайын. Меруерті жанымның, Әсілі, асылды талғайын. Нұрдай сені тілейін, «Сүйеді» деп білейін. Меруерті жанымның, Өле-өлгенше сені сүйейін. * * * Махаббат хақында бір ауыз сөз Ықылымнан Махаббатқа тәу еткен, Сан әдіспен һәммасы мұратқа жеткен. Қиямет-қайым көлденең кестегенмен, Тоғысқандар бақыт құша алыс кеткен. Жөні бөлек Махаббаттың, мәні бөлек, Бірде – боран-бұрқасын, бірде – көбелек. Жан-жүректі сан мәрте жаралағанмен, Бірде – қаңбақ, ал кейде – жасыл желек. Әрдайым Махаббатпен жан гүлдеген, Ғашықтардың жүректері үлбіреген. Адасқандар ауа қармап қалғанменен, Сүйгендерді өмір-өзен жетелеген. Қыры мәнді Махаббаттың, сыры мәнді, Бірде – берік сенімді, бірде – күмәнді. Арагідік сан соқтыра алдағанмен, Бірде – ұзақ үнсіздік, бірде - әнді. Мәңгібақи Махаббатқа етер тағзым, Өне бойы Махаббаттың – мол тағылым. Өкініштен құса жұта жылатқанмен, Асылы, зерттеуі шексіз Ұлы ғылым. * * * Құшағыңа кірейін Құшағыңа кірейін, Құмарлана сүйейін. Жылы жүзің жайдары, Сезімімді үйейін. Жүрегіңе сүңгиін, Сағына тек сүйейін. Әрбір демің естіліп, Сөздерді санаға түйеін. Сөз – қызғалдақ, Сөз – дуадақ: Жарасады, Қарасады, Жаңғырады, Құлпырады. Сөз – ұшқын, Сөз – жалын: Лаулайды, Жанады, Қаулайды, Тынады. * * * Жұлдыздарға қарап, Әне-әне, қол жеткізбес алыста Жымыңдайды жалт-жұлт жанған жұлдыздар. Шамдарымен қызықтырар жуықта, Жаным сенсің, көрсем-дағы көп қыздар. Сол жұлдыздар бір-біріне қарасқан, Пыш-пыш ете небір сырды айтады. Сағыныш пен жан сезімім жарасқан Қиялдана барып-барып қайтады. Жұлдызды түн аналық жылуымен Жер-жаһанды нәрестедей баптайды. «Көрісем, - деп, - жуықтағы сұлуыммен», Жан-жүрек те дегенінен қайтпайды. Міне жұлдыз жерге ақты зымырай, Қас қағымда ғайып болды, жоғалды. Мезгілімен келер-келер таңғы арай, Күннің ұйқысы әсте қанды, дем алды. Жұлдыз деймін... жұлдызға сені теңеймін, Жарқырайсың алаулаған оттай жалт-жұлт. Бір Алладан жатпай-тұрмай тілеймін, Жұлдызымды торламасын қара бұлт. |
|
Всего комментариев: 0 | |