09:41 БАРЫС, 10(153)-5 |
Құрметті оқушылар! Газеттің әр санында беріліп отыратын жеті жұмбаққа тапқырлығына қарай дұрыс не соған жетеғабыл жауап берген оқушыға ұтыс сыйлығы тағайындалады. Жауаптарыңды дәптердің парағына жазып, көрсету керексіңдер. Тек бір өтініш: стендтегі жылтыр файлдық бетке қаламсаппен жазбаңдар. (Өткен сандағы жұмбақтардың жауаптары: Сыпырғыш/Жел қайық/Қалам/Поезд/Домбыра/Жыл, жаз, қыс/Тұтқыш) Мен тұрып бір таяқты қолыма алдым, Ішіне қызыл бояу оны салдым, Қызарып ол бояудан шығып еді, Ұрғанда созылады қайран қалдым. [ Бір нәрсе өзі жансыз ырғатылып, Өзінің аяғы жоқ бір мақлұқ. Жаз болса көк шалапты сапырады, Шөмішін бір шығарып, бір батырып. [ Бір ат бар бесеу ара, өзі жорға, Саламын жорғалатып жолдан жолға. Найзамен қар үстіне суды құйып, Ғажайып бір іс қылдым осы жолда. [ Қара атан тынбай жүріп ақырады, Артынан ертіп алып төрт-бес жанды. Қыртысын қара жердің қақ айырар, Күшті де көріп пе едің мұндайларды? [ Бір ағаш, бір ағаштан жорға болды, Оның да жорғалығы зорға болды. Арқанмен бас аяғын байлап қойып, Бір қарға соққылады онды-солды. [ Бір жайын тынбай жүзер дөп-дөңгелек, Ұясы үш жүз алпыс, бөлек-бөлек. Сөткеде жиырма төрті жұмыртқалап, Ақ, қара қанаты бар, бір көбелек. Тағы да нұрға толмақ асыл шөлмек, Таусылып алмағайып қайтып келмек. Әлемде алты арыстан ысқырғанда, Жиылып құрт-құмырсқа бәрі де өлмек. Айтуға сонда қиын болғанмен де, Тұрады барлығын да заңы билеп. [ Өзінің жалғыз аузы бар, Лебімен от шайнайды. Гүрілдеп демін алғанда, Алтын ұшқын ойнайды. Ағаштан күйген ас жейді, Шайнайды қара тас жейді, Адамның қолы тигенде, Еңсеріле дем алып, |
|
Всего комментариев: 0 | |