09:40
БАРЫС, 10(153)-4

САЛТ. ДӘСТҮР

ҚАЗАҚТЫҢ ЕҢБЕК ДӘСТҮРЛЕРІ

«ҚОЛКЕСЕР»

«Қолкесер» (дәстүр). «Ділдабек «қолкесірім» деп санның шақпақ етінен пышақты салды да жаяның қыртысынан апарып бір-ақ шығарды» (Ғ.Мүсірепов). Халық салты бойынша біреудің жұмысына қол ұшын бергені, көмектескені үшін ешкім ақы сұрамайды. Бірақ шаруаны істеткен адам «келі түбі» деп, «қол үздік» деп тиісті сыбағасын немесе сол еңбегіне қарай (аз болса да) бірдеңе береді, бос қалдырмайды. Соның бірі – соғым сойысқандарға берілетін «қолкесер». Яғни соғым сойған адамға тиісті мүшелерін салып ет береді. Соғым сою да қазақ үшін берекелі, елеулі күндердің бірі. Соғым етінен алғаш рет қуырдақ қуырылады. Бұл соғымның дәстүрі.

 

«ҚОЙ БАСТЫ»

«Қой басты» (дәстүр). «Қой басты» дейтін әдемі ырым жасап... сол үйден жеңіл тағам жейтін болған. (Т.Арынов). Қазақ мәдениеті мен шаруашылығында киіз басу өнері кең дамыған. Бұл да ауыл адамдары үшін елеулі, маңызды жұмыстардың бірі және киіз бір үйдікі болғанымен бұған салт бойынша барлық ауыл адамдары араласып, қол ұшын беріп отыруы шарт. Мұндай күндері киіз басушылар киіз тебу, киіз пісіру кезінде оны үй арасында домалата жүріп, бір үй тұсына келгенде «қой басты, қой басты!» деп айқайлай шулап, күліседі. Бұл үйіңді қой басып жатыр деген сөз. Мұны естіген үй иесі әйел жүгіріп шығып, киіз басушыларға қымыз, құрт, май, нан сияқты тағамдар ұсынады немесе қой сойып дастарханға шақырады. «Қой басты» әзіл-күлкіге, ойын-сауыққа арналған көңілді дәстүр болғаныменкиіз басудың азаюына орай бұл да ұмытылып бара жатыр.

 

«ҚЫМЫЗМҰРЫНДЫҚ»

«Қымызмұрындық» (дәстүр). Қымызмұрындық – бие байлап, алғашқы қымыз ішу тойы. (І.Кеңесбаев). Құлын байлап, бие сауылып оның сүті қорланып ашытылған соң екі-үш күн бойы жиналған қымызға ақсақалдар мен көрші-көлемдер «қымызмұрындыққа» шақырылады. Яғни алғашқы қымыз адамдарға салтанатпен ұсынылып, «көпке бұйырсын» деген тілекпен беріледі. Ақсақалдар үй иесіне де қонақжайлық, мәрттік, ұлттық ерекше қасиеттерін артыра түседі.

 

ЛАУ

Лау (ғұрып, дәстүр). «Атшабар келді лепілдеп, «Ояз шықты, сияз бар», «Ылау деп, - үй» деп дікілдеп (Абай). Бұрынғы кездерде лауазымды адамдар немесе көліксіз кісілер әр ауылдан лау мініп, яғни жұрттан көлік алып жететін болған. Лауға ат, арба, түйе пайдаланады.

Просмотров: 2151 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: