12:25
БАРЫС, 09(152)-3

САЛТ-ДӘСТҮРДІ САҚТАУ ХАҚЫНДА

[    Ауыр қылмыс жасағандар қатаң жазаланады немесе елден қуылады. Олардың артынан бір уыс топырақ шашылады. Бұл қылмысты болдырмаудың жолы.

[    Қонақ қондырмау, қонақ шақырмау – ұлт дәстүрін сыйламайтын, жөн-жосықты білмейтіндердің ісі.

[    Құрметті, сыйлы адамдарды сыйламау – арсыздық.

[    Халық заңы ұлттық дәстүр, салтын ұстанбаған және оны сыйламаған адамдарды жазалаған. Ондайлардан халық сырт айналған.

[    Жетім баланың басынан сипайды, жесірге көмек береді, қайыршыға садақа ұсынады.

[    Асты жамандамайды. («Асты жамандама – құстырар, ерді жамандама – пыстырар»).

[    Соғым сойған күні көршілер шақырылады.

[    Қонаққа домалаш жілік, жамбастың шұқыршағы салынбайды. Қазақ ұғымында бұл кәдесіз сүйектер.

[    Қызға кәрі жілік ұсыну әбестік.

[    Күйеуге, қызға төс тартылады.

[    Ақты (сүт, айран, қымыз т.б.) жерге төкпейді. Малдың желіні кетеді.

[    Елшіні өлтірмейді. («Елшіге өлім жоқ» деген содан қалған).

[    Тойға, қуанышқа барғандар құр қол бармайды. Той жасағандарға «тойхана», сый-сияпат, мүшелтойға сыйлық, үйлену тойына «немеурін», құдалыққа «киіт» апарады.

[    Көшіп келген отбасына «ерулік» беріледі.

[    Көшкен отбасы «айрылысар көже» береді.

[    Келген кісілерге үй иесі өкпесін айтпайды.

[    Қонаққа шақырғанда сол қонақтың өз баласына шақырту сыйлағандық емес.

[    Алыс сапарға аттанғандар, емделушілер елдің сыйлы ақсақалдары мен аналарынан бата алады. Қарашаңырақтан, әулие-әнбие орындарынан дәс татады.

[    Сәрсенбі сәтті күн. Қазақ игі істерді, қызық-қуанышты осы күні бастайды.

[    Сейсенбі сәтсіз күн. Сапарға шықпайды, іс бастамайды.

[    Бейсенбі, жұма исламның қасиетті күні. Бұл күні әр адам әруақтарды еске алады, дұға бағыштайды.

[    Қазақтар әр кезде жылы, сыйпайы сөйлескен.

Ұлт мәселесіне қатысты әрбір іс халықтың дәстүр-салтына сәйкес жасалуға тиіс.
Просмотров: 1010 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: