Жақында ғана облыс орталығы Павлодардың оқушылар сарайының кіші мәжіліс залында өткен облыстық "Әй, жарайсың!" байқауында өткенде аудандық додада топ жарған бесқарағайлық оқушылар намысты қолдан бермей, абыроймен қатысты. Іріктеу сыны саналған осынау байқауда біздің оқушылар әділқазылар менен көрермендер ықыласына бөленді. Нәтижесі жуырда анықталмақ.
Просмотров: 1177 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 27/09/2009 | Комментарии (0)

Жуырда аудан орталығындағы мектепте орыс тілінде оқитын оқушылар арасында қазақ тілінен "Әй, жарайсың!" дәстүрлі байқауында бесқарағайлық 5-9 сынып оқушылар құрамасы өзгелерден сырық бойы алға озып, бас жүлдені қаңжығаларына байлап, облыстық байқауда бүкіл аудан намысын қорғауға құқық беретін жолдаманы төс қалаталарына басты. Осынау керемет жетістікке қол жеткізген оқушылар ішінен Важниченко Анастасия, Важниченко Максим, Кириченко Александр, Ахтарьянова Регина, Корнеев Владислав, Рыбалевская Яна, Молокова Александра, Смакотина Евгенияны ерекше атап өткеніміз жөн. Ал осындай жеңімпаздарды дайындауға мектептің қазақ тілі мұғалімдері Қабдуова К.Қ., Белгібаева А.М., Құсманова Б.М., жас маман Әлдекенова А.С. және те өз үлесін қосып үлгерген Ибраһим Б.К. аянбай тер төкті. Бәрекелді! Енді алда болатын облыстық додаға жатпай-тұрмай дайындалуда.
Просмотров: 1149 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 20/09/2009 | Комментарии (0)

Орта толсын

ЖАС МАМАНДАР ҚАТАРҒА ҚОСЫЛДЫ

Жаңа оқу жылының басталуымен Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебіне Байханова А.Т., Әбенова А.Г., Әлдекенова А.С., Жанпейісова М.Ғ., Авазова З.Ф., Миникеева С.Б. есімді жас мамандар педагогикалық ұжымн ... Читать дальше »

Просмотров: 1123 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 20/09/2009 | Комментарии (0)

Бағалау айнасының жобасы

МҰҒАЛІМ РЕЙТИНГІСІН ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ

Басқасы басқа, ал қазіргі кезде мектепте балаларға білім берумен айналысып жүрген мұғалім еңбегі жемісі һәм жеңісі берісі мектеп ұжымы, арысы аудандық білім бөлімінің абыройлы назарында ... Читать дальше »

Просмотров: 3119 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 20/09/2009 | Комментарии (0)

таза табиғат аясының құшағында бүкіл мектеп, ауылдық әкімшілік һәм ауылдық аурухана "Денсаулық фестивалін" алаулатып-жалаулатып өткізді. Сондай көңілді болды!
Просмотров: 1106 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 13/09/2009 | Комментарии (0)

жаңа оқу жылының алғашқы жұмыс аптасы мәресіне жетті. Қазіргі кезде оқу ордасында 101 оқушы білім алуда, оның 50 ұл бала болса, 51 қыз бала. 33 мұғалім аталмыш оқушы санына білім беруде. Өткенде атап өтілген жас мұғалімдер қаратына химия және биология пәнінен оқытатын Әбенова Анелия Генниятқызы қосылды. Іске сәт!
Просмотров: 1167 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 06/09/2009 | Комментарии (0)

болған дәстүрлі аудандық тамыз мәслихатының планарлық отырысында біздің мектеп мұғалімдері Түсіпов Сүйіндік Досжанұлы және Белгібаева Айжан Мейрамқызы өткен оқу жылындағы ерен еңбегі үшін аудандық білім бөлімінің құрметті грамотасымен марапатталды, оның үстіне Түсіпов С.Д. аудан әкімі Әпсалықов С.К. өз қолынан естелік сыйлық ретінде үр жаңа ұялы телефонды салтанатты түрде табыс етті. Бәрекелді! Ал кеше ғана түлек болып осы мектептен ұшып, артынша мұғалімдік оқуды тәмамдап келген Байханова Асылжан Тәттімбекқызы, Әлдекенова Айгүл Серікпайқызы, Жанпейісова Меруерт Ғарифоллақызы біздің мектептің мұғалімдері қатарына ресми түрде қабылданды. Сәттілік тілейміз!
Просмотров: 1011 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 30/08/2009 | Комментарии (0)

Кел, балалар, оқылық!

 

ШАҚЫР, БІЛІМ!

... Читать дальше »

Просмотров: 1039 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 23/08/2009 | Комментарии (0)

Оқудың жаңа маусымы табалдырығында

ТАНЫМДЫҚ ОҚЫТУ ХАҚЫНДА

Оқыту үрдісі оқушылардың сана-сезімдерін дамытуға бағытталғандықтан, өзінің ішкі объективтік заңына сай өтетіні даусыз. Өйткені, оқушылардың тиісті жадығатты игеруі таным үрдісіне негізделеді ... Читать дальше »

Просмотров: 1336 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 23/08/2009 | Комментарии (0)

Оқу жылын биыл тәмамдаған түлектердің ішінен Мемлекеттік білім грантына ие болып, жоғары оқу орнына түскен Жанпейісова Торғынға, Жүнісова Назгүлге, Шакиров Нұрсұлтанға, Қалиева Дариғаға бәрекелді демекпіз! Басқа оқушылар да осы қаратға лігеді деген үміт әлі де сөнген жоқ.
Просмотров: 1091 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 16/08/2009 | Комментарии (0)

« 1 2 ... 245 246 247 248 249 250 »