Кеше ғана мектебімізге Павлодар облыстық білім беру басқармасынан құрамында жеті маман және аудандық білім бөлімінен екі маман - жиыны тоғыз бас маман бар комиссия келіп, оқу-тәрбие, әкімшілік-басқару жұмыстарының орындалу барысын кешенді тексерістен өткізді. Кадрлар бөлімімінің бас маманы Қайырбаева Роза Балапанқызы бастап келген осынау комиссия құрамы мектебіміздің жалпы жұмысына жоғары баға беріп, көңілдері толып қайтты. Ендігі жерде осыжүйелі үдерісті екпінді түрде ілгерілете беріп, дамудың үстіне дами түсу керек.
Просмотров: 1010 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 12/12/2009 | Комментарии (0)

Жуырда бастауыш сыныптар және жоғары буын оқушылары арасында негізгі пәндерден мектепішілік олимпиада өткізілді, соның нәтижесінде аудандық олимпиадада мектеп намысын қорғайтын кіші һәм үлкен оқушылар құрамалары анықталмақ.
Жақында "Жас ұлан" балалар ұйымына 5 сынып оұушылары салтанатты түрде қабылданды.
Просмотров: 981 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 08/12/2009 | Комментарии (0)

Сырттай бағалау белестері ТҰҒЫРЛЫ ТАБЫСТАР КӨКЖИЕГІНДЕ Қазақтың бас ақыны Абайдың «талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым» делінген бес асылын ту еткен Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары осы күндері аудан көлемінде де, аймақ көлемінде де түрлі бағыттағы жетістіктерге қол жеткізіп үлгерді. Айталық, қараша айының соңғы онкүндігінде Павлодарда өткен Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған облыстық «Атамұра» сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесінің «Ағаш, металды көркемдік өңдеу» номинациясы бойынша Павлодар облыстық білім беру басқармасы тарапынан 9 сынып оқушысы Мұғалімханов Жақсылық ІІ дәрежелі дипломмен, ал 7 сынып оқушысы Болатқожинов Ернұр қатысқашы үшін дипломмен, тоқыма номинациясы бойынша 9 сынып оқушысы Қыстаубаева Армангүл қатысқаны үшін дипломмен, ал осындай тамаша шәкірттерді дайындағаны үшін тәжірибелі ұстаз һәм хас шебер Асанов Қанат Қайроллаұлы Алғыс хатпен марапатталды. Желтоқсанның басында аудан орталығы Аққу мектебінде өткізілген 5 – 7 сынып оқушылары а ... Читать дальше »
Просмотров: 952 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 08/12/2009 | Комментарии (0)

Құрмет ЕРЕН ЕҢБЕККЕРЛЕР ЕЛЕНДІ Жақында ғана Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің мәжіліс залында «Бесқарағай-Әлкей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен һәм Қызылағаш ауылдық кеңесі әкімшілігінің мұрындық болуымен ауыл шаруашылық күні аталып өтті. Кезінде де, қазір де Бесқарағай ауылының даңқын еңбекпен шығаруға қажымас қайрат таныта білген қадірлі тұлғалар дәмді дастарқан басынан жиналып, жылы жүзді әңгіме құрап, бір жадырап қалды. Ауылдың көркейіп өсуі жолында, еңбегімен өрлеу шағында осынау ерен еңбек иелері аянып қалмады. Бойдағы да, ойдағы да барын салды. Сонысымен ел жадында мәңгіге қалды. Осы күндері еңбегімен танылып жүрген Әлдекенов Серікпай, Құмаров Ерсайын, Молдажанов Жеңіс, Гончаров Наталья Петровна және басқа да тұлғалар ауыл әкімі Мұқанов Ж.Н. қолынан Алғыс хаттармен салтанатты түрде марапатталды. Құттықтаулар легінде шек болмады. Өткен күндер де қимастықпен еске алынды. Сол сәттердің рухани қуаты болған әндер де шырқалды. Кезінде атақты шопан ... Читать дальше »
Просмотров: 1004 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 08/12/2009 | Комментарии (0)

Қауіпсіздік қамымен ЭВАКУАЦИЯЛАНУ ПЫСЫҚТАЛДЫ Сенбіде боран-бұрқасынға қарамастан әскери жетекші Қайдаров Н.Ш. жұмыс жоспарына сәйкес Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде шартты түрде болған өрт жағдайындағы жаппай эвакуциялану жаттығулары пысықталды. Сабақ үстінде оқыс соғылған ұзақ қоңырау үнін ести сала, оқушылар, мұғалімдер, басқа да қызметкерлер мектептің төрт есігінен қарлы далаға шапшаң жүгіре басып, бір жарым минөт шамасында түгелімен шықты. Әскери жетекші осынау жылдамдыққа, дереу қажетті қимыл-әрекеттер барысына жоғары баға берді. ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
Просмотров: 925 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 08/12/2009 | Комментарии (0)

Мектептегі спорт МАМАНМЕНЕН МАРҚАЯР ІС Баянды болашақ жолын айдан анық біле болжам, артынша осыны нақты қадам жасау арқылы іс жүзінде таныта білген маманға кім жетсін тегі. Баяхметов Назымбек Халелұлының спорт нұсқаушысы болып Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде қызмет жасай бастағаны кеше-ақ. Аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі тарапынан дене шынықтыру маманына еркін күрес секциясын ашып, жүргізу үлкен жауапкершілікпен тапсырылды. Себебі Назымбектің өзі баладай кезінен бастап осы күнге шейін күрестің осы түрін жетік меңгеріп, берісі облыстық, арысы республикалық деңгейдегі түрліше жарыстарда топ жарып, танымал болды да. Енді міне өз жанұясымен тұрып жатқан ауыл мектебінде өз қолынан жасөспірім палуандарды тәрбиелеп һәм дайындап өсіруге мүмкіндік алды. Қос білекті сыбана кіріскен спорт нұсқаушысы аудандық білім бөлімінен ресми рұқсат алғаннан соң, алғашқы бетте еркін күреске аса қажет жұмсақ маттарды жеткізіп, мектептің жаттықтыру залына жайғастырды. Одан кейін ... Читать дальше »
Просмотров: 1291 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 08/12/2009 | Комментарии (0)

Құрметті де қадірлі, қауым! Құрбан айт қабыл болсын! Аруақтар разы болып, тірілер байысын. Мәңгі өлмес жақсының аты һәм ғалымның хаты жолында жұлдыздарыңыз жанып, қадамдарыңызға гүл бітіп, жасаған жақсылықтарыңыз сауап болсын.
Просмотров: 1127 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 28/11/2009 | Комментарии (0)

Айтулы мерей бастамасы/ ДАНА БОЛСАҢ – ДАРА БОЛ/ Кімде-кімнің болсын өмірде адам баласы болып қалыптасуына негіз болатын, бачтау болатын һәм қайнар болатын орны болады. Ал осы күндері С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы факультетінде ерен еңбек жүрген және қисыны қиын осынау жолда филология ғылымдарының кандидаты, доцент атанған Түсіпова Қанипа Досжанқызы үшін Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің маңызы ерекше, себебі өзінің педагогикалық жолын кезінде осы білім ордасында қазақ тілі мен әдебиетінің қатардағы мұғалімі болып бастап еді. Облыс орталығындағы іргелі жоғары оқу орнына ауысқанына биыл жиырма жылдың жүзі болды. Оның үстіне Қанипа Досжанқызы келесі жылдың қаңтар айында, Аллаһ жазса, асқаралы алпыс жасқа толады. Жақында ғана Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде ұйымдастырылған кешенді шаралар осынау айтулы мерейдің нән бастамасы болып табылды. Шараның бірінші бөлімінде доцент 7, 9, 11 сынып оқушыларымен қазақ шешендік ө ... Читать дальше »
Просмотров: 1289 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 24/11/2009 | Комментарии (0)

Бесқарағай ЖОББ мектебі, 2009/2010 оқу жылы, 1 тоқсан, екпінді оқушылардың тізімі №оқушылардың аты-жөнісыныптары, оқыту тілібір-екі пәннен ғана «4» болса пәнді көрсету
1Аман Жүрсін2 сынып, қазақәдебиеттік оқу
2Шәріпов Нұрғиса2 сынып, орысқазақ тілі, орыс тілі
3Тиссен Галина2 сынып, орыс
4Қойкен Ақбота3 сынып, қазақ
5Болатқожин Ерден3 сынып, қазақ
6Мұрат Мират4 сынып, қазақорыс тілі, дүниетану
7Әлімбет Ақжол4 сынып, қазақ
8Молдажанова Камила4 сынып, қазақорыс тілі, дүниетану
9Увакова Алуа4 сынып, қазақ
10Жанпейісов Әнуар5 сынып, қазақ
11Оспанов Райымбек5 сынып, қазақ
12Уапов Арлан5 сынып, қазақ
13Молокова Александра5 сынып, орыс
14Жұмабекова Индира5 сынып, орыс
15Батырханова Әнел6 сынып, қазақ
16Жоламанова Нұргүл6 сынып, қазақ
17Мүсілім Мереке6 сынып, қазақ
18Садуақасова Айнұр6 сынып, қазақ
19Рыбалевская Яна6 сынып, орыс
20Смакотина Евгения6 сынып, орысматематика, география
21Аман Ерсін7 сынып, қазақ
... Читать дальше »
Просмотров: 1163 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 15/11/2009 | Комментарии (0)

Бесқарағай ЖОББ мектебі, 2009/2010 оқу жылы, 1 тоқсан, үздік оқитын оқушылардың тізімі №оқушылардың аты-жөнісыныптары, оқыту тілі
1Абжиков Диас2 сынып, қазақ
2Смакотина Светлана2 сынып, орыс
3Смакотин Игорь2 сынып, орыс
4Аубакирова Әйгерім4 сынып, қазақ
5Ерсайынова Гүлнұр4 сынып, қазақ
6Қыстаубаева Айдана4 сынып, қазақ
7Шаймұрат Айбарыс5 сынып, қазақ
8Белгібаева Орынгүл7 сынып, қазақ
9Омарова Арайлым7 сынып, қазақ
10Темірғалина Меруерт7 сынып, қазақ
11Тілектес Әйгерім7 сынып, қазақ
12Қазбеков Мағжан8 сынып, қазақ
Просмотров: 1136 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 15/11/2009 | Комментарии (0)

« 1 2 ... 244 245 246 247 248 ... 251 252 »