11:04
Жаңа оқу жылы қарсаңында

Кел, балалар, оқылық!

 

ШАҚЫР, БІЛІМ!

 

Шақыр, Білім, оқуға баланы!

Қоңырау сыңғыры шарласын қала, даланы.

Жазғы дәурен қалды артта,

Ендігі мән мектеп, Ұстаз, парта,

Заң, ереже, компьютер, қызықты карта...

 

Шақыр, Білім, баланы оқуға!

Сан ғылымды санасымен тоқуға.

Ұзақ ұйқы қимастай қол бұлғайды,

Талап пенен жауапкершілік ұлғайды,

Замана лебі ерен білімді талғайды.

 

Шақыр, Білім, баланы оята!

Игілік ісіңді жан-жаққа тарата.

Жазғы күндей ойын қуған жарамас,

Оқымаса, азамат деп ел қарамас.

Кел, балалар!

Ғылым игеруге тырмыс, жармас.

 

Шақыр, Білім, құдіретімен баланы!

Танып білсін асыл менен аланы.

Жақсылықпен ұлғайсын шәкірт санасы,

Мақтан етсін оқушыны ата-анасы,

Құрметтесін дарынды мектеп-панасы.

 

Шақыр, Білім, қоңыраудың шат үнімен!

Шарықтасын ұлылығың күні-түнімен.

Ерінбесін оқу қуған ұл-қыздар,

Үздік оқып, жарқырасын жұлдыздар,

Берсін білім жылы жүрек ұстаздар.

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 1039 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: