Х. ЕСЕНЖАНОВ / АҚ ЖАЙЫҚ

«Ақ Жайық» романдарында біздің көп әдебиетшілеріміз көрмей, ал көргендері онша мән бермей, сыншылдық пікірден қағыс қалған бір қызық характер бар.

Қажымұхан! Қажымұхан құлағы естіп, көзімен бәрін зердесіне түйіп алуға бар. Өйткені, артында ертең елге оралғанда аузына қарайтын дүйім жұрты бар. Сапарының жауаптылығын сезеді Қажекең. Осыншама халықты біріктірген беделді мәслихаттың төрағалары кімдер, көзін тігіп айтып шықшы деп қасындағы Хакім мен Оразды қолқалап қоймайды.

... Читать дальше »

Просмотров: 546 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 25/05/2021 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚ СЫНШЫЛАРЫНЫҢ ЖҮЙРІК СЫНАУ ҮЛГІЛЕРІ

Үшінші сын. КҮРЕҢБАЙ СЫНШЫНЫҢ ҮЛГІСІ (ХІХ ғасыр)

Жүйріктердің бас бітімі жай аттардың басынан ерекшеленіп тұрады. Қазақ жүйріктері тәует бас болып келеді. Құлағы тік, «қамыс құлақ» болғанда, жұтқыншағы қойдың жұтқыншағына ұқсайды. Мұны «қой жұтқыншақ» десе болады. Сағағы кең, үңірейіп тұрады, соған байланысты мұндай сағақты атты жұрт «үңгір сағақ» деп атайды. Ерні салбырап тұрады, ондай ерінді «салпы ерін» дейді. Бастың өзі кез жарым болса да, одан кесім ет шы ... Читать дальше »

Просмотров: 225 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 25/05/2021 | Комментарии (0)

70-ҚАДАМ: ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫН ПАЙДАЛАҢ

Әлеуметтік желілер қазір біздің өміріміздің бір бөлігіне айналды. Күніне әлеуметтік желіде 2-3 сағат  немесе 4-5 сағат немесе 6-7 сағат біре боламыз. Тіпті бізге ең жақын нәрсеге айналды.

Әлеуметтік желіде босқа пайдасын бермейтін нәрселерді қарап уақыт өткізгенше, оны өзімізге пайдалы қылып пайдалана аламыз ба?

Қазір Инстаграмда біздің ел бойынша 7 миллионнан астам кіреді екен. Бұл деге ... Читать дальше »

Просмотров: 239 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 25/05/2021 | Комментарии (0)

АШИНА ӘУЛЕТІНІҢ ШЫҒУЫ ТУРАЛЫ АҢЫЗ

Көк түркілері бір замандарда дербес әрі бейқам өмір сүріпті. Осы қамсыздығынан олар жапа шегіпті.

Бұл былай болған дейді. Бірде қамсыз, жайма-шуақ жатқан халыққа дұшпан күтпеген жерден шабуыл жасап, кәрі-жас, әйел-бала демей, қырып салады. Тек он жастағы баланы аяқ-қолын кесіп, мазақ етіп, ойран-топан болған жұртқа тірідей тастап кетеді... Бұл бала ақсүйек әулеттен, дұрысында ханзада болса керек. Әйтпесе, жаулар оны бірден өлтірер еді. Жаралы ұлды олар өлімге байлап, батпаққа тастайды. Бірақ Тәңір аяушылық етіп, оған қаншық қас ... Читать дальше »

Просмотров: 192 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 25/05/2021 | Комментарии (0)

НАМАЗ УАҚЫТТАРЫ НЕНІ БІЛДІРЕДІ?

Күнделікті бес уақыт намаздың әрбірінің уақыты өте маңызды жаңарудың бастауы болғаны іспеттес, Алланың ұлы билігінің айнасы. Сол билікке мойынсұнған күйде адамдардың баршасы белгілі бір уақыттарда әдеттегіден көбірек тәсбих айтып, тағзым етіп, шүкіршілігін білдірулері әмір етілген.

Апталық сағат бар деп елестетсек, оның секунд, минут, сағат және күндерді көрсететін тілдері бір-бірімен байланысты болатын болса, дәл солай Алла Тағаланың үлкен сағаты іспеттес бұл дүниенің секунды үкімінде болған түн менен күндіз, минуттары секілденг ... Читать дальше »

Просмотров: 219 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 25/05/2021 | Комментарии (0)

Анқаты – Батыс Қазақстан обл., Сырым, Ақжайық аудандарынан өтіп, Шалқар көліне құятын өзен, Ақжайық ауданындағы елді мекен аты. Сырым ауданында Есен Анқаты деп аталса, Ақжайық ауданындағы өзен аты Шолақ Анқаты аталады. Ал Анқаты елді мекені сол өзен атынан қойылған. Анқаты – Жымпиты атауы сияқты көне түркі, моңғол тілдеріне тән атау. Осы өзен атауының орта ғасырдағы араб саяхатшысы Ахмед Ибн Фадлан жазбасында кездесетінін ғалымдар сан рет айтқан.

Атаудың бірінші құрамындағы анга географиялық термин ретінде тұңғыс-мәньжүр, моғол тілдерінде бары және оның жеке топонимдік атау ретінде Байкал, Лена өңірінде кездесетіні жайлы да Э ... Читать дальше »

Просмотров: 219 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 25/05/2021 | Комментарии (0)